Сабақтың мақсаттары



бет14/14
Дата25.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#21870
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Мұхит аралдарының географиялық орнын анықтаңдар.

  2. Қалыптасуына қарай аралдар қалай топтастырылады?

  3. Аралдар табиғатын зерттеген қандай басты ерекшеліктері бар?

  4. Физикалық және климаттық карталарды пайдаланып, Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландияның табиғат жағдайларын салыстырыңдар.

  5. Мұхит аралдарында қандай халықтар тұрады?

Қорытынды: Қорыта келгенде, Жаңа Зеландияда табиғатты қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Жерінің 16%-ын қорықтар мен ұлттық парктер алып жатыр. Елде 10 ұлттық парк бар.

Үйге тапсырма: §58-оқуға. Кескін картаға мұхит аралдарын түсіп келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Антарктика. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Антарктика. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Географиялық орны. Ежелгі Гондвана материгінің құрамында бірге болғанына қарамастан, Антарктиканың қазіргі табиғат жағдайлары оңтүстік жарты шардың басқа материктеріне ұқсамайды. Ол айырмашылықтар материктің оңтүстік поляр аймағындағы орнымен байланысты түсіндіріледі. Антарктика басқа материктерден алшақ орналасқан, олардан орасан зор мұхит айдындары арқылы бөлініп жатыр. Антарктика жағалауындағы өте салқын мұхит сулары материкті айнала қозғалатын Батыс желдерінің шеңберлік ағыс жүйесін құрайды. Антарктикаға жалғасып жатқан Тынық, Атлант және Үнді мұхиттары суларының шеткі бөліктері негізгі мұхит айдындарынан осы шеңберлік суық ағыс арқылы бөлініп жатыр. Сондықтан мұндағы судың беткі температурасы мен тұздылығы, тіршілік дүниесі құрамы жағынан аталған мұхиттардан үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан Антарктика жағалауындағы мұхит сулары шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталады. Материк пен оның жағалауындағы теңіздер табанына дейін қалың қайраңдық мұздықтар құрсалған.

Ашылу және зерттелу тарихы. Антарктика – ең соңғы ашылған материк. Белгісіз оңтүстік жерлің бар екендігі туралы мәліметтер ертеден-ақ белгілі болған. Дегенмен еуропалық теңізшілердің осы бағытта жасаған көптеген саяхаттары сәтсіздіктерге ұшырап, мақсатына жетпеген. 1772-1775 жылдар аралығында ағылшын теңізшісі Джеймс Кук оңтүстік материкті іздеп, саяхатқа шыққан. Оңтүстік поляр шеңберін үш рет кесіп өткен Дж. Кук Антарктика жағалауына біршама жақындап барған, бірақ қалың мұздан әрі өте алмай кері қайтқан. Нәтижесінде ғалым егер материк табыла қалса, тек полюстің маңында ғана болуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Куктың тұжырымдамаларынан кейін ұзақ уақыт оңтүстік материкті іздеуге ешкім әрекет жасаған жоқ.

Антарктиданың ашылуы мен зерттелуінде Ресей ғалымдарының үлесі зор. 1819-1821 жылдары Ф.Ф. Беллинсгаузен мен М.П. Лащзарев басқарған «Восток» және «Мирный» желкенді кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы Антарктика материгі жағалауына бес рет жақындап барып, көптеген аралдарды ашты. Экспедиция материк жағалауына тұңғыш рет тоқтаған 1820 жылдың 28 қаңтары Антарктиканың ашылған күні болып табылады.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия, Норвегия және басқа көптеген елдер Антарктиданы зерттеу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырылды. Жүйелі зерттеулер Халықаралық геофизикалық жыл (1957-1958 жылдар) бағдарламасы негізінде Ресей мен 11 ел материк пен оның жағалауындағы аралдарда 57 база құрып, бірлесе жүргізуінен басталды.

Жаңа сабақты бекіту:


  • Жердің 99%-ын қалың мұз жауып жатыр, мұздың орташа қалыңдығы 1720 м-ге жуық, ең қалың жері 4300 м (Шмидт жазығы);

  • Антарктика – Жер шарындағы ең биік материк, оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м;

  • Материктегі мұздың жалпы көлемі 24 млн км³, бұл дүние жүзіндегі тұщы су қорының 80%-ын құрайды;

  • Антарктика – Жер шарының суықтық полюсі, мұнда 1983 жылы ғаламшарымыздағы ең төмен температура (-89,2ºС) тіркелген;

  • Материктің ең биік нүктесі биіктігі 5140 м болатын Винсон тауы, ал теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Бентли ойысы (-2555 м);

  • Антарктикада сөнбеген жанартаулар бар, олардың ең ірісі Эребус жанартауы (3794 м);

  • Оңтүстік полюс үстінде таңның атуы мен күннің батуын жылына бір рет қана байқауға болады.

Қорытынды: қорытындылай келе, Антарктика табиғаты халықаралық заңдар негізінде қорғауға алынған. Сондықтан Антарктиканы ғылым мен бейбітшілік материгі деп атайды. Материк пен оның жағалауын зерттеген батыл да табанды, жігерлі де ер жүрек зерттеушілердің аттары олардың құрметіне қойылған жер атауларында мәңгілік сақталады. Антарктика табиғатын зерттеп-білу ғаламшарымызлағы тіршілік дамуының өткені мен болашағын түсінуге мүмкіндік береді.

Үйге тапсырма: §59-оқуға. Кескін картаға материті түсіріп келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Табиғаты

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Антарктика материгінің табиғатымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Зерттеушілердің қатал климат жағдайындағы теңдессіз еңбектері нәтижесінде Антарктиканың ғылымға белгісіз көптеген құпиялары ашылды. Антарктика материгін қалың мұз жамылғысымен қосып, Мұзды Антарктика деп атайды. Жаппай мұз басу Антарктика Аустралиядан ажырап, оңтүстік полюске қарай жылжыған кезден басталған. Мұздың орташа қалыңдығы 1720 м шамасында, ең қалың жарлері 4300 м-ден асады. Мұз жамылғысымен қоса есептегенде материктің орташа биіктігі барлық материктердің орташа биіктігінен 3 есе артық. Антарктиканы жауып жатқан мұз қалқанының орталық бөлігі қалың әрі көтеріңкі, шет жағына қарай жұқарып, аласарған күмбезге ұқсайды. Егер осы мұздарды ерітетін болса, Дүниежүзілік мұхит деңгейі 62 м-ге көтерілген болар еді. Ал мұз астында жатқан материк бөлігін Тасты Антарктика деп атайды.

Оның негізін гондваналық Антарктика платформасы құрайды. Оған батыс бөліктен Анд қатпарлы жүйесіне жататын Антарктика түбегі жалғасады. Олардың жымдасқан бөлігінде қазіргі жер бедерінің көтерілуіне себепші болып отырған жанартаулар тізбегі жатыр. Росс теңізі жағалауында сөнбеген Эребус жанартауы орналасқан. Бұл тау түзілісінің әлі де жүріп жатқанын көрсетеді.

Материк жер бедерінің ерекшелігіне қарай Батыс Антарктика және Шығыс Антарктика болып екіге бөлінеді. Батыс Антарктиканың жер беті өте күшті тілімденген, көпшілік бөлігі мұз салмағынан қатты майысқан ойыстардан тұрады. Теңіз деңгейінен еңбиік және ең төмен жатқан нүктелер де осында орналасқан. Ал Шығыс Антарктикадағы қалың мұз жамылғысымен жабылған жазық жерлер биіктігі 3000-4000 м-ге жететін таулармен алмасады. Таулардың тек ең биік шыңдары ғана жер бетіне шығып жатыр.

Антарктикадағы пайдалы қазбалар әлі де болса толық зерттелмеген. Қазіргі таңда материк қойнауында тас көмір, темір, слюда, графит, алтын, алмас, уран және түсті металдардың қоры бар екендігі анықталып отыр.

Антарктика – Жер шарындағы ең суық материк. Әсіресе ішкі аймақтардың климаты ерекше қатал. Ондағы қысқы орташа температура -60º -72ºС-қа дейін, ал жаз кезінде - 30º-50ºС аралығында болады.

Антарктика жағалауындағы сулар ұсақ өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығынан тұратын планктонға бай. Планктон киттердің, итбалықтардың, балықтар мен құстардың 13 түрі, итбалықтардың 5 түрі, көк киттер, кашалоттар мен касаткалар мекендейді. Материк жағалауында құстардың ерекше түрі – пингвиндер көп таралған. Олардың 17 түрі кездеседі, ең көп тарағаны Адели деп аталатын кішкентай пингвин. Сонымен қатар салмағы 50 кг-ға жететін, бойы 1 м-ден асатын, өте әдемі император пингвині мекендейді. Жаз айларында материк жағалауларында дауылпаздар, теңіз шағалалары, су құзғындары ұя салады.

Жаңа сабақты бекіту:

1. Антарктика материгі қашан ашылды, оны кімдер зерттеді?

2. Оңтүстік полюске кімдер және қашан барды?

3. «Оңтүстік мұхит» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Антарктика материгін неге мұз құрсап жатыр? Мұздың қалыңдықтары қанша?

5. Тасты Антарктика дегеніміз не?

6. Антарктика жағалауына қарай неге ағынды желдер соғады?

7. Неліктен Антарктика материгінде тіршілік мұхит суымен байланысты?



Қорытынды: Қорыта келе, Атмосфераның жалпы ластануы әсерінен Антарктика мұздарының жедел қарқынмен еруі мүмкін деген жорамал бар. Сонымен қатар Жерді ғарыштан келетін зиянды сәулелерден қорғайтын атмосферадағы өзон қабатының Антарктика үстінде жұқарып сөгілгендігі де анықталып отыр. Бұл құбылыстың одан әрі күшеюі Жердегі тіршілікке зор қауіп төндіреді. Антарктика табиғатын зерттеушілер бұл апатты құбылыстарды тоқтату шараларын қарастыруда.

Үйге тапсырма: §60-оқуға. Кескін картаға табиғатын түсіріп келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ. Сарамандық жұмыс №5

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Оңтүстік жарты шар материгінің ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, ізденіс

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

  • Оңтүстік жарты шар материктері деп аталатын Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия және Антарктика ұзақ уақыт бойы ежелгі Гондвана материгінің құрамында болған. Литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінде Гондвана Оңтүстік Америка, Африка-Арабия, Үндістан, Аустралия-Антарктика плиталарына ажырады. Сонымен қатар плиталардың ажырау аймағында қазіргі Атлант және Үнді мұхиттарының табаны ашылды. Кейінірек Африка-Арабия және Үндістан плиталары Еуразияға, ал Оңтүстік Америка Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкаға жалғасты. Аустралия мен Антарктида арасындағы құрлықтық байланыс үзілді. Нәтижесінде Оңтүстік жарты шар материктерінің қазіргі пішіні қалыптасты.



  • Аустралияның Жер шарындағы ең құрғақ материк аталу себебі неде?

  • Аустралия табиғатының қандай белгілері Африкаға ұқсас болып келеді?

  • Эйр көлі Африканың қандай көліне ұқсас болып келеді, оның себебін түсіндіріңдер.

  • Аустралияның табиғатына, халқына және шаруашылығына қатысты «...ең, ең...» деп атауға болатын ерекшеліктерді атаңдар.

  • Тынық мұхит табанындағы ірі су асты жотасы қалай аталады?

  • Тынық мұхиттағы ең үлкен жанарнтаулық аралдар тобын атаңдар.

  • Тынық мұхиттың қандай бөлігінде маржан аралдары көптеп таралған, неліктен?

  • Д.ж-нің саяси картасы бойынша Тынық мұхит жағалауында орналасқан ірі елдерді анықтаңдар. Олардың шаруашылық әрекетіне мұхиттың қандай ықпалы бар?

  • Тарихи -географиялық ерекшеліктеріне қарай мұхит аралдары қалай бөліненді?

  • Антарктиканың басқа материктерден кеш ашылуы неліктен деп ойлайсыңдар?

  • Антарктика сулары неге Оңтүстік мұхит деп аталады?

  • Антарктиканың мұз астындағы жер бедері қандай?

  • Антарктика климатына тән қандай ерекшеліктерді атай аласыңдар?

  • Антарктикалық шұрат дегеніміз не?

Қорытынды: Қорытындылай келе, Қазіргі кезде Оңтүстік Америка материгінің солтүстігі мен Африка жерінің жартысынан астамы солтүстік жарты шарда орналасқан. Соған қарамастан олар геоглогиялық даму тарихы мен табиғат жағдайларының ортақ белгілеріне сәйкес оңтүстік жарты шар материктері тобына кіреді. Сондықтан материктердің географиялық орнындағы қазіргі айырмашылықтарға қарамастан табиғат жағдайлары ұқсас болып келеді.

Үйге тапсырма: Оңтүстік жарты шар материктерін қайталау. Реферат жазып келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс. Сарамандық жұмыс № 6

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Табиғат байлықтары. Бүгінгі таңда адамзаттың табиғат байлықтарына деген сұранысы артып келеді. Адамдар табиғаттан және табиғат байлықтарынан оқшау тіршілік ете алмайды.

Табиғаттың адам қажетіне жарайтын барлық мүмкіншілігін табиғат байлығы деп атайды. Табиғат байлықтарының минералдық, климаттық, су, жер және биологиялық деп аталатын негізгі бес түрге ажыратылады. Олар сарқылатын және сарқылмайтын байлықтар тобына ажыратылады.

Дүние жүзі елдерінде пайдалы қазбалар өндіру жылдан-жылға артып келеді. Соңғы кезде мұхит қайраңдары мен суларынан да түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі. Мамандардың есептеуінше, пайдалы қазбаларды өндіру қарқынды жүргізіле беретін болса, ХХІ ғасырдың ортасына қарай адамзат олардың барлық қорын тауысады. Әсіресе металдардың ең көп пайдаланылатын кейбір түрлері жақын жылдарда-ақ сарқылуы мүмкін.

Табиғат жағдайларының адамдар тіршілігіне әсері. Адам тіршілік ететін географиялық орта адам денсаулығын сақтау мен нығайтуға жағдай жасайды, адамның шаруашылық әрекетінің сипатын анықтайды. Сондықтан адам үшін өзі өмір сүретін табиғи ортасының жай күйі, яғни ауа мен суының тазалығы, климаттық жағдайының қолайлы болуына аса маңызды.

Шаруашылық әрекеттің табиғатқа әсері. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас адамдардың шаруашылық әрекетінен неғұрлым айқын көрінеді. Алғашқы адамдар табиғаттың дайын «сыйын» ғана пайдаланды, яғни жеуге жарамды өсімдіктерді жинады, аң және балық аулаумен күнелтті. Сондықтан олардың тіршілік әрекеті табиғатқа айтарлықтай нұқсан келтірген жоқ. Біртіндеп неғұрлым жетілдірілген еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде адам табиғи ортаға белсендірек ықпал ете бастады. Ормандар кесіліп, мәдени дақылдар егілді, қуаңшылық аудандарда суландыру жүйесі тартылды. Кеме қатынасына жарамды болу үшін өзен арналары тереңдетілді және т.б.

Шаруашылықты ұйымдастыру барысында табиғатты қорғау, қалпына келтіру және табиғат байлығын мүмкіндігінше сақтау кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.



Жер шарындағы қазіргі экологиялық жағдай. Адамның табиғат байлықтарын есепсіз пайдалануы, табиғи орта заңдылықтарын ескермеуі экологиялық зардаптарға әкеліп соқтыруда. Қазіргі кезде экологиялық зардаптар ғаламдық сипат алуда. Грек тілінен аударғанда «үй, қоныс» деген мағына беретін экология ұғымын алғаш рет 1866 жылы неміс ғалымы Э. Геккель енгізген.

Географиялық қабықтың біртұтастығына байланысты ортақ үйіміз – Жер ғаламшарының кез келген түкпіріндегі экологиялық зардаптар бүкіл Жер шары табиғатына кері әсерін тигізеді. Сондықтан табиғат қорғау шараларын жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде қатар ұйымдастырылып, жүргізу қажет.



Жаңа сабақты бекіту:

1. Табиғат байлықтарының қандай түрлерін білесіңдер?

2. Өздерің тұратын жерде қандай табиғат байлықтары бар және олар қалай пайдаланылады?

3. Адамның шаруашылық әрекеті мен тұрмыс-тіршілігіне табиғат жағдайларының әсері қандай?

4. Табиғи ортаға адамның шаруашылық әрекеті қалай әсер етеді? Өздерің тұратын жердегі адам әрекеті өзгерткен табиғат жағдайларына мысал келтіріңдер.

Қорытынды: Жер біздің ортақ үйіміз болғандықтан өмірімізге нәр беріп отырған Жер-Ананы құрметтеу, оның әрбір сүйем жерін, ондағы табиғат байлығын қорғау әрбір адам үшін басты борыш пен міндетке айналуы тиіс екенін әрдайым жадымызда сақтайық.

Үйге тапсырма: §61-оқуға. Қосымша материалдар жинау.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Жер шарындағы халықтар және елдер

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Жер шарының халықтарымен және елдерімен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Материктер бойынша халықтың қоныстануы. Ең алғашқы адамдар мен олардың қоныстары Африка, Оңтүстік Еуропа және Оңтүстік-Батыс Азия жерінен табылған. Адамдар біртіндеп осы дүние бөліктерінің тіршілікке қолайлы жерлеріне қоныстанып, табиғат байлықтарын игерді. Кейіннен жаңа жерлер мен дүние бөліктерінің ашылуына байланысты адамдар Жер шарының Антарктикадан басқа материктеріне де қоныс аударды.

Шаруашылықтың дамуы, халықтың әл-ауқатының, тұрмыс жағдайының жақсаруы біртіндеп халық санының өсуіне мүмкіндік жасады. Есептеулер бойынша, осыдан 17 мың жыл бұрын Жер шарында 3млн-ға жуық қана халық тұрған. Ал бүгінгі таңда Жер шары халқы 6 млрд-тан асып отыр. Халықтың басым көпшілігі табиғат жағдайы қолайлы теңіз жағалаулары мен жазықтарда тұрады. Жер шарында халық тығыздығы жоғары төрт аймақты ажыратуға болады. Олар: Оңтүстік Азия, Шығыс Азия, Батыс Еуропа, Солтүстік Американың шығыс бөлігі.

Негізгі этностар мен діндер. Әрбір нәсіл көптеген халықтардың жиынтығынан тұрады. Ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасқан ортақ тілі, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, мекен ортасы бар адамдар тобын этнос деп атайды. Грек тілінен аударғанда «этнос» сөзі «халық» деген мағынаны білдіреді. Жеке этностар ішкі айырмашылықтарына байланысты ұлттар мен ұлыстарға, тайпаларға жіктеледі. Қазіргі кезде Жер шарында 4 мыңға жуық этнос бар.

Жер шары халқының діни құрылымы да күрделі. Діндер жүйесін материктердің байырғы халықтарында сақталып қалған жергілікті діни сенім-нанымдар, белгілі бір халыққа тән синтоизм, үнді халқына тән индуизм, еврей халқының иудаизм діндері жатады. Ал христиан, буддизм, ислам діндері әлемдік діндер болып табылады.



Елдер. Қазіргі кезде дүние жүзінде 200-ден аса тәуелсіз ел бар. Елдердің қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңді қамтыды. Жер шарындағы елдердің шекаралары, мемлекеттік құрылымы дүние жүзінің саяси картасында бейнеленеді.

Дүние жүзі елдері көптеген белгілеріне қарай ажыратылады. Елдерді топтастырудың ең көп тараған түрі – жерінің ауданы мен халқының санына қарай топтастыру. Жерінің ауданы жағынан ең үлкен 7 ел бар, олардың әрқайсының ауданы 3 млн км²-ден асады. Олардың жерлерін қосса, Жер шарындағы құрлықтың тең жартысын құрайды. Кейбір елдер бүкіл материкті немесе оның тең жартысын алып жатыр. Сонымен қатар жері өте шағын елдер де бар. Мысалы Ватиканның ауданы 1 км², ол Рим қаласының кішкене бөлігін ғана қамтиды.

Халқының саны ең көп 10 ел бар. Олардың әрқайсысында 100 млн-нан астам халық тұрады. Бұл елдердің халқы Жер шары халқының жартысынан астамын құрайды. Сонымен қатар халқы бірнеше мыңнан аспайтын ұсақ елдер де бар. Мысалы, Еуропадағы Сан-Марино елінде 25 мыңдай ғана адам тұрады.

Елдер мемлекеттік құрылымы мен ұстанып отырған саясатына қарай да топтастырылады. Мемлекеттік құрылымына қарай республикалық және монархиялық елдер, ұстанған саясатына қарай буржуазиялық (капиталистік), социалистік және бейтарап елдерге ажыратылады.



Жаңа сабақты бекіту:

  1. Жер шарында халық неге біркелкі қоныстанбаған?

  2. Миграция дегеніміз не?

  3. Жер шарында қанша халық тұрады?

  4. Халықтың ірі тобы қалай аталады? Өздерің білетін ірі этностарға мысал келтіріңдер.

  5. Қандай материктер мен дүние бөліктерінде елдердің саны көп? Оның себебін түсіндіріңдер.

  6. Елдер қандай белгілеріне қарай топтастырылады?

Қорытынды: Дүние жүзінің саяси картасы әрбір дәуірдің айнасы болып табылады. Ол үздіксіз өзгеріп, дамып отырады. Адамзат тарихындағы саяси картаны ең күшті өзгерістері ХХ ғасырда жүрді.

Үйге тапсырма: §62-оқуға. Қосымша материалдар жинап, реферат жазып келу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет