IV. Жаңа сабақты бекіту пысықтау ( 6 минут).
Деңгейлік тапсырма А,В,С
А.
1. Қазақстан көлдерінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында. Көлдер Қазақстанның табиғат зоналарында біркелкі таралмаған. Әсіресе республиканың солтүстік бөлігінде көлдер көп.
2. Көдердің талалуында қандай заңдылықтар бар?
Көлдер табиғат зоналарының бәрінде де бар, бірақ жылу мен ылғал тепе теңдігіне байланысты олардың орналасуы, саны және суының сапасы зонаға тікелей байланысты. Ылғалы мол аудандарда көлдер көбірек және суы тұщырақ болады.
3. Қазақстан көлдерінің су деңгейінің өзгеруі неге байланысты?
Көлдердегі су деңгейі судың кірісі мен шығысының арақатынасына байланысты.
4. Көлдер қазаншұңқырларының пайда болуына қарай қандай типтерге бөлінеді?
Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына қарай бірнеше типке бөлінеді. Тектоникалық,реликті, мұздық көлдер, кар көлдер, суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған көлдер, ескі арна көлдер.
5. Өзендерді қандай мақсатта бөгейді, олардың қандай маңызы бар?
Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалынады. Бөгендер негізінен халықтың қажетін өтеу үшін жасалады.
6. Өзерің тұрған жерлеріңдегі көлдер мен бөгендерді атаңдар.
В. Картаны және оқулық мәтінін пайдаланып кестені толтырыңдар.
Көлдің аты
|
Көлемі
Мың км²
|
Тереңдігі
м
|
Шығу тегі
|
Құятын өзендер
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |