Сабақтың мақсаты: кәсіпкерлік бастаманың табыстылығы мен идеяның ерекшелігі қалай байланысатынын түсіну



бет2/4
Дата23.09.2023
өлшемі60 Kb.
#478417
түріСабақ
1   2   3   4
0107. Кейс Rocket Study каз

1-тапсырма.
Өз орталығын ашу үшін Арсланда қандай ресурстар болғандығы туралы ойланып жауап беріңіз.
Орталықты ашу үшін Арслан қажетті ресурстар: 1. ең аз жабдықтармен–парталар, үстелдер, тақта, компьютер және принтермен жабдықталған сабақ өткізуге арналған ғимарат ; 2. адамдардың оның орталығы туралы танып білетін жарнама. Ол өзінің тиімділігін дәлелдеген әдістеме бойынша сабақ бере алды (Арслан өз емтиханын сәтті тапсырып, американдық ЖОО-ға грантқа түсті).
2-тапсырма.
Қолда бар ресурстарға ие бола отырып, Арслан қалайша аталған мәселелерді (ғимарат, жабдық, жарнама) шеше алды?
Арслан үлкен бөлме іздемеді, онда жөндеу жасап, мұғалімдерді іздемеді. Ол "ұқыпты стартап" әдісі бойынша әрекет етті: айына 40 000 теңгеге көлемі 10 шаршы метр бір бөлмені жалға алды, 4 000 теңгеден екі қолданыста болған ескі партаны, 2 000 теңгеден 4 орындық сатып алды. Тақта, компьютер және принтерді үйден алды. Ол өзі сабақ бере алды. Осылайша, ол 56 000 теңгеге сабақ өткізуге қажетті барлық нәрсеге ие болды.
Әрине, оқушыларға кең кеңсеге келіп, әдемі бөлмеде оқығаны жақсы. Бірақ олар келетін басты өнім – ол ағылшын тілінде еркін сөйлеуге, сапалы және практикада қолдануға мүмкіндік беретін тілді меңгеру болды. Егер олар қажетті білімдерін ала алатын болса, олар риза болып, міндетті түрде қайта оралып, таныстарын шақырады. Сондықтан прототип (бастапқы) кезеңінде өз өнімін сынау қажет. Біздің жағдайда бұл ағылшын тілі сабақтары. Егер өнім (бизнес) сәтті болса, оқушылар саны өсіп, капитал пайда болады, келесі қадам оқу кеңістігін ұлғайту, ғимаратты жөндеу және т. б. болуы мүмкін
Келесі қадам оқушыларды іздеу болды. Арслан өзінің принтеріне жарнама парақшаларды басып шығарып, оларды қала көшелерінде тарата бастады. Тіпті парақшаларды тарату әрдайым ұнай қоймаса да, Арслан өзін: "ыңғайсыздық – бұл уақытша, ал жеңіс мәңгі болады" деп өзіне жігер беріп отырды. Осылайша, ол студенттердің қажетті санын тарта алды. Сабақтар басталды. Оқушылар Арсланмен айналысуды ұнатты, өйткені сабақтар қызықты өтті және тілді меңгеру бірден байқала бастады.


3-тапсырма.
Арслан осы кезеңде өз бизнесін дамытуды жалғастыруы мүмкін деп ойлаңыз. Ол тағы не істей алады?
Жарты жыл өтті. Оқушылардың саны көбейе берді. Арслан өз клиенттерінен алатын пайдасы оның уақыты мен сынып сыйымдылығымен шектелетінін түсінді – ол аптасына көп сабақ жүргізе алмады – оған уақыты жетпеді.
Сол кезде кеңсе 10 шаршы метрден 40-қа дейін ұлғайтылып, Арслан өз әдістемесімен сабақ жүргізе алатын басқа оқытушыларды іздеуге кірісті. Оқытушыларды іздеу үшін ол HeadHunter сайты мен таныстардың ұсыныстарын қолданды.
Rocket Study мектебі өсті. Енді онда жүздеген оқушы оқып, 10 оқытушы жұмыс істеді.
Арслан басқалармен салыстырғанда оның мектебі шешетін бірнеше мәселелерді тұжырымдады.
1 мәселе. Егер тілді үйренгісі келетін, курстарға жазылған оқушыларда мөлшерленбеген жұмыс кестесі болса, олар сабақты жиі жіберуге мәжбүр болады. Нәтижесінде олар басқа оқушылардан артта қалып, үлгермегендіктен курсты аяқтамай тастап кетеді.
2 мәселе. Емтихандарға тез дайындалғысы келетін оқушыларда тілді ұзақ теориялық оқуға уақыт жоқ. Оларға практикалық шешім қажет.
3 мәселе. Оқушылардың көбісіне әдетте өте қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже алу керек. Курстар, әдетте, ұзақ мерзімге созылады.
4 мәселе. Жиі курстар жаңа сөздерді жаттаумен айналысады. Нәтижесінде оқушылардың іші пысып, олардың қызығушылығы жоғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет