Сабақтың жоспары Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып



бет33/36
Дата15.04.2022
өлшемі480 Kb.
#456694
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
кәсіби қазақ тілі

Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру. «Даналық дарағы» ойынын ойнату. Тақырыпқа сай мақал-мәтелдермен жұмыс жасау.
ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ
ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық
Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Оқылым. Оқу мәтіндері:. Диалогтік мәтіндер. Айтылым. Жазылым. Тілдесім. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, себеп-салдар диалогтары.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:Сыныптағы оқушылардың өздері таңдаған тақырыбы бойынша сөйлесімі.


ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, бағалауға арналған тапсырмалар, , оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар.
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі:

  • Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

  • Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.



Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

  • Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  • ҚС байланысу формалар?

  • Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлері.

  • Себеп салдар құрмаласының жасалу жолы.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою
Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.


Көсемше де –етістіктің ерекше түрі.
Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте қолданылады.Іс-әрекеттің жай күйін білдіріп, пысықтауыш болады,жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп,баяндауыш болады. Көсемшенің жұрнақтары
1 -а, -е, -й Айт-а, кел-е-, сөйле-й
2 -ып, -іп, -п Айт-ып, кел-іп, қара-п
3 -ғалы, -гелі, -қалы, -келі Ал-ғалы, бер-гелі, бас-қалы, төк-келі
Көсемшенің –а,-е, -й және –ып,-іп,-п жіктеледі, -ғалы, -гелі,-қалы,-келі жіктелмейді(Ауызша бір-екі етістікті алып жіктету)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет