Рефлексия дегеніміз не?
Сөздіктер нақты анықтама береді: рефлексия – бұл өзін-өзі талдау, «өз ішіне үңіліп» өзін-өзі бағалау. Сөздіктерде «рефлексия» сөзіне келесі түсінік берілген. Бұл өзінің ішкі күйі туралы пайымдау, өзіндік талдау жасау (С. И. Ожегов, Н.Ю. Шведованың түсіндірме сөздігі). Шетелдік сөздердің қазіргі сөздігінде рефлексия күмән, қарама-қайшылыққа толы рефлексия; өзінің психикалық жағдайын талдау.
Сабақтарға сілтеме жасай отырып, рефлексия дегеніміз – бұл оқушылар өздерінің жай-күйін, эмоцияларын, жеке іс-әрекетінің нәтижелерін тәуелсіз бағалайтын сабақ кезеңі.
Қазіргі педагогикада рефлексия іс-әрекеттің және оның нәтижелерінің өзіндік талдауын білдіреді. Осылайша, рефлексия оқушыларға алынған нәтижелерді тұжырымдауға, әрі қарайғы жұмыстың мақсаттарын анықтауға және олардың білім беру жолдарын түзетуге көмектеседі.
Сонымен қатар, бұл жұмысты орындау ғана емес, оқушыны ішкі өзін-өзі тануға дайындау, оның ішкі жағдайы туралы ойлауға үйрету маңызды. Оның алдында мынадай сұрақтар тұруы керек: «Сіз неден бастайсыз?», «Мен не білемін?», «Мен жаңа не нәрсені үйрендім?», «Мен жаңа білімді қалай және қандай тәсілмен алдым?», «Қандай жеке қасиеттер сабақта маған көмектесті немесе маған жетістікке жету үшін не кедергі келтірді?»,«сабақтың қай сәтінде мен жағымды эмоциялар алдым?»,«қандай жаттығулар кезінде мен өзімді ыңғайсыз сезіндім?».
Бұл жағдайда рефлексия – нәтиже ғана емес, сонымен қатар жаңа білім беру іс-әрекеті мен мақсат қоюдың бастапқы буыны болып табылады.
Ал, Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Қорыта айтқанда
Достарыңызбен бөлісу: |