Сабақтың мақсаты: Уақыты: 45 минут. Өткізілетін орны: 10 сынып Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы



Дата21.06.2016
өлшемі57.5 Kb.
#151438
түріСабақ
«Бекітемін»

_____________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық көмек көрсетудің түрлері.Зақымданған халықты екі кезеңді емдеу,эвакуациялау жүйесімен қамтамасыз ету туралы ұғым

  2. Сабақтың мақсаты:

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: 10 сынып

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.


  1. Зақымданған халықты емдеу-орын ауыстыруын қамтамасыз ету туралы не білесіңдер?

  2. Азаматтық қорғаныс жүйесінде қандай медициналық көмек көрсету түрлері көрсетіледі?

  3. Медициналық орын ауыстыру дегеніміз не?

  4. Зақымданушыларды орын ауыстыру кезінде медициналық жәрдем көрсету қалай жүзеге асырылады?

  5. Медициналық сүрыптау дегеніміз не?

  6. Медициналық сүрыптау түрлері жайлы айтып беріңдер.


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

АҚ жүйесіндегі зақымданушылардың емдеу-орын ауыстыруын камтамасыз ету екі кезевдц емдеу негізінде құрылады да, аурухана базасының салальщ мекемелеріне зақымданушылар бөлінш, таратылады. АҚМҚ қабылданған бұл жүйенің түбегейлі мөні медициналык көмек көрсетуді оның жекеленген түрлеріне бөлуден тұрады.

АҚ жүйесінде көмек көрсетудің мынадай түрлері болады:


  • алғашқы медициналық жөрдем (АМЖ), ол — зақымдану ошағында өткізілетін зақымданудың ауыр зардаптарын азайту немесе алдын алуға негізделеді және зақымдану ошағында жүргізіледі. АМЖ қысқа мерзімде қарапайым медициналық шаралар өткізумен жүзеге асырылады;

  • алғашқы дәрігерлік көмек, ол — ауру асқынуын сақтандыру жөне олармен күресуге, ағзаның бұзылған өмірлік кызметін калпына келтіріп, ұстап тұруға және зақымданушыларды көрсетілетін кемектің келесі кезеңіне көшіру үшін дайындауға бағытталады;

  • мамандандырылған медициналық көмек, ол зақымданушыларды стационарлық емдеу, толықтай жазылып шыкқанынша зақымдану ерекшелігіне сөйкес барлық медициналық шаралар еткізуді қарастырады.

Медициналык орын ауыстыру кезеңдері деп медицина-лык күрылымдар мен мекемелерді атаймыз. Олар зақым-данушылардың орын ауыстыру жолында қүрылып, жапа шегушілерді қабылдауға жөне оларға әр кезеңге бекітілген көлемде медициналық жәрдем керсетуге арналған.

Медициналық жәрдем керсету көлемі—медициналық көмектің нақты түріне жататын барлық емдеу сауыктыру шараларының жиынтығы деп түсініледі. Медициналық жәрдем көрсету түрлерін калыптасқан жағдайға байланыс-ты: шұғыл түрдегі және мерзімі ұзартылған деп бөлуге болады.

Закымданушыларға медицинальщ жәрдем көрсету мен орын ауыстыру мынадай түрде жүзеге асырылады:


  • алғашқы медициналық жәрдем зақымдану ошағында өз-езіне жөне өзара көмек көрсету ретінде, құтқару жұмыстарын жүргізіп жүрген СП, СД жөне кіші құрылымдардың құрамды күштері, сондай-ақ АҚ өскери бөлімдерінің медициналық бөлімшелерімен көрсетіледі;

  • алғашқы дөрігерлік көмекті емдеу-орын ауыстыру қамтамасыз етудің алғашқы кезеңі

болып табылатын алғашқы медициналық көмек көрсету жасактары (АМКЖ) керсетеді, бірінші кезеңде өмірлік көрсеткіштер бойынша шаралар еткізіліп, закымданушыларды мамандандырылған медициналық көмек көрсететін екінші кезеңге көшіреді;

— мамандандырылған көмекті аурухана базасындағы салалық емдеу мекемелері керсетеді де, онда толык емделіп шыққанынша стационарлык емдеу жүргізіледі.

Медициналык сұрыптау — бұл жапа шегушілерді накты жағдайда, аталған кезең үшін бекітілген медициналық жөрдем көрсету көлемі мен зақымдану ауырлығына сөйкес емдеу-орын ауыстыру шараларьша мұктаж адамдар тобына бөлу. Медициналык сұрыптау медициналық көмек көрсетуде тиімді шешім қабылдауға жағдай жасайды жөне жапа шегушілердщ уакытьшен медициналык көмек күштер тиімді қолдануын қамтамасыз етеді.

Медициналык сұрыптау келесі түрлерге бөлінеді: алғашқы, пунктітттілік жөне көшіру-көліктік.

Алғашқы медициналық сұрыптау — зақымдану ошақ-тарында бірінші кезекте медициналық жөрдем көрсетуге, мүқтаж жапа шегушілерді табу жөне кұтқару жұмыстары жүргізілш жатқан объектілерден белгіленген кезекпен альш шығу;

Пунктішілік медициналык сұрыптау—күрылымдар мен мекемелерде өткізіледі, оньщ мақсаты—закымданушыларды мынадай түрлерге бөлу:

—айналадағы адамдарға кауііггі (РЗ, У 3 закымданғандар, жұқпалы аурулар жөне жүйке-психикалық жүйесінің бұзылу жағдайындағылар);

— аталған кезеңде медициналық жәрдем көрсетуге мұқтаж адамдар (аталған кезеңде емдеу көлеміне бекітілген сәйкес медициналық әрекет жасау ерекшелігін анықтау; көмек көрсетілетін құрылымның бөлімшесін аныктау).

Кешіру-көліктік сұрыптау емдеу мекемелер саласын, белгілі бір кезектілікті, көлік түрін және зақымданушы-ларды орын ауыстыру кезіндегі жағдайын (жатқыза, отырғызу) аныктау мақсатында зақымданудың біркелкі-лігін, ауырлығын, ерекшелігін есепке ала отырып жүр-гізіледі.

Медициналык сүрыптау нәтижелері зақымданушыларға тиісті сұрыптау өлшемі көрсетілген киім беру арқылы тіркеледі.

СП жөне СД халық шаруашылық объектілерінде құрылады, оларды объект басшылығы ҚК жөне ҚЖАҚ ұйымдарымен бірлесе құрады. Екі жөне одан да көп ауысымда жинақталады, СД 16—55 жас аралығындағы өйелдерден, 16—60 жас аралығындағы ерлерден жинақ-талады. СД жөне СП кұрамына медициналық білімі барлар, оның іпгінде, запастағы мешрбикелер кірмейді. Құрылған СД-ға тіркелу нөмірі беріледі. СД командирі мен СД бастығы болып оку бағдарламасы (АҚ курстары, жиындары) бойынша даярлықтан өткен адамдар тағайындалады.


в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Зақымданған халықты емдеу-орын ауыстыруын қамтамасыз ету
    туралы не білесіңдер?

  2. Азаматтық қорғаныс жүйесінде қандай медициналық көмек көрсету
    түрлері көрсетіледі?

  3. Медициналық орын ауыстыру дегеніміз не?

  4. Зақымданушыларды орын ауыстыру кезінде медициналық жәрдем
    көрсету қалай жүзеге асырылады?

  5. Медициналық сүрыптау дегеніміз не?

  6. Медициналық сүрыптау түрлері жайлы айтып беріңдер.



Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет