Сабақтың мазмұны Тасымалдауды ұйымдастырудың негізгі түрлері мен жүк тасымалы сипаттамасы



бет25/30
Дата07.12.2023
өлшемі157.56 Kb.
#485790
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Саба ты мазм ны Тасымалдауды йымдастыруды негізгі т рлері мен

Сабақтың мазмұны

Жылжымалы құрамды пайдалану қызметінің құрылымы мен міндеттері
Автокөлік кәсіпорындарында жүк тасымалдауды ұйымдастыру мен оларды басқаруды пайдалану қызметі айналысады.
Пайдалану қызметінің негізгі міндеттері:

Осы міндеттерді орындау үшін пайдалану қызметінің үш негізгі тобы бар:

  • жүк;

  • диспетчерлік;

  • есепке алу-бақылау.

Автомобиль көлігінің жұмысына диспетчерлік бақылау жасау
Автомобиль көлігінің жұмысына диспетчерлік басшылық жасау оны неғұрлым тиімді пайдалану, тәуліктік жұмыс кестесін сақтау және жылжымалы құрамның орнын ауыстыруды тұрақты бақылау үшін, сондай-ақ жұмыстағы іркілістерді жою жөнінде уақытылы шаралар қабылдау үшін қажет.
Желіде автомобиль жұмысын диспетчерлік басқарудың екі жүйесі бар:

  • орталықтандырылған диспетчерлік қызмет жүйесі;

  • орталықтандырылмаған диспетчерлік басқару жүйесі.

Орталықтандырылған диспетчерлік қызметке әдетте бір бірлестіктің (ведомствоның) бірнеше автокөлік кәсіпорындары (АТП) бағынады. Бұл жағдайда пайдалану бөлімі жылжымалы құрамды жұмысқа дайындауды және оны желіге шығаруды қамтамасыз етеді.
Орталықтандырылмаған диспетчерлік басшылық әрбір АТП пайдалану бөлімі автомобильдерді өзі жібергенде және олардың желідегі жұмысына басшылық жасағанда жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет