Сабақтың көрнекілігі: Абылай ханның портреті, тірек-кесте, үлестірме қағаздар, өлеңдер



Дата11.06.2016
өлшемі51.25 Kb.
#128753
түріСабақ
АБЫЛАЙ ХАН
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың Абылай хан туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан-жақты тарихи екенін таныту.

  2. Дамытушылық: оқушылардың танымдық ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік: оқушыларды туған елін қадірлеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Абылай ханның портреті, тірек-кесте, үлестірме қағаздар, өлеңдер.

Сабақтың әдісі: қысқаша баяндау, сұрақ-жауап, ізденіс, талдау, сыни тұрғыдан ойлау, топтау, Венн диаграммасы, хат жазу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Диагностика сәті. Қазақ халқының тарихқа танымал адамдары туралы ой қозғау.


  • Балалар, қазақтың атақты адамдары дегенде кімдерді естеріңе түсіресіңдер?

  • (ақындар, жазушылар, батырлар, билер, хандар,).

  • Балалар, енді Елбасы деген сөздің мағынасына көңіл аударайық. Ол кім?

  • Қазі біздің тәуелсіз Қазақстанда Елбасы кім?

  • Н.Ә.Назарбаев.

  • Өте жақсы.

  • Ал бұрынғы өткен замандарда елді басқаратын адам – хан деп аталған. Ал сол хандардың ішінде қазақ халқы үшін ең ардақтысы Абылай хан.

«Ұлы Абылай хан» өлеңі оқылады.

Ұлы Абылай хан ием!

Асқар таудай алып ең.

Қазағымдеп жанып ең,


Қазағымдеп налып ең;

Ұлы Абылай, хан ием!

Қорғаным ең, бағым ең.

Қаптап келген жауларды

Қалқан болып қағып ең,

Найзағай боп жарып ең,

Ұлы Абылай, хан ием!

Т.Медетпек.

ІІІ. Жаңа сабақ. Абылай хан.


  1. Кіріспе сөз (сабақтың мақсатын айтамын).

  • Ал, балалар, тарихтан сендердің мағлұматтарың бар. ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда қазақ халқының басынан ең қиын кезеңдер өтті- ол жоңғар шапқыншылығы болады. Сол жылдары елді біріктіріп, жауға ойсырата соққы беріп, халқын аман сақтап қалған елбасы – Абылай хан еді. (Абылай ханның портреті).

  1. Жаңа сөздермен жұмыс.

  • Балалар, кітаптағы Абылай хан туралы мәтінмен жұмыс жасау үшін, алдымен жаңа сөзбен танысайық.

  • Ілгерілеткен – тот кто двигает вперед

  • Ілгері – алға (жылжу, жүру)

  • Маңайына – төңірегіне – қасына – вокруг себя

  • Біріктіру – бір – (один, един) – объеденить

  • Тұтас – целый, тұтастық – целосность

  • Халықты маңына жинады.

  • Елді біріктірді.

  • Қазақтың жерін тұтас сақтап қалды.

ІV. Мәтінмен жұмыс. Бағытталған оқу.

  1. Оқушыларды 4 топқа бөліп оқытамын. Мәтіннің мағыналы бөліктерін ажырату, тақтадағы жоспар бойынша бөліктердің атауын табу.

Жоспар

  1. Абылай хан – батыл қолбасшы, шебер ұйымдастырушы, көреген елбасы.

  2. Ол көрші елдермен тату қарым-қатынаста болды.

  3. Абылай хан елді біріктіріп, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресті жеңіспен аяқтады.

  4. Абылай ханның есімі халықтың жүрегіне мәңгі сақталады.

  1. Мәтін бойынша сұрақ-жауап.

*Абылай хан кім?

*Ол қай ғасырда өмір сүрген?

* Абылай хан ұзақ жылдар бойы қандай сыртқы жаумен соғысты?

* Ол туған халқы үшін қандай маңызды істер атқарды?

- (үш жүзді біріктірді, көрші елдермен мәдени қарым-қатынаста болды, жауды жеңді, қазақтың елін, жерін аман сақтап қалды).

3.Келісу-келіспеу.

- Абылай хан жоңғарлармен соғысқа қатысқан жоқ.

- Келіспейміз. Ол соғысты өзі басқарды.

- Абылай хан қазақтың ақылдысы мен батырларын маңайына жинай алмады.

- Келіспейміз. Ол қазақтың атақты билері және батырларымен үнемі ақылдасып, кеңесіп отырды.

- Абылай хан қазақ халқының бағына туған хан болды.

- Келісеміз.

V. Ой толғау.

Топпен жұмыс

І топ. Топтастыру әдісі.

Абылай хан туралы тірек сөздер жинақтап, сөйлемдер құрастырады.

ІІ топ. Абылай хан туралы сұхбаттасу.



  • Сен Абылай хан туралы ең алғаш рет кімнен естідің?

  • Ұстаздардан (тарих, қазақ тілі)

  • Біздің қалада Абылай хан атында не бар?

  • Алматыда Абылай хан атында үлкен көше – Абылай хан даңғылы бар.

  • Абылай хан Ресей елімен қандай қатынаста болды?

  • Абылай хан Ресей елімен тату көрші болды.

  • Осы дәстүрді бүгінгі Қазақстанның Елбасы жалғастырып келе ме?

  • Иә, жалғастырып келеді. Екі ел үнемі тату, достықта өмір сүруде.

Бірін-бірі құрметтейді. 2004 жыл Қазақстанда Ресей жылы болды.

ІІІ топ. 5 жол құрастыру.



  1. Абылай хан.

  2. Көреген, ақылды.

  3. Күресті нығайтты, сақтады.

  4. Абылай хан жауды жеңіп, ел үмітін ақтады.

  5. Қолбасшы, елбасы.

ІV топ. Венн диаграммасы бойынша Абылай хан, Төле би, Қазыбек бидің ортақ сәйкестіктері мен айырмашылықтарын көрсету, түсіндіру.

І. Ортақ: Абылай хан, Төле би, Қазыбек би

А) үшеуі де тарихи тұлғалар;

Ә) үшеуі де жоңғар шапқыншылығы кезінде ел басқарған азаматтар;

Б) халық қамын ойлап, ел бірлігін сақтауға көп еңбек сіңірген қоғам қайраткерлері.

ІІ. Ерекшеліктері.



  1. Абылай хан ХVІІІ ғасырда өмір сүрген мемлекет қайраткері:

А) ол үш жүзді біріктірумен қатар, сыртқы саясатта көреген елбасшы болды;

Ә) көрші елдермен, Ресей, Қытай мемлекеттерімен тату қарым-қатынас жасады;

Б) жоңғарларды жеңіп, қазақтың елін, жерін, тұтас сақтап қалды.


  1. Төле би, Қазыбек би

А) ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген қазақтың ардақты ұлдары;

Ә) Абылай ханға ақылшы, кеңесші бола отырып ел бірлігін сақтауға көп күш салды;

Б) жоңғарларға қарсы халық майданын ұйымдастырды;

В) қазақ халқының біртұтас ел болуын келер ұрпақтарына аманат етті.

VІ. Ой қорыту.


  1. Абылай хан туралы өз ойларын қорытып жазады: «Абылай ханға бүгінгі ұрпақтарынан хат»

Хат (үлгі)

Құрметті Абылай хан!

Біз ХХІ ғасырдың жастары – Сіздің ұрпақтарыңызбыз. Сіз сондай қиын заманда дұрыс жол тауып, халқыңызды аман алып қалдыңыз, сонымен бірге, қазақтың ұлан-байтақ жерін тұтас сақтап қалдыңыз және жоңғарларды біржолата жеңдіңіз. Сіз өте данышпан адам екенсіз. Өйткені, сол кезге дейін басы қосылмай жүрген қазақтың үш жүзін біріктірдіңіз. Халқыңыз да Сізді сол үшін ардақтайды, Сізді ешқашан ұмытпайды.

Біз Сізді әрқашан мақтан тұтамыз.



  1. Не білдік?

Біз бүгінгі сабақтан Абылай ханның кім болғанын, өз халқы үшін қандай игі істер атқарғанын, қазақ тарихында оның ерекше хан екенін білдік. Сондықтан, Абылай ханның есімі халықтың жүрегінде мәңгі сақталады.

VІІ. Үйге тапсырма. Абылай хан туралы «Ер есімі – ел есінде» деген тақырыпқа эссе жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет