Сабақтың мақсат-міндеттері: Оқытушылық



бет4/6
Дата11.09.2023
өлшемі74 Kb.
#477131
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Сабақ жоспары Қола дәуірі

Сабақ жоспары



Пән: Қазақстан тарихы

Сынып: 6

Күні:

Сабатақырыбы: Беғазы-Дәндібай мәдениеті


Білімдік – Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпаларының мекендеген аймағы, өмір тіршілігі мен шаруашылығы, мәдениеті, саяси тарихы және т.б. деректермен таныстыру.
Тәрбиелік – Беғазы-Дәндібай мәдениетінің өркениетке қосқан үлесін анықтау, оқушының отаншылдыққа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық – Қола дәуірі тайпаларының мәдениетін салыстыра отырып, ортақ белгілерін, айырмашылығын тани білуге, картамен жұмыс істеуге үйрету, ой қорыта білу қабілетін дамыту.
Сабақ түрі: Аралас
Әдісі: Өзбетімен оқу,талдау


Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өткен жылдың материалын қайталау.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
А) Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Шаруашылығы мен кәсібі.
Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған. Беғазы-дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі – обалар. Андроновтықтардың ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары.
А) Беғазы мәдениеті мен Андронов мәдениетін салыстыр?
В) Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?
С) Көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі туралы әңгімеле?
V. Қорытындылау. Біз бүгін адамзат тарихындағы тағы бір кезең – қола дәуірін қарастырдық. Қола дәуіріндегі жаңалықтар: матриархатттың құлап, патриархаттың орнауы, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері туралы жаңа мағлұматтар білдік.
ІV. Үйге тапсырма. Жаңа тақырыпты қайталау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет