4. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).
Аммиак сумен сутектік байланыс түзе алады ма?
Аммиак-су ерітіндісіндегі аммиак пен су молекулалары арасында түзілетін сутектік байланыстарды көрсетіңіз
3. Егер XIV топ элементтерінен түзілген гидридтердің қайнау температураларын салыстыратын болсақ, гидридтің молекулалық массасының артуымен қайнау температурасының жайлап артатынын байқаймыз. Неліктен?
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
химия пәні бойынша __10__сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақтың нөмірі: _№ 28
Сабақтың тақырыбы: Кристалдық торлар.
1. Мақсаты (оқушыға бағытталған):
(Мысалы, «Бұл сабақта оқушы........ үйренуі (білуі) тиіс (тақырыпқа сәйкес )
10.1.4.13 кристалл тор типтері және байланыс түрлері әртүрлі қосылыстардың қасиеттерін болжау
2. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
Кристалдық тор – кристалл заттардағы атомдардың, иондардың, молекулалардың белгілі бір ретпен орналасуы. Кристалдық тор бір-біріне тығыз орналасқан параллелепипедтерден немесе кубтардан тұрады. Параллелепипед пен кубтар кристалдық тордың ұяшығы болып табылады. Атомдар, иондар немесе молекулалар орналасқан параллелепипедтің төбелері (бұрыштары) кристалдық тордың түйіндері, ал олар арқылы өтетін түзу сызықтары қатарлары деп аталады. Бір қатарда жатпайтын үш түйін арқылы өтетін жазықтықты жазық торап дейді. Элементар ұяшықтың үш бағыттағы сызықтық өлшемдері мен оның жақтарының аралық бұрыштары кристалдық тордың параметрлері болып табылады. Кристалдық тордың өлшемдері, атомдары мен молекулалардың орналасуы рентгенография, электронография, нейтронография көмегімен анықталады. Кристалдық тор статистикалық тұрғыдан тұрақсыз болады, атомдар мен иондар өзінің тепе-теңдік қалпынан белгілі бір амплитудада тербеліп тұрады. Температура өскен сайын бұл тербеліс артады, ал балқу температурасына жеткенде, кристалдық тор ыдырап, зат сұйықтыққа айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |