2 – жаттығу «Белсенді тыңдау»
Белсенді тыңдау диалогқа қосылуды және сұхбаттасушының сөздеріне нақты реакцияларды қамтиды. Жаңа ғана танысқан кейбір амалдарды қолданып корейік.
Жұптарға бөлінеміз. Жұптың бір мүшесі – жасөспірім рөлінде, екіншісі – ата-ана рөлінде. Жұптың бірінші нөмірлері қандай да бір мәселе туралы айтады. Мысалы, «менің жақсы достарым жоқ». Екінші нөмірлердің міндеті – белсенді тыңдау әдістерін қолдана отырып, сұхбаттасушының мәселесін ашып шешу.
Талқылау 3 минутқа созылады, содан кейін қатысушылар рөлдерін ауыстырады. Жұппен жұмыс істеу аяқталғаннан кейін қатысушылар пікірлерден алған әсерімен бөліседі.
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Сізге не қызығырақ болды – мәселеңіз туралы айту ма немесе сұхбаттасушының өз мәселесі туралы айтқанын тыңдау ма?
2. Тыңдау оңай болды ма? Сөйлеу ше?
3. Диалогта қандай амалдарды қолданып көрдіңіз?
4. Жұппен жұмыс жасау қаншалықты ыңғайлы болды? Әңгімелесушілер арасында байланыс орнатылды ма?
5. Жасөспіріммен диалогта сенімді байланыс орнату үшін ата-ана қандай қасиеттерге ие болуы керек?
|