Сабақтың мақсаты : оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту



бет2/54
Дата06.03.2024
өлшемі0.69 Mb.
#494539
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
5-8 ата анаға педагогикалық көмек

Сабақтың ұзақтығы – 60 мин.



Хроно-метраж

Мазмұны

Ресурстар




ТАҚЫРЫП: Баланың бас ұстазы – ата-ана.


Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу


СҰРАҚТАР:

  1. «Позитивті ата-ана болу» дегеніміз не?

  2. Позитивті ата-ана болудың қағидаттары мен ережелері қандай?

  3. Позитивті ата-ана болудағы тәрбие әдістері, тәсілдері қандай?

  4. Позитивті болу үшін ата-ана қандай ішкі ресурстарға ие болуы керек?







5-7 мин.


3-5 мин.

3 мин.


Құрметті ата-аналар! Біздің сабағымыздың тақырыбы –позитивті ата-ана болу.

Біз әңгімемізді өте маңызды тақырыптан бастаймыз – қазіргі жасөспірімдер қандай? Біздің балаларымыздың осы қалыптасу кезеңінің жас ерекшеліктері қандай?


Физикалық ерекшеліктері
Бұл жаста өсу тез болса да бәрі тегіс бола бермейді. Сондықтан жасөспірім тез шаршайды, икемсіз болады, өзін ыңғайсыз сезінеді. Жыныстық жетілу белгілері пайда бола бастайды, қарама-қарсы жынысқа қызығушылық танытады. Ересектер кейде бұл жағдайды жалқаулық деп санаса, ал бұл ағзаны шамадан тыс шиеленістен қорғаудың табиғи тәсілі екен.


Зияткерлік ерекшеліктері
Жасөспірімнің ойлау қабілетінде өзгерістер болады. Олар құр сөзге иланбайды, фактілер мен дәлелдерді талап етеді, бәрін сынға алады. Әсіресе беделі жоғары адамдарға сыни түрде қарайды. Басқалармен бірдей сенімдерді бөліскенді ұнатпайды. Ол үшін оның қалауына қайшы келетін ойларды қабылдау қиынға соғады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет