Сабақтың көрнектілігі: Күй жазылған таспалар. Дина, домбыра туралы фото суреттер


-Балалар сонымен Дина күйлерін қандай аспапта ойнаған?



бет2/3
Дата02.01.2022
өлшемі21.66 Kb.
#453293
түріСабақ
1   2   3
дина

-Балалар сонымен Дина күйлерін қандай аспапта ойнаған?

Осы домбыра аспабының шығу тарихымен таныстыра кетейін:

Баяғы бір заманда қазақ жеріне тұтқиылдан келіп жау шабады. Сол кезде елім деп еңіреп туған қазақтың жігіттері туған жерлерін қорғау үшін жаумен шайқасады. Олардың ішінде кең иықты ұзын бойлы батыр бірден көзге түседі.Ол аянбай жаулармен айқасып жауларын қырып салады өзі де әбден қалжырайды.

Ұзақ жол жүріп әбден қалжырап,қарны ашып келе жатқан батыр, жолшыбай ағаштың көлеңкесіне демалуға аялдайды.

Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң, талдан бір жуандау бұтағын кесіп алып, ойып аспап жасайды. Оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып тартып көреді.

Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді.Кенет ол бір дыбыстан оянып кетеді. Тыңдап қарасы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дыбыс екен. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Сол кезде батыр: «Е, бұл шайтанның ісі болды ғой»,— деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында, жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атайтын болған. Сөйтіп,домбыра деген аспабымыз осылай пайда болды деген де аңыз бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет