Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Этнология, антропология, дүние жүзі тарихы
Қолданылған әдебиеттер: Қазақстан тарихының очеркі. Алматы; 1993 ж.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
А) Оқушылармен амандасу
В) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау
С) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І. «Менен сұрақ , сенен жауап»
1. Ертедегі адамдар қандай кәсіптермен айналысты?
(аңшылық, терімшілік)
2. Жиі – жиі қоныс аудару алғашқы адамдар тіршілігіне қандай өзгерістер әкелді?
(жаңа жерлерді игерді. Ой - өрісі жетіле түсті)
3. Ежелгіі адамдар қандай жерлерге қоныстанған? (табиғи үңгір, тау шатқалында)
4. Адамдар тіршілігінде қандай қиындықтар кездесті? (аяздан тоңды, тамақ жоқ болды, ауру – сырқау көбейді, жабайы аңдар шабуылы)
5. Ежелгі адамдар қандай жетістіктерге жетті?
(еңбек құралдарын жасады: шапқы, қырғыш , шоқпар , киім киді, от жақты, аңды қолға үйретті, топ – топ болып өмір сүрді.
6. Алғашқы адамдардың өмір сүрген жасы? (30 -40 жас)
7. Қазақстан жерінен ежелгі адамдардың сүйектері табылды ма? (Сүйегі табылған жоқ)
8. Ежелгі тас ғасырын қалай атады?
( палеолит)
9. Ежелгі тас ғасыры нешеге бөлінеді. (2- ге бөлінеді 1- төменгі кезең. 2- жоғарғы кезең.)
10. Ежелгі тас ғасыры адамдары немен қоректенді? (дәнді дақылдар, жеміс – жидектер, аңдардың еті
Достарыңызбен бөлісу: |