Сабақтың мақсаты: Шошқалардың биологиялық қасиеттері: жыныстық жетілуі, көбею, өнімділік, ас қорыту ерекшеліктерімен танысу



бет2/5
Дата22.09.2023
өлшемі38.21 Kb.
#478352
түріСабақ
1   2   3   4   5
Шошқаның биологиялық және шаруашылық ерекшелігі

Төлдің ірілігі. Бұл көрсеткіш бойынша екі түсінік бар.
1) мегежін төлдерінің ірілігі жалпы ұядағы жаңа туған торайлардың орташа салмағы.
2) Жаңа туған торайлардың ірілігі (жеке торайдың тірілей салмағы). Шошқаның көптілділігі мен төлдерінің ірілігі арасында айырмашылық өте көп емес, яғни 12-15 торай туғанда олардың тірілей салмағы 1200 г-нан 1035 г ғана төмеңдейді. Сондыктан төлдің ірілігі мегежіннің жасына және тұқым ерекшелігіне байланысты. Осы бір өсіп-өну белгісі өзгеру және тұқымқуалаушылық коэффициентінің төмендігімен ерекшеленіледі. Дегенмен олардың салмағы ұядағы торай санымен, мегежіннің тірілей салмағы және азықтандыру жағдайына тікелей байланысты.
Жаңа туған торайдың 1/120 —1/250 аналықтың салмағын құрайды. Бір ұядағы торай салмағы 0,7-2 кг дейін ауытқиды, бірақ құнды қоректік заттармен азықтандырып, күтіп-бағу жағдайы жасалынса, олардың қарқынды өсуі бірте-бірте теңеленеді. Шошқа шаруашылығы мамандарында мынандай ойлар бар, яғни тірілей салмағы төмен торайлар туғаннан соң өліп қалады, себебі олар физиологиялық ауыткуымен туады деген.
Әрине бұл ой теріс деп есептелінеді. Себебі, торайлар салмағы 0,8 кг-нан төмен болғанның өзінде ағзаның бүкіл жүйесі біркелкі істейді, тек бұлшық етгері дамымайды.
Үлкен күнделікті ет өндіретін кешендерде торайлардың әртүрлі салмақпен тууы, еңбек шығынын көбейтіп, біркелкі торайлар ұясын жасауды қиындатады. Олардың біркелкі өсуі кейінгі этаптарда сақталынады. Сондықтан, ұяны теңеструге көп көңіл бөлген жөн, себебі бұл белгі мегежіннің ең керемет қасиеті.
Көптөлділіктің пен іріліктің биологиялық ерекшеліктері мыналар болып табылады.
Буаздылықтың оныншы күнінде буаз аналықтардың қанының сары-суында альбумин құрамының көбеюі (Л.А.Ильченконың —1966ж). Американ зерттеушілері Д. Целлер мен H.Хэбуер аналық шошқаның көптөлділігі орташа былай болатынын анықтаған: ұсақ 5-6 торайлы, орташа 6-7 торайлы, ірі 7-8 торайлы. Тұқымның ірі болуы өнімділіктің баска бір көрсеткіші және ол торайдың туған кезіндегі салмағымен анықталады. Аналықтың ірі төлдеуінде тұкымқуалаушылық қасиет анағұрлым төмен болып келеді. Сондықтан да аналықгардың ірі төлділігі жөніндегі селекциялық биология негізі аса мықты емес. Торайдың туған кездегі тірі салмағы олардың ары қарай өсуінде үлкен маңызға ие. Төлдің салмағы неғұрлым өскен сайын, оны ұстау және қалпына келтіру үшін соғұрлым мол энергия жұмсалатыны анықталған. Туған кездегі салмағы неғұрлым ірі торайлар, өсіру мен жемдеу кезінде соғұрлым мол қосымша салмақ береді. Ал, жеңіл салмақтылардың арасында емшек еметін торайлардың 9%-ның орнына 40%-ға дейін үлкен айырмашылық болатыны байқалған. Қалыпты дамыған торайлар әдетте туған кезінде 1 - 1,5 кг салмақ тартады. Оның үстіне ірі төлділік көптөлділікпен теріс байланыста болады. Зерттеулерге қараганда салмағы 800 г болатын торай, аналықтардың 9-12 торайлар болатын ұяларында 10-12%-ға дейін кездеседі.
Тәжірибеде жеңіл салмақтылық, жетілмеушіліктің белгісі емес екенін ескеру керек. Женіл салмақты торайлардың барлық ағзалары мен жүйелері қалыпты дамыған, қолайлы жағдайда олар ауыр салмақты торайларды салмағы жағынан қуып жетеді. Жаңа туған торайлардың салмағы бұлшық ет ұлпаларының жетілмеуі салдарынан болады. Ал, басқа органдары қалыпты дамиды. Торайдың бұлшық ет ұлпаларының жетілмеуі күнделікті рационда протеиннің жетіспеуіне байланысты болады. Жеңіл салмақты торайлар тезірек салмақ қосу үшін, 12-ден артық торай болған жағдайда алғашқы екі-үш сорғаннан кейін ауыр салмақты торайларды енесінен жерітіп, өсіру үшін оларға бөлек жағдай жасайды.
Көпторайлаған жағдайда бұл шараларды ұяларды теңгеруі арқылы іске асыруға болады. Торайдың одан арғы өсіп-өнуі оның туған кездегі салмағына байланысты. Профессор А.П.
Редькиннің (1953) мәліметтеріне қарағанда торайдың туған кездегі тірі салмағы оның дамуына байланысты екендігін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет