Сабақтың мақсаты: Шошқалардың биологиялық қасиеттері: жыныстық жетілуі, көбею, өнімділік, ас қорыту ерекшеліктерімен танысу



бет3/5
Дата22.09.2023
өлшемі38.21 Kb.
#478352
түріСабақ
1   2   3   4   5
Шошқаның биологиялық және шаруашылық ерекшелігі

Торайдың туған кездегі салмағы

р/н

Аты

1 ай

2 ай

3 ай

4 ай

1

Торайлар

5-8 кг

12-16 кг

35-40 кг

42-44 кг

Мегежіннің сүттілігі. Шошқа сүтінің мөлшері мен сапасы сүт бездерінің жұмыс істеу қабілетіне тығыз байланысты. Сүт бездерінің жұмысы малдың жеке басының ерекшелігіне, мегежіндерді тууға дайындау, гипофиз гормондарының кабілетіне, азықтаңдыру мен ұядағы торайлардьщ санына байланысты. Шошқаның сүт беру мерзімі 60 күнге созылады.
Осы уақытта мегежін 200-220 кг кейбіреулері -350 кг бөледі. Ең сүтті көп бөлу 15-20 тәулікке сәйкес келіп, тәулігіне 7-8 кг сүт бөле алады. Бірінші күні мегежін бір емізгенде 150-500 г уыз бөледі. Мегежіннің сүттілігін ертеде бір ұядағы торайдың салмағымен 30 күңдігі есептейтін, ал қазір 21 күндігінде анықтайды. Үлкен шошқа кешендерінде торайларды енесінен 26 күнінде айырады. Әр торайдың салмағы осы жаста 6 кг тарту керек, ал бір ұядағы салмағы 50-60 кг тартады.
Асылдандыру фермаларында ұядағы торайлардың тірілей салмағын 2 айлығында анықтайды. Шошқаның сүттілігі ең керекті селекциялық белгілердің бірі болып есептелінеді, еметін торайлардың келешектегі өсіп-даму осы көрсеткішке тығыз байланысты.
Төлді қарқынды түрде өсіру үшін мегежіннің сүтті болуының айрықша маңызы бар. Сүтті бөлу ерекшелігіне орай мегежіннің сүттілігің есептеп отыру әдісінің қиындықтары бар.
Әдеттегі әдіспен, яғни сауу әдісімен есептеу мүмкін емес, мегежіннің желінінде цистерна жоқ. Түзілген сүт емізу аралықтарында альвеолдарға, яғни шығу жолдарына жинақталады. Ему аралықтарындағы белгілі бір сәттерде альвеолды қоршаған клеткалар жиырылып, сүт ағу жолымен сыртқа қарай күшпен ағып кетеді. Мегежіннің сүт беретін сәтінде торайды емшектен тарту арқылы химиялық анализ үшін шамалы порция алуға болады.
Лаборатория жағдайында гормондарды енгізу жолымен мегежіннің бар сүтін сауып алуға болады. Бірақ бұл тек эксперимент жағдайда мүмкін. Торайларды тәулік бойына емізік және емгеннен кейін өлшеп отыру әдісінің жұмысы көп болғанымен мейлінше дәл әдіс деп есептелінеді. Лактация кезеңінде осылай 6-12 ретке дейін өлшеуге болады. Өндіріс жағдайында мегежіндердің сүттілігін олардың ұясыңда өсірілген 21 күндік торайдың салмағына шартты түрде теңестіреді. Шошқа сүтінің құрамы басқа жануарлардыкіне қарағанда елеулі түрде ерекшеленеді. Биохимиялық құрамы жөнінен шошқа сүті сиырдікінен әжептәуір айрықшаланады. Онда құрғақ заттар 1,5 есе көп, белоктар лактозадан молырақ.
Осының бәрі төлдің қарқынды түрде өсуіне тікелей байланысты. Әсіресе торайдың алғашқы күндерінде иммунобиологиялық роль атқаратын белоктар санының молдығымен шошқа уызы ерекшеленеді. Орташа алғанда аналықтар лактация кезінде 200-250 кг сүт, ал жақсылары 350 кг-ға дейін, яғни тәулігіне 5-6, тіпті болмаса 8 кг-ға дейін сүт береді.
Шошқаның бағалы ерекшелігі, оның дүрыс қоректенген және күтіп-бағылған жағдайында жылына 2 және одан да көп төлдеуі болып табылады. Мұнын өзі жылына 18-24 тірі торай немесе 1,8-2,5 т ет деген сез.
Мал шаруашылығының барлық саласының экономикалық тиімділігі жас төлдің жемделу сапасына көп байланысты.
Әсіресе бұл табыс, асыл тұқымды төл және бордақыланған шошқалардың сатылуынан түскен түсіммен анықталатын шошқа шаруашылығына қатысты. Азықтың сапасына тез жетілетін және азықтық қайтарымы төмен торайлар көрсеткіштері жатады. Шошқалар ерекше тез жетілімдігімен айрықшаланады. Жас төлдің туғаннан бастап етке тапсырылғанға дейінгі аралықтағы (7-8 ай) тірі салмағы 90-100 есе өседі. Шошқа азық қайтарымы жөнінде және ет ендіру жағынан тек бройлерді ғана алдына салады. Марка торайлардың қазіргі замашы тұқымдарын толық азықтандырып жақсы ұстаған жағдайда 1 кг тірі салмаққа 4-5 және одан да аз азық өлшемін жұмсайды. Салыстырып көрейік: қарқынды түрде азыктандырған жагдайда мүйізді ірі кара мен кой 1 кг тірі салмақ қосуға 7-12 —ге дейінгі азық өлшемін жұмсайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет