Сабақтың мақсаты: білімділік сал-серілер туралы танымдарын тереңдету


Өз бетімен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар



бет5/7
Дата03.01.2022
өлшемі130 Kb.
#451190
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Табиғат Құя салған Құйма Талант

Өз бетімен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар:

1-деңгей. Сегіз сері сол кезеңде болып жатқан қоғамдағы саяси-әлеуметтік өзгерістерге күрескер ақын ретінде қатысты ма?

2-деңгей. Қандай күрескер ақындардың ісін жақтап, оларға арнау жырларын шығарған?

3-деңгей. Өз заманының қайраткері, әлеуметтік теңсіздікке деген наразылығын дәлелдейтін - патша үкіметіне қызмет етуден бас тартып, қашқындық өмірді бастан кешуі.

Шағын пікірсайыс ұйымдастыру.Сұрақ: Патша үкіметіне қарсы шығып,қашқындық жолға түсуін ақтай аласыңдар ма?

Жауап: (Иә)

1.Патша үкіметінің әділетсіздігі, отарлау саясаты (мысал арқылы дәлелдейді).

2.Әлеуметтік теңсіздікке деген наразылық (мысал арқылы дәлелдейді).

Омбы қаласындағы әскери офицерлер даярлайтын училищені тәмәмдаған. Демек, Шоқан деңгейіндегі білім өресі бар. Білімін Шоқан секілді қиындықпен күресе жүріп ел қажетіне жаратуға болар еді.



Қосымша дерек.Сегіз сері Исатай мен Махамбетті өзіне аға тұтып, қатты қадірлейді, екеуінің ханға қарсы ерлігін жырға қосып, «Исатай-Махамбет» атты дастанын шығарады.

Сегіз сері қос тарланға дастан ғана емес, сонымен бірге «Қос қырын» атты күйін де арнайды. Осы күні «Қос қырын» күйін некен- саяқ орындайды. Сегіз сері «Қос қырын» күйінен басқа да, «Қайран, Арқа», «Дабыл», «Садақ», «Жебе»,«Көк Найза», «Тарғыл бұқа», «Ақбас атан», «Алмас қылыш», «Бозшұбар», «Жорық» атты күйлерінің авторы екені де белгілі.

Сегіз серінің өмірде болғанын төмендегі ақындардың өлеңдерінен байқауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет