Сабақтың тақырыбы : «Діни эстремизмге жол жоқ!», «Экстремизмге және терроризм-қазіргі заман мәселелері»



бет2/2
Дата02.01.2022
өлшемі24.2 Kb.
#453507
түріСабақ
1   2
Эстремизмге жол жоқ тәрбие сағаты

ІІІ. Қорытындылау

Кіріспе сөз. Мұғалім: Бүгін сіздер «Діни экстремизмнің алдын алу.» атты дөңгелек үстелде бас қосып отырсыздар. Қоғамның ең әлсіз тұсы дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір себеппен ба, секталарға кіру себебі, Бүгінгі «Діни экстремизмнің алдын алу.» тақырыбы да осы арнаға келіп саяды. қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі осы жайында бүгін біз ой тастайды.

Мұғалім: Ислам араб сөзі, аллаға бойынұсыну деген мағына білдіреді, Ислам діні VІ ғасырдан Арабия түбегінен тарай бастады, Ислам діні әлемде 1, 3 млрд адам ұстанады, және де мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекеттер де бар, Ислам діні бүкіл әлемде көк пен жерді жаратушы, Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Ал ислам дінінің алғышартының бірі Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед алланың елшісі екендігіне куәлік беру. Ислам діні – адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке, бауырмашылыққа, қайырымдылыққа үйретеді, Имансыз ұлт болмайтынын түсінген атам қазақ, ислам дініне қатты көңіл бөлген, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»- деп жырлаған ұлы Абай ислам дініне берік болған ғой, ал қазіргі таңда кездесіп отырған келеңсіз жағдайлар неден,- деп қарастырып көрейік

Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай?

1-оқушы: Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс.

2-оқушы:Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс - әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл – тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі.

Мұғалім: Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз? Олар елдегі конституциялық құрылымды үзілді - кесілді мойындамайды, оны зорлық - зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды; заңсыз қарулы жасақтар құрады; елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылады.

Мұғалім: Сонымен, «діни экстремизм» дегенді қалай түсіндірер едіңіз?

3-оқушы: Жоғарыда аталған іс - әрекеттерді жасайтындарды, сәйкесінше, экстремистер дейді. Соңғы жылдары экстремистер өз мақсаттарына жету үшін «қанды террорлық» әрекетті құрал ретінде қолданып, әлем жұртшылығын алаңдатып отыр.

Мұғалім: Осыған байланысты 2006 жылғы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясын қабылдады. Бұл құжатта БҰҰ - ға мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішінін бір жақты айыптайды және осыған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын екендігін көрсетеді. Стратегияны әр мемлекет шынайы түрде іске асырып жатса, діни экстремизм мен күрес шын мәнінде өз нәтижесін берер еді

Елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы» Заң қабылданды. Осы заңның 10 - бабы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс - қимылы» деп аталады. Осы бап жоғарыда аталған БҰҰ - ның «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясына сәйкес еді. Демек, еліміз аталған стратегиядан бір жыл бұрын қабылданған заңы арқылы экстремизм мен терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресуге әбден дайын.

Қазақстан өзі тарапынан аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның 1996 жылы «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылып, 2001 жылдың 1 маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы нақты іс - шараларын айтуға болады.

Мектептегі дін тану пәнінің сен үшін қандай маңызы бар, оған қосар ойың?

4-оқушы: Оқушылардың бойына діни санасы мен діни білімін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. еліміз бойынша мектептерде «Дінтану негіздері»пәні оқытылуда. Мұны дұрыс шешім деп қабылдауымыз керек.

Мұғалім: Діни кітаптар шығарып жүрген Бас мүфтиі Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі осы уақытқа дейін 10 жуық үлкенді кішілі кітаптар жазған. негізгі тақырыбы исламның адамгершілік, ынтымақ пен бірлік діні екендігі, ислам ғылымы жайында жазылған еңбектері бар.

Мұғалім: Діни экстремизм және оның алдын - алу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

1. Экстремизмге қарсы күрестің бірден - бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары.

2. Әйтседе жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес, Секталардың, экстремистік топтардың қауіпі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет.

3. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп, отырумыз керек деп сөзін аяқтады.

Түйін: әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес, Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын.



Терроризм – адамзаттың қасіреті
Мақсаты: А) Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Жүру барысы
1. Кіріспе сөз

Терроризмге қарсы күрес бүгінде әрбір елдің ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттарының біріне айналды. Бүгінгі әңгімеміз терроризмнің саяси - әлеуметтік құбылыс ретіндегі табиғатына арналмақ. Табиғаты күрделі, тарихы тереңде жатқан бұл құбылыстың мән - жайын түсіну сарапшылар деңгейінен қалың оқырманға қарай жол тарта бастады. Біз де сол үдеріске қарата бет бұрмақпыз. Ендеше барлығыңа ортақ сұрақ: Терроризм дегеніміз не? Оның анықтамасы қандай?
Оқушы: Латынның «terror» деген сөзі үрей, қүш қолдану, қорқыту деген мағынаны білдіреді. Қазақстан заңындағы терроризмнің анықтамасы былай болып келеді: «Терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы».
Оқушы: Қазақстан заңындағы терроризмнің анықтамасы орыс заңынан алынған. Ал Американың терроризм жайлы анықтамасы бұл құбылысқа толықтай саяси түс береді. АҚШ заңына сәйкес «Терроризм – бейбіт адамдар мен түрлі нысандарға қарсы саяси мақсатты көздеген түрлі топтар мен астыртын әрекет ететін агенттердің қоғамның көңіл - күйіне ықпал ету ойымен күш қолдануы» болып табылады.

Мұғалім: Осы алдына қойған саяси мақсатына байланысты терроризм төрт түрге бөлінеді. Біріншісі, ұлтшылдық сипаттағы терроризм. Бұл террористер сепаратистік, ұлт - азаттық мақсаттар үшін күреседі. Сепаратистік мақсаттағылар ретінде Шығыс Түркістандағы ұйғырларды, Ресейдегі шешендер мен Түркиядағы күрділерді айтуға болады. Ұлт - азаттық мақсаттағылар -- Африка мен Азиядағы колониялардың Еуропадағы метрополияларға қарсы күресуші ұйымдары мен жеке тұлғалары. Ұлы державалардың азат елдерге құлдық қамытын кигізуі тарих сахнасына ұлт - азаттық күресін әкелді.

Екіншісі, діни терроризм. Бұл ең бір қатыгез, қисынсыз, әсіре идеологиялық негізге құрылған терроризм. Бұл қанды текетірестер тек діндер арасында емес (мұсылмандар - яһудилер) бір дін ішіндегі ағымдар мен бағыттар (шиалар мен суннилер, котоликтер мен протестанттар) арасында да жалғасып жатыр. Үшіншісі, қоғамдық құрылысты өзгертуді мақсат ететін, идеологиялық - әлеуметтік немесе революциялық терроризм. Миллиондаған адамдарды құрбан еткен коммунистік қызыл террор – сталиндік репрессиялар (10 - 15 миллион адам), Қытай көсемі Маоның «мәдени революциясы (15 миллион), 3 миллионға жуық адамның өмірін қиған Комбодже коммунистерінің басшысы Пол Пот Иенг Саридің әрекеті коммунизмнің нағыз террористік идеология екенін көрсетті. Бұл террор Лениннің билікте тұрған кезінде басталған болатын. Лениннің «Расстрелять» деген бұрыштама қойылған талай құпия декреттері мен қаулылары бүгінде әлеуметтің назарына ұсынылып жатыр. Ал енді осы тақырыпқа дайындалып келген оқушыларымызға сөз берейік.
Оқушы: Терроризмнің тарихы біздің эрамызға дейінгі дәуірлерден бастау алады. Қарсыластары мен мұрагерлерінің қолынан қаза тапқан патшалардың өлімін (саяси террор) есепке алатын болсақ, алғашқы террорлық актілердің бірі Александр Македонскийдің әкесі б. э. д. 340 жыл бұрын өлтірілген екен. Саяси террор орта ғасырларда үдей түсті. 1090 жылы қазіргі Иранның солтүстігіне орналасқан Хамадан аңғарындағы Аламут қамалын басып алған Хасан ибн Саббахтың ұйымы бір жарым ғасыр бойы террорлық әрекеттерді жүзеге асырып, Парсы бұғазы мен Жерорта теңізі аралығында орналасқан елдердің жүзден астам халифалары мен қазиларының, әскер басшылары мен ресми дін басшылардың жастығын қуратты. Бұл террористер сол ұлан - байтақ өңір басшыларының өмірін ізден шығарып, сол замандағы билеушілердің үрейін ұшырып келді. Тек 13 - ғасырдың ортасында Шыңғысханның әскерлері бұл аймақты орта ғасырдың ең қанды қол террористерінен біржола құтқарды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет