Сабақтың оқу мақсаты


Жұлынның өткізгіштік қызметі



бет4/6
Дата15.02.2024
өлшемі6.01 Mb.
#492014
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Бас миы (1)

Жұлынның өткізгіштік қызметі

  • Өткізгіштік қызметіорталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың бақылауында болады.

Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: 

  • Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: 

1 –үлкен ми сыңарлары;
2 – аралық ми;
3 – ортаңғы ми;
4 – ми көпірі;
5 – сопақша ми;
6 – мишық

Аралық ми

Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады.

Көру төмпешіктері(гипоталамус) мен төмпешікасты аймақтан тұрады.

Аралық мида да бір ми қарыншасы бар.

Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді

Ортаңғы ми

  • Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан.
  • Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді.
  • Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді.

Артқы ми

  • Артқы миға - мишық пен ми көпірі жатады. 
  • Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді. 
  • Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне хабарланады. 
  • Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет