Сабақтың тақырыбы : Евгений Брусиловский. Қазақ музыкасының інжу-маржанына айналған«Қыз Жібек» операсы



бет2/4
Дата24.06.2023
өлшемі0.56 Mb.
#475340
түріСабақ
1   2   3   4
хасанова ашық сабақ

3. Жаңа сабақ (20мин)
Биыл қазақ музыка өнерінде еуропалық бағыттағы шығармашылық мектептің қалыптасуына үлкен үлес қосқан , қазақтың алғашқы операсының авторы, Қазақ КСР-ның халық әртісі, композитор Евгений Григорьевич Брусиловскийдің туылғанына 115 жыл. Сонымен қатар «Қыз Жібек» операсының алғаш сахналанғанына 85жыл.
Брусиловский Алматыға алғаш рет 1933 жылы 2 жылға деп келген, бірақ 40 жыл ғұмыры сол жақта өтті. Қазақстанда көптеген дос тапты. Қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушы деген құрметті атаққа ие болды. Брусиловский қазақ музыкасына шын ынтық болды.Оған бар саналы өмірін арнады.




Брусиловскийдің қазақ жеріне табан тіреуіне Ахмет Жұбановтың тікелей қатысы бар. Жұбанов халық ағарту комиссариятының тапсырмасымен Ленинградтан шығармашылық көмек сұрап арнайы барған. Ондағы мақсаты елдің кәсіби мәдениетін көтеру үшін кәсіби композитор шақырту еді.





Оның қазақ музыкасына деген қызығушылығын оятқан ұстазы Максимилиан Штейнбергтің өзі. Ол уақытта «Түрксіб» симфониясын жазу үстіндегі Штейнберг Брусиловскиймен бірігіп Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» ноталарын қарайды. Штейнберг қазақ музыкасымен ертеректе таныспағанына өкінеді.






Евгений Григорьевич Брусиловский 1905 жылы 30 қазанда Дондағы Ростов қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы көкірегі ояу, көздері ашық жандар еді. Әкесі балаларын көркем әдебиетке ынтық етіп тәрбиеледі. Анасы опера әншісі еді. Бірақ шаңырақ көтергеннен кейін бар өмірін балаларының тәрбиесіне бөлген. Үйлерінде үлкен қара рояль бар екен. Қонақжай отбасына түрлі жазушылар мен музыканттар жиі жиналатын. Анасы ән салып, ал кішкентай Женя рояльмен сүйемелдеген. Олар сондай бақытты отбасы еді, бірақ көп ұзамай әкесі дүние салып, әпербақан шенеуніктер үйлерін тартып алып, анасы 3 баламен тағдыр тәлкегіне салады, 1 жылдан соң анасы да қайтыс болады. Балалар бір-бірінен ажырап қалады.

Жоқтық, аштық 15 жасынан жұмыс жасауға мәжбүр етеді. Бірде большевиктер жергілікті жас таланттар байқауын ұйымдастырып, ондағы өз шығармасын рояльда ойнаған Брусиловскийдің талантына тәнті болып, оны Мәскеу консерваториясына жібереді.
Жоқшылықтан Мәскеуде де құтыла алмайды. Шала піскен бір тілім нан мен крандағы суды ішіп өмір сүреді. Жұлым-жұлымы шыққан киіміне де жұрттың жақтырмай қарайтынына да көзі үйренген. Қыста бас киімі де жоқ, плевриттің ауыр түріне шалдыққан ол ауруханада жарты жыл жатып қалады. Видео
Қазақстанға келген Брусиловский Алматының қайнаған тіршілігіне бірден бойып кетті. Қазақтың музыкасы оны өзінің бірегейлігімен, әуезділігімен өзіне бірден баурып алды. Сол кезде қазақтың 250 әні мен күйлерін нотаға түсірген екен.Ол оған қазақ музыкасының этетикасын толық танып білуге, оның қисынын ұға, және ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік берді. Ағайынды Махамбет пен Науша Бөкейхановтар, Қали Жантілеуов, Әміре Қашаубаев, Дина Нұрпейісова сынды һас таланттардың ешқайсысы кәсібі білімі жоқ болса да, тамаша орындаушылығы мен шеберлігі Брусиловскидің санасына төңкерілістей әсер етті.




Брусиловский музыка жазумен қатар шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық етіп композиторлық мектептің қалыптасуына әсер етті.Оның шәкірттері: Мұқан Төлебаев, Еркеғали Рахмадиев, Құддыс Қожамияров, Бақытжан Байқадамов, Сыдық Мұхамеджанов, Қапан Мусин және т.б.Сонымен қатар композиторлар одағын құрып, өзі 15 жыл басқарған. 1945 жылы Брусиловский Мұқан Төлебаев және Латиф Хамидимен бірігіп Қазақстанның алғашқы мемлекеттік әнұранын жазды. Ал,енді қазақтың алғашқы операсының пайда болу тарихына тоқталайық.
Темірбек Жүргенов Брусиловскийді қабылдап, оған тапсырма береді: қазақтың алғашқы операсын жазу керек, бірақ бір шартым бар, бұл операның ішіде қазақи колорит , қазақтың иісі болуы керек дейді. Либреттосын сол кездегі жас Ғабит Мүсірепов жазады. Ол композиторға барлығын түсіндіріп жеткізеді


Опера 4 бөлім, 5 суреттен тұрады.Либреттосын жазған Ғабит Мүсірепов. Операда ХІҮ-ХҮ ғасырда өмір сүрген Жібек пен Төлегеннің махаббаты баяндалады. Опера жанры трагедия. Жалпы бұл дастанның 13 нұсқасы бар. Брусиловский мен Мүсірепов бірлесе отырып керемет туынды жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет