«Стопкадр» әдісі.Экраннан: «Заман-ай «фильмінен үзінді көрсетіледі.
-Фильмде қандай оқиға суреттеледі?
-Фильмнің бүгінгі сабаққа қатысы бар ма?
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Киелі қаламын шындықпен суарып, ұлтының қасіретін көркем шығармаларына арқау еткен заңғар жазушымыз Қ.Жұмаділовтың «Тағдыр» романы
Слайдтан сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырам.
Экраннан: Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян көрсетіледі.
Слайд арқылы «Тағдыр» романы бойынша қысқаша түсінік беріледі.
«Сұрақ-жауап» әдісі
Роман неліктен «Тағдыр» деп аталды?
Автор шығармасында қандай мәселе туралы айтады?
Қандай тақырыпты көтереді?
Роман сюжетінде қандай оқиғалар айтылады?
Дескриптор
-сұрақтарға жауап қарастырады.
-дұрыс жауап ортада талқыланады.
1-тапсырма
Топтық жұмыс
Шарты: Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымын талдап, идеясын анықтаңдар.
Дескриптор
Романның сюжеттік-композициялық құрылымын талдайды.
Композициялық талдау арқылы идеялық мазмұнын түсінеді.
|