Газдардың салысытырмалы тығыздығы – бірдей жағдайда бір газдың масасының екінші газдың осындай көлемінің масасына қатынасын айтады.
Гидролиз – еріген заттың сумен алмасу реакциясына түсіп ерітіндінің рН өзгерте ыдырауы.
Гидролиз дәрежесі – гидролизденген молекулалардың саны мен ерітіндідегі молекулалардың санының ара қатынасы.
Гидролиз константасы – гидролиз процесінің қаншылықты терең жүретінін көрсететін шама.
Гидроксил көрсеткіші (рОН) – теріс таңбамен алынған гидроксил ионы концентрациясының ондық логарифмі.
Диссоциациялану дәрежесі – иондарға ыдыраған молекулалар санының жалпы еріген молекулалар санына қатынасы.
Еріген заттың массалық үлесі – еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы.
Ерігіштік – заттардың суда немесе басқа еріткіштерде еру қасиеті.
Ерігіштік көбейтіндісі – тұрақты температурада алынған аз еритін заттың қанық ерітіндісіндегі иондарының концентрацияларының көбейтіндісі.
Ерітінді – екі не одан да көп компоненттен (бөлшектен) тұратын гомогенді жүйелер.
Мольдік концентрация – еріген зат мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасын көрсетеді.
Моляльдік концентрация – еріген зат мөлшерінің еріткіш массасына қатынасын көрсетеді.
3. Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру). /bilimland.kz/
4. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес). Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
химия пәні бойынша __10__сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары I тоқсан Сабақтың нөмірі: _№ 32 Сабақтың тақырыбы: Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса
1. Мақсаты (оқушыға бағытталған): (Мысалы, «Бұл сабақта оқушы........ үйренуі (білуі) тиіс (тақырыпқа сәйкес)
10.1.1.2 «салыстырмалы атомдық масса», «салыстырмалы молекулалық масса» және «молярлық масса» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру