Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына қарай бірнеше типке бөлінеді.
Тектоникалық көлдер. Төмен түскен ойыстар мен жарықтарда көл қазаншұңқырлары суға толып, көлдер пайда болады. Мұндай көлдер Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулары мен Сарыарқада көбірек таралған. Жайсан, Марқакөл,Қарасор, Теңіз-Қорғалжың тобы, Көкшетау тобы (Бурабай, Зеренді, т. б.), бұрынғы тектоникалық бөген Есік көлі, т.б. су айдындары осы топқа жатады.
Реликті (қалдық) көлдер Ертеде пайда болған жазықтарға, оның ішіндеКаспий маңы ойпатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының Торғай қолатындағы,Балқаш-Алакөл ойысындағы кейбір көлдер калдық көлдерге жатады. Қазақстанныңбасты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері. Бұлар жер қыртысының майысқан бөлігінде тектоникалық көлдер болып қалыптасты.
Мұздың көлдер типі. Биік тауларда ежелгі мұз басқан аудандарда кездеседі. Оларға мореналық көлдер жатады. Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзенінің бастауыҮлкен Алматы көлі, Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасылкөл және т.б. мұздық көлдері жатады.
Қар көлдері. Биік тауларда қар сызығы маңында аяздық үгілу нәтижесінде пайда болған шұңғымаларда таралған. Қар ойыстарының пішіні көбінесе дөңгелек болып келеді, олар суға толғанда қар көлдері құралады. Мұндай көлдер өте көп, бірақ олардың көлемі шағын болады.
Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі салдарынан пайда болған көлдер. Оларды дала табақшалары деп те атайды. Түбі тегіс ойыстар суға толып, шағын көлдерге айналады. Қазақстанның солтүстігінде, Батыс Сібір жазығында мұндай көлдер өте көп.
Ескі арна көлдері. Қазақстан өзендерінің ирелеңдеп ағу нөтижесінде негізгі арнадан бөлініп қалған көлдер. Өзен жайылмаларында орналасады.
Бөгендер Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер негізінде халықтың қажетін өтеу үшін жасалады. Бөгендер су айдынының алып жатқан ауданына қарай келесі бөліктерге бөлінеді: 50 км²-ге дейін - кіші, 250 км²- ге дейін - орта, 1000 км ге дейін - ірі, одан үлкендері - аса ірі бөгендер. Қазақстанда қазір 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км². Оларда 90 км3 тұщы су жиналған. Республикада екі өте ірі, бір - ірі және алты орта бөгендер бар, калғандары кіші бөгендер . Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Олар: Бұқтырма,Қапшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Ақкөл, Молодежное, Шерубай-Нұра, Кеңгір,Өскемен, т.б. Осы аймақтың 20 бөгенінің су айдыны (акваториясы) 8,7 мың км²-ді (барлық бөгендердің 87%) құрайды, ал су көлемі 86 км3- ден (барлық бөгендердің 95%) артық. Бөгендердің шаруашылық маңызы зор. Оларды энергетикалық, транспорттық, ирригациялық, рекреациялық мәселелерді шешуде, спорт, балық аулау бағдарламаларында пайдаланады[1]
Достарыңызбен бөлісу: |