Конкурс жариялайды



Дата16.06.2016
өлшемі37.99 Kb.
түріКонкурс
Сайрам аудандық білім беру бөлімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сәйкес Сайрам аудандық білім беру бөлімінің "№ 37 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорлық қызметіне және Сайрам аудандық білім беру бөлімінің «Айнабұлақ негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорлық қызметіне
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Конкурс өтетін мерзімі:Сайрам аудандық білім беру бөлімі осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 жұмыс күні өткен соң белгілейді.

Конкурс өткізілетін орын: Сайрам аудандық білім беру бөлімі, мекен-жайы: Ақсукент ауылы, Жібек Жолы н/з, индекс 160800, телефоны 8(72531) 22-192, 72-124

Мекеменің мекен-жайы және қызметі: ОҚО, Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылы, Х.Нигмаджанов көшесі, 113 Сайрам аудандық білім беру бөлімінің "№ 37 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, білім беру қызметі

Мекеменің мекен-жайы және қызметі: ОҚО, Сайрам ауданы, Манкент ауылы, Қорғаншы көшесі, н/с Сайрам аудандық білім беру бөлімінің "Айнабұлақ негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, білім беру қызметі
Мекеме басшысын таңдауда қойылатын негізгі талаптар:

жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басқарушылық қызметте кемінде 1 жыл болуы тиіс немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы; бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы, үш жылдан кем емес педагогикалық салада әкімшілік жұмыс тәжірибесінің болуы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы, облыстық білім басқармасының кандидатура бойынша келісімінің болуы, сотталмаған болуы тиіс.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы»«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.



Лауазымдық жалақы мөлшері: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 86936 теңгеден 99102 теңгеге дейін

Комиссия белгіленген мерзімде конкурсқа қатысу үшін басшы лауазымына кандидат:

1) конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тiркеу орнын, нақты тұратын жерiн, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтiнiш;


      2) нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшiрмесi;
      3) нотариалды куәландырылған бiлiм туралы құжат көшiрмесi;
      4) нотариалды куәландырылған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
      5) бұрынғы жұмыс орны кадр қызметi куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөнiндегi жеке парақ
      6) бар жазалар мен көтермелеулердi көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндiрiстiк мiнездеме;
      7) нотариалды куәландырылған бар бiлiктiлiк санат немесе ғылыми дәрежесi туралы құжат көшiрмесi;
      8) медициналық куәландырудан өтуi туралы құжат;
      9) сотты болмағандығы туралы анықтама ұсынуы қажет.
    Аталған құжаттардың бiрiнiң болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негiз болуы мүмкiн.
Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзiнiң кәсiби жетiстiктерi, бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми зерттеулер, өзiнiң педагогикалық тәжiрибесiн қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректi расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.

Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: индекс 160800, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жібек жолы көш. н/з, Сайрам аудандық білім беру бөлімі. Анықтама телефоны: 8(72531) 22-192, 72-124

Құжаттар осы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланғаннан кейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейінгі 15 жұмыс күнінен соң тоқтатылады.
Сайрам аудандық білім беру бөлімі.
11.12.2015 ж
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
pages -> 2. Мақсаттарға жету және іс-шараларды орындау
pages -> 2015 жылдың 9 айға су көлігі қызметіне талдау Теңіз көлігі
pages -> Бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Атауы
pages -> Бәйдібек ауданының 2015-2017 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
pages -> Облыстың 2013-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына анықтама-негіздеме
pages -> Қаулы жобасына ТҮсіндірме жазба
pages -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет