Сабақтың оқу мақсаттарын қою кезінде оқытушылар төмендегі талаптарды ескеру керек. Оқыту нәтижесі үшін не зерттелетінін, оның неліктен маңызды екенін және тыңдаушылардың алған білімдерін пайдалану шеберлігін қалай дамытып, көрсететінін анықтайды.
>
<
<
Оқыту нәтижесі тыңдаушылардың зияткерлік деңгейін ескере отырып айқындалу қажет.
Сабақ мақсаттарына сай оқу нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған, тыңдпушылардың ойлауы мен белсенділігін көтермелейтін, өзара оқыту үшін мүмкіндіктер туғызатын тапсырмалар мен қызмет түрлері жоспарланып, қолданылады. Тыңдаушылардың әрқайсысы үшін тиісті қиындық пен қолдау деңгейін жасау үшін қолданылатын оқыту стратегиялары мен тәсілдері олардың жеке және кәсіби қажеттіліктеріне сәйкес келу керек. Әрбір тапсырмадан кейін кері байланыс ұйымдастырылып, оқытушы мен тыңдаушы арасында диалог жүргізу – оқу сапасын арттырады. Оқыту үдерісінің өн бойында саралау тәсілдерін қолдану арқылы, тыңдаушылардың білімге қол жетімділігін қамтамасыз етеміз.
Әрбір тапсырамадан кейін қалыптастырушы бағалау түрлерін қолдану міндетті болып қарастырылады. Себебі, бағалау - тыңдаушылардың білімді меңгеру деңгейлерін анықтайды. Сонымен қатар, бір-біріне сындарлы ұсыныс беруді ұйымдастырады. Оқуды тұрақты бақылау жүзеге асырылып, оның ішінде тыңдаушылар тарапынан оқытудың нәтижесіне қол жеткізу дәлелдерін алу үшін белгілі бір стратегияларды енгізу керек
Оқытушы оқыту үдерісінде -барлық тыңдаушылар үшін қауіпсіз және қолжетімді оқу кеңістігін құруы қажет. Оқытушы - оқушылардың сабақ тақырыбына қызығушылығын оятатын және сұрақтар мен диалог арқылы бір-бірін қызықтырып, туғыза алатындай белсенді оқыту және ынтымақтастық технологияларын қолдана отырып, оқу процесін жүзеге асырады.
Оқыту үдерісінде рефлексия жасаудың маңызы зор. Оқыту үдерісі аяқталар кезеңде тыңдаушылар өзін-өзі бағалау арқылы рефлексия жасайды. Яғни, жаңа тақырыпты қаншалықты түсінді, оқу мақсатына қол жеткізе алды ма? Тағы қандай көмек, қолдау қажет екендігін анықтайды.
Ал, оқытушы рефлексия жасайды, табысты оқытуға қол жеткізе алды ма? Болмаса, қолданылған амалдар тыңдаушылар әлеуетіне сай келді ме? Немесе, келесі жоспарға қандай өзгерістер енгізу қажет екендгі туралы ойланады. Жалпы, рефлексия дегеніміз- ойлау туралы ойлану.
Рефлексия – бұл қазіргі заманғы педагогика ұмтылатын жаңа нәрсе: ғылымға емес, оқып білуге үйрену. Рефлексия балаға өткен кезеңді түсініп қана қоймай, логикалық тізбекті құруға, жаңа білімді жүйелеуге, оның жетістіктерін басқа студенттердің оқушылардың жетістіктерімен салыстыруға және өзінің білім деңгейін көтеруге көмектеседі
Достарыңызбен бөлісу: |