Сабақтың мақсат-міндеттері: Оқытушылық


Тақырыбы: Ежелгі адамдардың өмірі және Қола дәуіріндегі қазақстан



бет3/6
Дата11.09.2023
өлшемі74 Kb.
#477131
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Сабақ жоспары Қола дәуірі

Тақырыбы: Ежелгі адамдардың өмірі және Қола дәуіріндегі қазақстан


Сабақтың мақсат-міндеттері:
Оқытушылық – Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызды, қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.
Тәрбиелік – Адамзат дамуындағы ұлы жетістіктердің еңбектің арқасында келгендігін айта отырып, оқушыларды еңбекті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі екенін ұғыну.
Дамытушылық – Қола дәурінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, қола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артықшылығы түсініктері мен оның басқа металдардан артықшылығы мен ерекшелігін ашып көрсете білу, картинаның көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын анықтай білу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас дәстүрлі
Оқытудың әдісі: өз бетінше оқу, сұрақ-жауап, баяндау (әңгіме, диалог).
Көрнекілік: қосымша мәліметтер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабаққа оқушының назарын аудару
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен жылдың материалын қайталау.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
А) Андронов мәдениеті. Шаруашлығы мен кәсібі.
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері Андронов мәдениеті деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері Андроново деген селоның маңынан табылған. Бұл село Сібірдегі Ачинск қаласының жанында орналасқан. Сол селоның атына қарай бұл қола мәдениеті «Андронов мәдениеті» атанып кетті. Андрон тектес қола мәдениеті Орал (Жайық) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған. Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қазақстаннан 80-нен аса Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді. Олардың кейбірін ертедігі алғашқы қалалар деуге келеді. Мысалы, қазақстанның Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облысының шекарасында табылған Арқайымды ғалымдар қола дәуіріндегі қалаға ұқсатады. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы Петровка мен Боголюбов қоныстары орлармен және дуалдармен қошалған. Сондай-ақ ғалымдар Орталық қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән 30 қонысты, 150 обаны зерттеді.
В) Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған. Беғазы-дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі – обалар. Андроновтықтардың ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.
А) Беғазы мәдениеті мен Андронов мәдениетін салыстырындар?
В) Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?
С) Көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі туралы әңгімеле?
V. Қорытындылау. Біз бүгін сендермен адамзат тарихындағы тағы бір кезең – қола дәуірін қарастырдық. Қола дәуіріндегі жаңалықтар: матриархатттың құлап, патриархаттың орнауы, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері туралы жаңа мағлұматтар білдік.
ІV. Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет