Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік : Сабаққа болған қызығушылықтарын арттырып білімділігін көтеру, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығын арттыру.
2.Тәрбиелік : Сабақта өзін - өзі қадағалай алуға,өз міндетін білуге тәрбиелеу
3.Дамытушылық : Оқушының сөйлеу процесі, қиялдау процесін ,білім бере отырып дамыту
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар : Буклеттер, плакат
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі сұрақтар:
1 Жоғары жүйке қызметі.
2. И. М. Сеченов нені зерттеп дәлелдеді.
3. И.П.Павлов нені зерттеді .
4 Нейрон дегеніміз қандай орган
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде.
Рефлекстер. И. П. Павловтың рефлекстер туралы ілімі. Шартты және шартсыз рефлекстер.Жоғары дәрежедегі шартты рефлекстер.
Әр түрлі тітіркендіргіштерге жауап қайтаратын барлық рефлекстер И. П. Павлов шартсыз және шартты рефлекстер деп екіге бөлді. Шартсыз рефлекстер дегенімңіз -ағзаның тітіркендіргіштерге жауап қайтаратын туа пайда болатын реакциялары. Олар ұрпақтан үрпаққа өзгерместен, тұқым қуалай береді. Шартсыз рефлекстердің қаншалықты маңыздылығына қарамастан, олар ағзаның өздігінен ағзаның қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз ете алмайды. Ағзаның қоршаған орта жағдайына бейімделуі рефлекстің басқа түрі - шартты рефлекс арқылы жүзеге асады.Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден айырмашылығы, олар жеке дара тіпті туыстас екі дарақ үшін де бірдей болмайды. Шартты рефлекстер туа пайда болмайды, олар өмір бойы қалыптасып, нығаяды немесе өшеді. Сондықтан оларды уақытша немесе түрақсыз деп айтуға болады.
Ұйқы және оның маңызы. Адам күндіз белсенділік көрсетіп, сергек жүреді. Түнде ұйықтап демалады. Адам өз өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйқы кезінде зат алмасу бәсеңдейді, жүректің соғу жиілігі баяулайды және т. б
Түс көру. Барлық адам түс көреді, бірақ кей адамдар оны есінде сақтай алмайды. Түс көру тікелей мидың қызметіне байланысты, күрделі психикалық процесс. Түс көру бұрын адам басынан өткізген немесе көптен бері ойында жүрген жағдайларға негізделеді. Кейде адамның ойында жоқ түрлі оқиғалардың өзара байланыстары да түске кіреді.. Кейде адамда ұзақ уақыт ұйқысыздық – летаргия (грекше «lete» – «ұмыту», «argіa» – «әрекетсіздік») ауруына шалдықтырады. Ол бірнеше аптаға, кейде бірнеше жылға созылуы да мүмкін.
Қалыпты, тыныш ұйқыны қамтамасыз ету үшін қарапайым ережелерді есте сақтау керек.
1. Белгілі бір уақытта ұйықтауға дағдылану.
2. Ұйықтар алдында тойып тамақ, сусын ішпеу.
3. Ауыр ой еңбегімен шұғылданбау. Ұйықтаудан 1,5–2 сағат бұрын ауыр ой еңбегін тоқтату.
4. Айналаңда тыныштық орнату(жарықты, радионы, телевизорды өшіру, кітап оқуды доғару)
5. Таза ауада серуендеу, бөлмені желдету.
Достарыңызбен бөлісу: |