Сабақтың тақырыбы : №1,2 эем-де есеп шығару кезеңдерін біледі Модуль /пән атауы



бет2/3
Дата19.09.2023
өлшемі28.65 Kb.
#477951
түріСабақ
1   2   3
1-2

Алгоритмді құру.
Аталған кезеңде есептеу процесін бірімен-бірі байланыстағы бөліктерге бөлу, олардың рет тәртібін орнату, осындай бөліктердің әрқайсысын қандай да бір формада сипаттау және соңынан тексеру, яғни таңдалған әдісті жүзеге асыруға бола ма, соны көрсету жүзеге асырылыды.
Көптеген жағдайда қанағаттанатын нәтижені тез ала алмаймыз, сондықтан, алгоритмді құру «жасау және қатені түзету» әдісіне келтіріледі және нәтиженің соңғы вариантын алу үшін талдау және нақтылау бағытында бірнеше қадамдар жасау талап етіледі.
Программасын жазу.
Алгоритмді машинаға енгізуге мүмкіндік беретін және келесі кезекте машина тіліне аударуға болатын формада түсіну программа құру кезеңіне жатады, яғни есептің құрылған алгоритмін ЭЕМ-ге түсінікті болатын тілге аудару болып табылады. Программаның орындалуы программалау тілі Basic, QBasic, Pascal, C және т.б. программалау тілдерінің бірі бола алады.
Программаны тексеру, орындау.
Программаны құру орындаушыдан қатаң көңіл бөлуді қажет ететін, еңбекке толы процесс. Алғашқы кезеңдерде қаншама ұтымды процестер жасасақ та, программа алғаш құрылғанда қателігі болады. Машина не жауап бере алмайды, немесе дұрыс емес шешім береді.
Программа есепті дайындаған және программалаған адаммен тікелей тексеріледі. Программаның дұрыс жазуы анықталады, мағыналық және синтаксистік қателерін және т.б. табады. Сонан соң программа ЭЕМ зердесіне енгізіледі, ескерілмей қалған қателер тікелей машинаның көмегімен табылады.
Нәтижені есептеу және өңдеу.
Программа дұрыс нәтиже беретіндігіне толық сенімді болған соң, программа бойынша тікелей есептеуге кірісуге болады.
Есептеулер аяқталған соң оның нәтижелерін өңдеу кезеңі келеді. Есептеулер нәтижелерін өңдеу – есеп пайда болған пән туралы білімнің үлесіне жатады
Бірінші этап – есептердің қойылымы. Бұл этапта есепті қолданатын жұмыс саласын жақсы білетін адам қатысады, ол есептің мақсатын нақты анықтауы керек, есептің мазмұнына сөздік түсінік беруі және оның шешімімен жалпы жақындық ұсынуы керек. Мысалы, екі бүтін санның соммасын есептеу үшін сандар қалай қосылатын білетін адам, есепті келесі әдіспен түсіндіре алады: екі бүтін санды енгізу, оларды бір-біріне қосу және есептің нәтижесі ретінде соммасын шығару.
Екінші этап – математикалық немесе ақпараттық моделдеу. Бұл этаптың мақсаты – есеп компьютерде шешілуі үшін, есептің математикалық моделін құру. Көптеген есептердің математикалық моделінде тек қана формулалар мен логикалық шарттар келтіріледі. Бұл этап бірінші этаппен тығыз байланыста және оны бөлек қарастырмасада болады, бірақ құрылған модель үшін бірнеше шешу әдістері танымал болуы мүмкін және олардың ішінен ең ыңғайлысын таңда керек болады. Жоғарыда түсіндірілген есеп үшін екінші этап келесідей болады: компьютерге енгізілген сандарды А және В атауымен жадыда сақтаймыз, содан соң бұл сандардың соммсының мағынасын А + В формуласы бойынша есептейміз және нәтижесін жадыда Summa атауымен сақтаймыз.
Үшінші этап – есептің алгоритмі. Математикалық түсіндіру негізінде шешу алгоритмін құрастыру керек. Алгоритм дегеніміз – қойылған есептің шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін атқарушыға түсінікті әрі дәл нұсқаулар жиынтығы. Алгоритмдерді орындайтындар адамдар, роботтар, компьютерлер болуы мүмкін.
Төртінші этап – бағдарламалау. Бағдарлама – бұл орындаушы (компьютер) орындайтын әрекеттердің жоспары. Үшінші этапта құрылған алгоритм бойынша программа алгоритмдік тілде жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет