Сабақтың өткізілетін күні



бет9/82
Дата12.12.2023
өлшемі0.88 Mb.
#486176
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
Анатомия По урочный. 2015

Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік : Вегетативті жүйке жүйесі туралыүйрете отырып қызығушылығын арттыру
2.Тәрбиелік : сабақта өзін - өзі қадағалай алуға,өз міндетін білуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық : оқушының сөйлеу процесі, қиялдау процесін ,білім бере отырып дамыту
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар : Буклеттер, плакат
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі сұрақтар:
1 Жоғары жүйке қызметі.
2. И. М. Сеченов нені зерттеп дәлелдеді.
3. И.П.Павлов нені зерттеді .
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде.
Шеткі жүйкелер. Құрылысы жағынан миалинді және миалинсіз болып бөлінеді. Кейбір жүйкелердің құрамында жеке жүйке жасушалар мен оны қоршаған майда глиоциттер де болады. Жүйке бағаналарының көлденең кесіндісінде біліктік цилиндрі мен оны сыртынан қоршаған глиальды қабығы көрінеді. Әрбір жүйке талшықтарының арасындағы борпылдақ талшықты дәнекер тінді қабыршақтары эндоневрий деп аталады. Ал жүйке талшықтарының топтаса орналасқан жігінің сыртын периневрий қоршайды. Периневрийдің құрамында кезектесіп орналасқан жасушалармен жіңішке фибриллалы құрылымдар бар. Фибриллалар жүйке талшықтарын бойлай өтіп жатады.
Жалпы жүйке бағаналарының сыртын қоршайтын тығыз талшықты дәнекер тіні фибробластарға, макрофагтарға, май жасушаларына өте бай, мұны эпиневрий дейді. Эпиневрийдегі көптеген қан тамырлары периневрийге, одан эндоневрийге өтіп трофикалық қызмет атқарады.
Мойын өрімі
Мойын өрімі, plexus cervicalis, төрт жоғарғы мойын нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі. Олар өзара үш доға ілмектермен байланысып, көлденең өсінділердін бүйірінен медиалды жағынан омыртканың алдыңғы бұлшықеттері, ал латералды жағынан омыртқа бүлшықеттері, scalenus medius, m. levator scarulae, m. splenius cervicis арасында орналасып, n. accessorius пен n. hypoglossus және tractus sympaticus-пен анастомозданады. Өрімді алдыңғы жағынан m. sterno-cleidomastoideus жауып тұрады. Өрімнен шығатын тармақтар терілік, бұлшықеттік және аралас болып бөлінеді.
1. Кіші шүйде нерві, n. Occipitalis minor екінші және үшінші мойын нервтерінен түзіліп m. Sternocleidomastoideus артқы жиегіне бағытталып, бұлшықеттен шыққан соң екі тармаққа бөлінеді .
2. Үлкен құлақ нерві n. aurycularis magnus ,мойын өрімінің ең ірі нерві басталып m. Sternocleidomastoideus артқы жиегімн жүріп, оны кіші шүйде нервтен төмен орап бұлшықеттің сыртқы бетіне шығады.
3. Мойынның көлденең нерві, r. transuersus coli немесе мойынның терілік нерві, n.cutaneus coli түзіледі , ол жоғарыда көрсетілген нерв сияқты m.sternocleidomastoideus артқы жиегіне бағытталып , жиектен шыққан соң , оны орап, аталған бұлшықеттің сыртқы бетімен көлденең бағытта және төсбұғана- емізіктәрізді бұлшықет пен m. Platysma арасында алға жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет