Тапсырма: «Салыстыру»
Қола дәуірінің мәдениеті:
|
|
Андрон мәдениеті
|
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
|
Табылған жері:
|
Оңтүстік-батыс Сібірдегі Ачинск қаласы маңынан Андронов қонысынан
|
Орталық Қазақстаннан
|
Зертелген жылы
|
1914ж
|
1946ж
|
Зерттеген ғалым
|
|
Ә.Х.Марғұлан
|
Табылған қорған обалар саны
|
150-ден аса
|
50-ден аса қорған
|
Адамзат баласының ой-санасы, өмір сүру тәжірибесі заман өткен сайын жетіліп отырды. Өндірісті игеру тәжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасты. Адамдар алдымен табиғатта кездесетін таза мыс қорытындысын пайдаланған. Осындай табиғи таза мыстан жасалған ұсақ құралдар: біздер, жебе ұштары, мыс тілікшелер энеолит дәуірінен кездеседі. Ал тотыққан мыс рудасынан металл қорыту қола дәуірінде басталды.
Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді, ол негізінен мыс пен қалайының қосындысынан алынады. Металл кеніштер қазіргі Зыряновск, Жезқазған маңайында, қарқаралы, Ақшатау тауларында болған. Қазақтың белгілі ғалымы Қ.И.Сәтпаевтың есебі бойынша, көне заманда Жезқазғаннан 1 миллион тоннадай кен өндіріліп, одан 100 мың тоннадай мыс қорытылған. Шығыс Қазақстанда нарым мен қалба кен орнында 1100 тонна қалайы шығарылған.
В) Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу.
Адам табиғи мысты пайдаланудан біртіндеп оны қорытуға көшті. Пешті жоғары температураға дейін жеткізе қыздыра алды. Онда кенді балқытты. Адамдар мыс рудасына қалайы қосу арқылы қола өндіруді үйренді. Қорытып жасалған еңбек құралдары тастай қатты, әдемі сары түсті болып келді. Қоладан жасалған бұйымдар тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын бірітіндеп ығыстырды. Бұл кезең тарихта қола дәуірі деп аталады.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.
А) Қола дегеніміз не, қандай металдардың қоспасы?
В) Қола дәуірінің ерекшеліктері?
С) Қоладан жасалған еңбек құралдар қашаннан бастап қолданыла бастады?
V. Қорытындылау. Біз бүгін сендермен адамзат тарихындағы тағы бір кезең – қола дәуірін қарастырдық. Қола дәуіріндегі жаңалықтар: матриархатттың құлап, патриархаттың орнауы, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері туралы жаңа мағлұматтар білдік.
ІV. Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау.
Сабақ жоспары
Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер
|
Сынып: 5 Б
|
Күні:
|
Достарыңызбен бөлісу: |