Сабақтың тақырыбы : Киелі аспап-қобыз



жүктеу 62.99 Kb.
Дата13.06.2016
өлшемі62.99 Kb.
Мекеме атауы: ___Қ. Бекхожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі

Аты-жөні: _____Рахметова Динара Сагинбаевна_

Лауазымы:___Музыка пәнінің мұғалімі_________________

Жұмыс өтілі:_9 жыл_____________________

Санаты:___ІІ (екінші)____________________

Пәні: ____Музыка______________________

Тақырыбы:_ «Киелі аспап-қобыз»__________

Сынып__5-сынып________________________



Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап-қобыз

Мақсаты: Оқушыларды қобыз аспабымен таныстыру, күй атасы - Қорқыт жайлы түсінік беру, қобызға арналған күйлерді тыңдату..
1. . Қобыз күйлері арқылы оқушылардың сана сезімін, ой - өрісін кеңейту. Өткен заман мен қазіргі заманды сабақтастыра отырып баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру.

2. Музыкалық қабілеттерін одан әрі дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Туған жердің табиғатын сүюге, жан - жануарларға қамқор болуға баулу.

3 .Музыка арқылы адал, сезімтал, адамгершілікті, салауатты, инабатты бала тәрбиелеу.
Көрнекілік : Қобыз, домбыра аспаптары, слайд көрсету, үнтаспа, Қорқыттың суреті, қобыз аспабы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын элементтері, музыка тыңдау.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме?

Сәлем бердік сізге!

Ән сабағы сыйласын,

Жарқын көңіл бізге.

Сұлу сазды әнім,

Күймен жырлар сәнім.

Өнерліге құрметпен,

Қол соғыңдар бәрің!!!



Үй тапсырмасын сұрау :(слайд)

Нені білдік? Домбыра құрылысы:


Күйші композитор Құрманғазы Басы
Батыс Қазақстан құлағы
Атасы Алқа мойны
Әкесі Сағырбай пернесі
Шәкірті Дина ішегі
Күйлері «Ақсақ киік» «Адай» «Балбырауын» дыбыс шығатын
Еркіндік, теңдік үшін күрескер шанағы
тиегі
түймесі

Жаңа сабақ : І. Жаңа тақырыптың аты «Қимылды түсін» ойыны арқылы ашылады.

«Киелі аспап -қобыз»

(Слайд арқылы түсіндіріледі)

а) Қобыз – көнеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы. Скрипка аспабының атасы саналатын қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген.

Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады. Себебі, қобыз тартқан бақсы сынды жандардың адам тағдырына әсер ететін күші, бойында үлкен қабілеті бар болған. Қобыздан шыққан үн адам бойындағы әлсіздік я жағымсыз күштерді сыртқа шығарып, оған күш-қуат береді. 



Қоңыр үнді қобыз ғасырлар сырын жетелейтін киелі аспап. Қобыз десе біздің санамызға Қорқыт ата түседі. Қорқыт бабамыздан қалған қасиетті қара қобыз ғасырдан - ғасырды жалғап, сазды сарынын үзбей қазақ халқының қуанышы мен қайғысын жеткізіп келеді.

«Нарқобыз», «Қылқобыз», «Прима-қобыз» деп бөлінген топтарға тапсырма беріледі: «Алма ағашына» жауап берген сайын алма ілінеді. (1алма-10 ұпай)

1) Қорқыт ата кім болған

2) Қорқыттың Қорқыт деп атануы

3) Қобыз аспабының шығу тарихы

ә) «Қобыздың атасы» атанған Қорқыт баба VIII - IX ғасырда қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыт алдағы күнді болжаған көріпкел , шебер

күйші және жыршы болған. Кішкентай күнінен бастап көптеген аспаптарда шеберлікпен ойнаған. Ол қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді.


Қорқыттың Қорқыт деп атануы

:Қорқыт дүниеге келер кезде жер дүниені қара түнек басып қатты дауыл соғып ел жұрттың үрейін ұшырады... Бала анасынан туа тіл қатып, сөйлей бастайды. Алғашында «бұл жеті басты жалмауыз болар» деп қорыққан жұрт оның адам нәсілі екенін көргеннен кейін ғана көңілдері жайланады. Содан, бұл ерекше болып өмірге келді, бәрімізді қорқытты деп, есімін Қорқыт деп қояды.

Қорқыт жасынан өте ұғымтал, болып өседі. Ол аспаптардың бәрінде керемет ойнайды. Адам мен жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді.




б) Қорқыттың қобыз аспабын жасауы туралы аңыз

Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы жөнініде мынадай аңыз бар: «Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде ойнайды екен. Алайда ол оған қанағаттанбай, адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанады. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай қалай., не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жаққан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар терісінен жасалған шанақ, ор текенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың кұйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» — деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна салып, осы айтылғандардың бәрін жасайды.
в) ( Слайд арқылы қобыздың құрылысы түсіндіріледі )Қобыз қайың, арша сияқты ағаштардың тұтас бөлігінен шауып жасалады. Бас, кеуде, аяқ деген үш бөліктен тұрады. Төменгі бөлік терімен қапталып, оған тиек қойылады. Екі ішегі жылқы қылынан тартылады. Аспап мүмкіндігі зор, әрқилы дауысты, оның ішінде табиғи дыбыстарды айнытпай шығарады.


г) Қобыздың түрлері: қыл қобыз, прима қобыз, нарқобыз (слайд сурет)

.ғ ) Қорқыттың күйлері: «Қорқыт» «Аққу» «Әуппай» «Башпай» «Желмая» «Ұшардың ұлуы» т. б.


д) Қорқыттың күйі :«Ұшардың ұлуы» Шығу тарихымен таныстыру,

«Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын «Ұшар» деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс болады. Сол кездегі елдің әдет-ғұрпы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір баласына қалған жалғыз көз – тазыны іздесе, ол ұшты-күйлі жоқ болып шығады. «Ескі жұртта қалған болар» — деп, ана бұрынғы қоныстарына келсе, айтқандай-ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай-сүйекті сырқырата аспанға қарап ұлып жатыр екен. Мұны көрген ана:

Жалғызымнан айырылдым,

Қанатымнан қайырылдым,

Ұшар,ұшар, кә-кә… – деп аңырайды.
Үнтаспадан тыңдау
ІІ. Ильнараның қобызбен орындауындағы «Ақсиса» әнін тыңдау (Оқушылар тыңдалған күйлерден алған әсерлерін айтады.)

ІІІ. Ән айту бөлімі: Музыкалық жаттығу жасау: До, ре,ми, фа, соль, фа, ми, ре, до, соль, до.

Үйренген: «Қазақстан» әнін айтып бекіту


ІV. Музыкалық ойын: «Қай аспаптың үні?» (Балалар үнтаспамен ойналып жатқан музыкадан қай аспаптың дауысы екенін табуы керек)
Қорытынды: «Алма ағашы» (Оқушылар 3 топқа «Қылқобыз», «Нарқобыз», «Прима-қобыз» боп бөлініп берілген алма ағашына сұрақ қойылған сайын алмаларды ілулері керек)

1. Бүгінгі сабақта қандай күйшімен таныстық?


2. Қорқыт кім болған?
3. Қорқыт қай жерде дүниеге келген ?

4. Скрипка аспабының атасы?


5. Қорқыт жасаған аспап ?
6. Қобыздың түрлерін ата

7. Қобыздың құрылысын ата

8. Қобыз бен домбыраның айырмашылығы қандай?
9. Қорқыттың күйлерін ата?
10. Қорқыттың қандай күйін тыңдадық?

Бағалау: Топбасшылары өздерінің топтарындағы оқушыларына берген бағаларын айтады.


Үйге тапсырма: Қорқыт туралы мәлемет жинақтау. Қобыздың суретін салу
Қоштасу: Мұғалім: Оқушылар:

Сұлу сазды әнім, Сұлу сазды әнім,

Күймен жырлар сәнім. Күймен жырлар сәнім

Кездескенше күн жақсы, Кездескенше күн жақсы



Сау болыңдар бәрің! Сау бол саз мұғалім!


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет