Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасыр әдебиеті Сабақтың мақсаты



бет9/9
Дата25.02.2016
өлшемі0.8 Mb.
#20215
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

сайран жерімді Сарыарқаны күн жел су сен
Осы үш топтан шыққан оқушылар ақынның өз ойларын ортаға салады.

Мағжан - өлеңдерінде барлық тақырыптарды қамтыған ақын.оның лирикалық кейіпкерлері елі,жері,ата-анасы,сүйген жары,тау-тасы,орман-даласы,қазақ азаматы,ұлты, т.б. болып кете береді.

Мағжан үшін бай-кедей деген ұғым жоқ.Оның жүрегінде тек ұлт қана бар.Ол ұлты – қазақ елі.Ақынның қай өлеңін алсаң да,ақынның өз бейнесі «менмұндалап» көрініп тұрады. «Көбелек» деген өлеңін мысалға алайық.

Отқа ұшар көбелек

Қарамай сорлы алды-артын.

Ойына кіріп шықпайды

Күйдірер деп от-жалын, - деген жолдардан ақынның анық сөзі,сол кезеңдегі өмір сүріп отырған қазақ елі көрінеді.

«жазғы жолда» өлеңінде ақын:



Төрт жағы дала,жер де көк,

Дала өлік,жоқ бір от ...

Жер де жатыр тұншығып ... деп көзіне жас келеді Ақынның айтып отырғаны белгілі – қазағы.Сардалада мәдениет сәулесінен аулақ,табиғаттың тілсіз апатына құрбан болған,тұншығып жатқан қазағы.

IV. «Талдау – табыс кілті».Жаңа сабақты меңгеру.

ҚАЗАҚ – ҰЛТ – МАҒЖАН. Осы үш таған арқылы біз ақынның лирикалық кейіпкерін танимыз.

1-топ оқушысы «Қазақ» туралы мәлімет береді. 2-топ оқушысы «Ұлт» жайлы түсінік-пайымын байланыстыра айтып береді.

3-топ оқушысы Мағжанның өлеңдерінен үзінділер оқи отырып суреттеулер жасайды.



V. «Өзіндік ізденіс – білім негізі». Бекіту.

Үш топты оқушыларынан бір-бірден шығып,үлестірмелі кестеде берілген тапсырманы орындайды.

Тапсырмалар

1.Мағжанның өзің қалаған бір өлеңінің құрылысын талдап көрсет.

2.Мағжан өлеңдерінде қандай троптар пайдаланылады? Мысал келтір.

3.Мағжанның үлгісімен өлең жазу.



VI.Үйге тапсырма.

Мағжанның қай өлеңдерінің шумақтары екенін анықтау.

1.Күш кеміді,Айбынды ту құлады.

2.Күнбатысты шаң басқан.

3.Күннен туған баламын,

Жарқыраймын, жанамын.



VII. Сабақты қорытындылау. Мағжанның лирикасы жайлы қысқаша пікір жазу.

VIII.Бағалау. Топтық бағалау парағымен бағаланады.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Cабақтың тақырыбы: «Қамар Сұлу» романындағы Қамар бейнесі
Сабақтың мақсаты: білімділік - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы бойынша ғылыми бағыттағы ізденіс жұмыстары,деңгейлік тапсырмалар арқылы пікірталас ұйымдастыру,ой түйінін кейіпкерлер арқылы дәлелдеу; тәрбиелік - оқушыларды адами қасиеттерге баулу,автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету,әйел адамды құрметтеу сезімін жетілдіруге тәрбиелеу; дамытушылық - әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу,тақырыптас шығармаларды салыстыра отырып оқуды дамыту шығармашылық жұмыс арқылы таным түсініктерін дамыту,сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру,өз бетімен ізденуге баулу.

Әдісі: конструкциялау технолгиясы «Қ.Бітібаева),әр түрлі тапсырмалар,Б.Блум жүйесі бойынша анализсинтез,Венн диаграммасы арқылы образдарды талдау,логикалық модель арқылы шығарманың қорытындысын жасау,сұрақ-жауап.

Көрнекілік: шығармалар жинағы,хрестоматия,тірек кестесі,оқулық,сабақтың тақырыбы,эпиграфы жазылған плакат,тақта.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақ.

Сұлтанмахмұт Торайғыров – ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетінде өзіндік із қалдырған көрнекті демократ ағартушылардың бірі.Біз өздеріңізбен бүгінгі сабақта Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы бойынша ғылыми бағыттағы ізденіс жұмыстарын жүргіземіз.Қай дәуірде,қай қоғамда өмір сүрсе де әйел өмір тірегі,қоғамның қозғаушы күші,ұрпақ тәрбиелеуші екендігін жоққа шығара алмаймыз.Феодалдық қоғамда өмір сүріп қалың мал құрбанына шалдыққан жүздеген қыздар мен әйелдердің көз жасы өздерің оқыған романдардың негізгі өзегі болды.Сондықтан біз бүгінгі сабақта сіздермен әйел тағдыры,оның сипаты,жан және тән жарасы жөнінде ой толғаймыз.

І топ. Сарапшылар тобы. 1. «Қамар сұлу» романының тақырыбы.

2. «Қамар сұлу» романының сюжеттік-композициялық құрылысы (шығарма құрылысы).

3. «Қамар сұлу» романының сюжеттік-композициялық құрылысы (шығарма құрылысы).

4.Б.Блум жүйесі бойынша анализ-синтез жасау.

Анализ.1.Ғашықтар әні: Қамар мен Ахметтің бір-біріне ғашық болуы. 2.Теңсіздіктің зардабы.

а) Ахметтің кетуі ә) Қамарды Жорға Нұрымға атастыру б) Омар мен Қасеннің қарсылығы в) Қалтан қажы мен Оспан бидің әрекеттері г) Қамардың сырқаты ғ) Надан молданың кесірі д) соңғы кездесу е) Ахметтің кегі ж) жастардың ажалы.

Синтез. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне байланысты топтастыру.

Қамар Ахмет

Ғашықтар әні

Заман заңынан «Қамар сұлу» Үстем Жорға Нұрым

Аса алмағандар романы тап Қалтан қажы,

өкілдері Оспан би

Әкесі Омар Бақсы-балгерлікті,

Ағасы Қасен. надандықты әшкерелеу

ІІ топ.Зерттеушілер тобы.

Өткен тақырыптас шығармалардың басты кейіпкерлерін «М.Дулатов «Бақытсыз Жамал», С.Көбеев «Қалың мал», С.Торайғыров «Қамар сұлу» Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

Венн диаграммасы бойынша салыстырмалы мінездеме:

Ұқсастықтары: 1) үшеуі де 15-16-дағы жас қыздар; 2) үшеуі де малға сатылған; 3) үшеуі де көрікті; 4)үшеуі де өз бақыты үшін күресе білетін қыздар.

Сабақтың қорытындысы. «Ой шабуылы».

Бақыт дегеніміз не? Қалай күресуге болады?

қоғам көрікті,ақылды,

қайраткері ұстамды,төзімді
ержүрек,батыр Қазақ әйелі оқыған,көзі ашық,білімді

ер азаматтың ақылшысы отбасының тірегі,бала тәрбиесіне жауапты


Бүгінгі сабағымыздың «Адамдық негізі - әйел» деген эпиграфын көз жеткізіп талдай алдық па? Эпиграф жайлы пікірлеріңіз.
Үйге тапсырма: «Адамдық негізі - әйел» тақырыбында шығарма жазу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы : ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ

Сабақтың мақсаты : Ж.Аймауытов шығармаларын оқыта отырып,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;

дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады.

1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, "Қазақ тілі" газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын "Ақ жол" газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, "халық жауы" деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.

Кітаппен жұмыс: Ж.Аймауытовтың шығармаларын оқып талдайды.
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

1.Ж.Аймауытов жайлы не білесіңдер?

2.Ж.Аймауытов шығармалары кеңестік дәуірде жарыққа шықпады. Бұған не себеп болды деп ойлайсыңдар?

3. Ж.Аймауытов М.Әуезовпен бірлесіп семей қаласында қандай журнал шығарды?


Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ж.Аймауытов өмірбаянын оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Ж.Аймауытовтың шығармашылық мұрасы

Сабақтың мақсаты : Ж.Аймауытов шығармаларын оқыта отырып,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;

дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен "Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға", "Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Газет беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларының өзі бір төбе.

Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған "Жазушыларға", "Неғып отыр?", "Ах-ха-ха-хау", "Ұран", "Еңбекшілер ұраны" секілді өлеңдері мен "Нұр күйі" поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Ол құбылыстарды жанды да нанымды суреттер арқылы көрсетуге ұмтылады. Мәселен, "Көшу" өлеңінде қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты көрінсе, "Ұршық" өлеңіндегі ұршық иірген кемпірдің монологы арқылы қарапайым өмір көрінісі бейнеленеді.

"Нұр күйі" поэмасы 1929 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылады. Онда адамның көңіл күйі, қуанышы мен мұңы жырланады. Поэма жастарды өмірді сүюге, қиындыққа қарсы тұра білуге шақырады.

Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы — прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан "Қартқожа", "Ақбілек" романдары туды.

Кітаппен жұмыс: Ж.Аймауытовтың шығармаларын оқып талдайды.

Семантикалық картаны толтырады.

романдары

әңгімелері

повесі

пьесалары











Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

1. «Ж үсіпбек Аймауытов –аудармашы» деген тақырыпта не ойларың бар?

2.Ж.Аймауытов шығармалары кеңестік дәуірде жарыққа шықпады. Бұған не себеп болды деп ойлайсыңдар?

3. Егемен ел әдебиеті үшін Жүсіпбектің қалдырған мұрасының құндылығы қандай?



Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Ж.Аймауытов шығармаларын оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы: «Қалың мал» романы

Сабақтың мақсаты: оқушының роман туралы түсінігін кеңейту,ой жинақтау,тәрбиелік мәнін ашу,оқушыны өз ойын айтуға,еркін сөйлеуге баулу.

Көрнекілігі: таблицалар,суреттер,кубик.

І.Ұйымдастыру.(Сабақ компьютермен өткізіледі.)

ІІ. Кіріспе сөзі: 1.Мұғалімнің сөзі. 2. Шығарманың құрылымын талдау:

А) Шығарманың басталуы Ә) Оқиғаның дамуы Б) Оқиғаның шиеленісуі

В) Оқиғаның шарықтау шегі Г) Оқиғаның шешімі.

Оқушылар баяндайды,талдайды.



ІІІ. Оқушыларға арнайы дәптерлер үлестіріледі.Әр оқушы тапсырмалармен жұмыс жүргізіп баяндайды.

Тапсырма.Қызығушылықты ояту.

«Топтастыру стратегиясы»


Тапсырма

Тапсырма жауабын толтыр

Әдіс-тәсіл

1) «Қалың мал» романына ұқсас қандай жыр, романдарды білесің?












Өткен материалдарды еске түсіріп,қорытындысын айту.



Семантикалық картаны толтыр.


Оқиға шешімі

Сүйген жар төркіндетіп келе жатып батырдан мерт болады.

Сүйген жарды қара күш иесі қанжар салып өлтірді

Екі жас ат құйрығына байланып өлтірілді.

Боранды күні қыз өліп, қалтасынан хат табылды.

Сүйгенімен бақытты ғұмыр кешті.

Шығармалар

Еңлік-Кебек
















Қозы Көрпеш-Баян сұлу
















Қалың мал
















Қалқаман- Мамыр
















Бақытсыз Жамал


















Мағынаны ажырату. «Кубизм стратегиясы»


Тапсырма

Әдіс-тәсіл

Тапсырма жауабын толтыр

А) Суреттеп беріңіз

Образ жүйесін талда,басты кейіпкерлерді суреттеп беріңіз.

Ғайша

Қожаш


Итбай

Тұрлығұл





Ә) Салыстырыңыз. Венн диаграммасын толтыр.









Б)Зерттеңіз

Тест жұмысын белгілеңіз

І. «Қалың мал» шығармасы қандай үлгіде жазылған?

1. Драма. 2. Проза 3.Поэзия.

ІІ. «Е,Құдай! Менің де тілегімді беріп,байға қолымды жеткізетін күнің бар екен!». Шығармадағы кімнің сөзі? 1. Тұрлығұл. 2. Итбай 3. Байғазы.

ІІІ. «Қалың мал» романы қай жылы басылды? 1.1910ж. 2.1909ж. 3. 1973ж.

IV. Тұрлығұлға Ғайшаны ұсынған кім? 1. Итбай-Айсұлу 2. Байғазы-Құреке 3. Әбіш-Қожаш

V.Ғайшаның анасы кім? 1. Жібек 2. Шолпан 3.Ақсұлу





В) Қолданыңыз.Мәтіннен алған үзіндіні рөлде ойнап бер.


Г) Табыңыз

Романда қолданылған мақал-мәтелді тап

Мақал-мәтелді жазыңыз










Ғ) Талқылаңыз

Пікір айтыңыз

Пікір жазыңыз




  1. Ғайшаны Тұрлығұлға берген Итбай қылығына не дер едің?

  2. Сен Итбай орнында болсаң,қандай шешім қабылдар едің?

  3. Ғайша тағдырына кім кінәлі?






Ойтолғаныс сатысы.

  1. Шығармадан алған әсерім (эссе жазу)

  2. Өнерге әркімнің-ақ бар таласы

  3. Өлең шығару.


IV. Сабақты қорыту. Мұғалім сөзі.Шығарманы бүгінгі күнмен байланыстыра отырып сөзжұмбақ шешкізу.

V. Үйге тапсырма беру.

VI. Оқушыларды бағалау.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10

Cабақтың тақырыбы: Қазақтың бас ақыны

Сабақтың мақсаты: 1) Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолын,Абай шығармаларының өзіндік ерекшелігі,пікірлерінің құндылығы,ондағы дәстүр мен жаңашылдық жайлы білімдерін қалыптастыру; 2) шығармашылықпен жұмыс істеуге,оқып-білуге ынталандыру,ойлау қабілетін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру; 3) ұлтжанды болуға,отансүйгіштікке,еңбексүйгіштікке,табиғатты сүюге, адамгершілікке,өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: білімді тиянақтау.

Әдіс-тәсілдері: іздену,баяндау,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Абайдың суреті,әдеби кітаптар,қосымша материалдар,электронды оқулық,Абай туралы зерттеу еңбектер,Абайдың бабалары мен балаларына арналған кесте,әдістемелік оқулықтар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, музыка, тарих.

Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Үй тапсырмасын сұрау;

  3. Үй тапсырмасын қорыту;

  4. Жаңа сабақ.


Қазақтың бас ақыны
Абай Құнанбаев 1845-ші жылы Семей облыы,Абай ауданында дүниеге келген. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты,Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос,Қайдос,Жігітек есімді үш ұрпақ тарайды.Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір ру болып кеткен.Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай,Көтібақ,Топай,Торғай деген төрт ұл туады.Ырғызбайдан: Үркер,Мырзатай,Жортар,Өскенбай тарайды.Өскенбайдың әйелі Зереден: Құнанбай туады.Құнанбай төрт әйелі болған адам.Оның бәйбішесі Күңкеден: Құдайберді,інісі Құттымұхамбетке айттырылып,қалыңдық кезінде жесір қалған соң,өзі алған екінші әйелі Ұлжаннан – Тәңірберген (Тәкежан),Ибрахим (Абай),Ысқақ,Оспан,үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла,Ысмағұл туады.

Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ.Абайдың «Атадан алтау,анадан төртеу едім» дейтіні осыдан.Болашақ ақын сабырлы мінезімен,кеңпейілімен ел анасы атанған кәрі әжесі – зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп өсті.Абай әуелі Ғабитхан деген молдадан сауатын ашады.Он жасқа толған соң үш жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды.Ол медреседе араб,парсы тілдеріне негізінен дін сабағы жүргізілетін еді.Ол енді дін оқуын місе тұтпай,білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады.Сөйтіп,көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен,араб,иран,шағатай тілінде жазылған ертегі,дастан,қиссалармен танысады.шығыстың Низами,Науаи,Сағди,Хафис,Сафи сияқты ұлы ғұлама ақындарына бауыр басады.

«Абай лебі,Абай үні,Абай тынысы – заман тынысы,халық үні.Бүгін ол үн – біздің де үнге қосылып,жаңғырып,жаңа өріс алып тұр». Мұхтар Әуезов.

«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев.Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». Ахмет Байтұрсынұлы.

Сәбит Мұқанов Абайды «Ақыл-ақын» деп биікке көтерді.

Абайдың бабалары мен балалары


Ырғызбай
Өскенбай
Зере




Құттымұхамбет Құнанбай Тайбала




Күңке Ұлжан Айғыз Нұрғаным
Құдайберді Тәңірберді Қалиулла
Абай Смағұл
Оспан
Ысқақ




Дәметкен Ділдә Еркежан Әйгерім
Омар Ақылбай Тұрагүл
Шәке Күлбадан Мекаил




Мұртаза Әкімбай Зекаил
Шәкәрім Әбдірахман Кенже
Гафур Мағауия Рахила




Бердеш Райхан

Зият Баязит Уәсила Әлімқұл Қалиман
Ахат Махфура Сағадат Зұбаир
Гүлнар Құтайба Рухия Ақыш
Жағыпар Пәкизат Жабрахил
Кәмилә Әубәкір Мекен

Исраил

Ғазел Бағыпұр Нәзипа

Ишан Айдар Кәсира

Данияр Күлзипа
Ал, А.Байтұрсынов болса,Абайды қазақтың бас ақыны етті.

Орыстың сыншысы Белинский: «Орыстың әдебиеті Пушкиннен басталады,орыстың қан тамыры соның поэзиясында ғана соғады», - деген.Ал біздің поэзиямыздың қан тамыры Абайдан бастау алады.



«Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас» - деп, өзге өнерден сөз өнерін жоғары қояды.Ұлттың тілі – сол ұлттың айнасы,құралы.Абай ұлттық тілдің сол ұлтқа жат, түсініксіз сөздерден таза болуын талап етіп былай дейді:

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол – ақынның білімсіз,бейшарасы.

Абайдың музыкалық мұрасын зерттеуде інісі Ысқақтың баласы Архамның үлесі зор.1935-ші жылы латиф Хамиди екеуі реттеп шығарады.1938-ші жылы Уәли Бекенов «Тор жорға», «Май түні» күйлерін нотаға түсіреді.1957-жылы «Желдірмені» Хамза демесіновтың орындауымен қағазға түсіреді.

Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен,80-жылдары орыс демократтары Н.И.Долгополовпен,А.А.Леонтьевпен танысады.Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигені сөзсіз.Бірақ А.Құнанбаев орыс мәдениетімен,демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы танылды деу ағат айтқандық болар еді.Бұл тұста,М.Әуезов: «Орыстың тілін біліп,орыстың ұлы мәдениетін мол,терең тани бастаған Абай озық ойды бұлардан үйренбейді.Пушкиннің өзінен,Белинский,герцен,Чернышевский,Салтыков-Щедрин,Некрасовтардың өз мұраларын оқып,кең,терең,тәрбие алды», - деп тұжырымдайды.

Абай осылайша Еуропаның гете,Байрон сияқты ақындарын,Спенсер,Спиноза,Льюис,дарвин,Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды.Сөйтіп,М.Әуезовтің сөзімен айтқанда, «1884-жылдары өзінің қырыққа таянғанында ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды».



5.сабақты бекіту.

1. Ақынның қарасөздері,аудармалары (Ақын поэзиясынан үзінді оқу,мазмұнын ашу)

2. «Ғалым өлмес – қағазда аты қалар».Ақынның мақал-мәтелге,нақылға айналып кеткен сөздерін жатқа айту.

3. «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді оқу және морфологиялық,синтаксистік,фонетикалық және сөздердің байланысу түрлеріне талдау.



6
Аудармашы

Ақын

Ағартушы

Суреткер

Азамат-қайраткер

күйші

сазгер

Қарасөздің шебері

Сыншыл реалист
. Сабақты қорыту.
Топтастыру әдісін қолдану арқылы сабақты қорытындылаймын.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, сызба-нұсқаулар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Балалар, біз қазақ әдебиетін нешеге бөлеміз?Мына сызбаға қарап ойларыңды жеткізіңдер.


Қазақ әдебиеті





Ауыз әдебиеті

Жазба әдебиеті

Әлем әдебиеті

Әдебиет теориясы бойынша жұмыс жүргізу:

Кез-келген шығармаларды оқып,оны композициялық құрылысына қарай талдап,ондағы метафора,эпитет,теңеулерді табады.
Шығармашылық тапсырма: Өткен тақырыптардан өздеріңе ұнаған тақырып бойынша ойтолғау жазыңдар. Неге ұнады?

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын

  1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

  2. Жазба әдебиетінің ауыз әдебиетінен қандай айырмашылығы ба?

  3. Ауыз әдебиетінің қандай салаларын білесіңдер?

  4. Әлем әдебиеті дегеніміз не?


Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Ақын-жазушылардың әңгімелерін,романдарын оқып келу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет