Арамдықтан аулақ болуға былай дейді:
Арам жеген әкімдер, құныққандар параға,
Өз бармағын тістелеп, өкініш отқа жанбақшы.
Жастарға еріншек болма дейді:
Еріншек болмай оқуға, алыңдар білім кеңінен,
Жоққа, әрине, дауа жоқ, бардың жолын табыңдар.
Дүние-мүлік үшін арыңды сатпа:
Дүние мүлікке құмартып, жаһан малын жиғандар,
Құзғын жемін жегендер арамға әбден батпақшы.
Менмен болсаң, тамұқ күтіп алар алда,
Тәкаппардың халі ауыр, дозақ ол да.
Алланың ақ жолын мойындаудан қашық бол:
Өз көркіңе өзің мәз бола берме,
Өзіңе-өзің сұқтанғанның сірә, жөн бе?
Алланы айтып тәуба қылғын, жөнге кел де?
Түн ұйқыңды төрт бөліп алдыңды ойла.
Сондай-ақ Түркістан қаласынан ашылған университетке Қожа Ахмет Ясауи аты берілуі ұлы бабамызға деген үлкен құрметтің белгісі болса керек. Бұл кейінгі ұрпақ парызы. Күллі түркі тілдес халықтарды әлеуметтік-саяси, даналық оймен тамсандырған Ахмет Ясауи Қазақстан діни ілімі тарихынан тиісті орнын алатыны сөзсіз. Оның мұрасын танып-білу, зерттеу, оны қоғам игілігіне пайдалану, Қазақстандық дінтанушылардың өзекті мәселесі болып отыр.
Сабақты бекіту.
Ой толғау эссе жазу:
“Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақыт құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр” деген сөздеріне орай өз пікірім………”
Сабақты қорытындылау.
Қорыта келгенде,Қожа Ахмет Яссауи :
-Халқыңа,еліңе әділ бол,жаныңды Отан құрбаны қыл;
-Қолыңа түскенді жоқ-жітіктен аяма,жомарт бол;
-Дүниеқұмар,боққұмар,пейілсіз болма.
-Қанағат,рақым сақта;
-Үлкен сөзін,ғұлама сөзін,ұстаз сөзін,ақылдарын екі кетпей тыңдап,ұғын,нағыз тура жол осы,-дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |