Сабақтың тақырыбы : Компьютерлік вирустардан қорғау Сабақтың мақсаты



жүктеу 40.81 Kb.
Дата25.06.2016
өлшемі40.81 Kb.




Тақырыбы: Компьютерлік вирустардан қорғау
Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: А.Қалдыбекқызы


Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустардан қорғау
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен таныстыру. Аса белгілі вирусқа қарсы программаларды қарастыру.

Тәрбиелік: тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу;

Дамытушылық: оқушылардың танымын, зейінін, ойлау қабілетін дамыту.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуларын, оқу-құралдарын тексеру, назарларын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Қазіргі заман дербес компьютерлері мен оның құрамдас бөліктерінің түрлері

1. Дербес компьютердің минимум тізімін ата:



Жүйелік блок, монитор, пернетақта, маус

2. Дербес компьютердің қандай түрлерін білесіңдер?



Тасымал компьютерлер, қалта компьютерлері, планшеттік компьютерлер

3. Процессор дегеніміз не?



Компьютердің миы немесе компьютерді басқару құралы

4. Монитордың құрылымына қарай неше түрі бар және оларды ата.



ЭСТ, сұйық кристалды, плазмалық

5. Принтердің негізгі түрлерін ата. Олардың негізгі ерекшеліктері қандай?



Лазерлік, матрицалық, сиябүріккіш

6. Сыртқы жадыға нелер жатады?



Дискета, компакт-дискі, флэш-жады

Проблемалық сұрақ: Компьютермен жұмыс жасаганда қандай кедергілер кездеседі?

Вирус

Жаңа сабақ:


  1. Оқушылар күнделікті өмірде жалпы компьютерлік вирустар деген ұғыммен кездесіп жүрсіздер, кімнің қандай ойы бар? Компьютерлік вирус дегенімізді қалай түсінеміз екен? Кәне, ортаға салайық!

  2. Компьютерлік вирустармен күресу үшін қандай әрекеттер орындау қажет деп білеміз?

Бугінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы – Компьютерлік вирустардан қорғау.

Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі.

Компьютерлік вирус -өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.

Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:

Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын-оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар пайдаланылады. Вирусқа қарсы программалардың жұмысы файлдар мен программалардағы вирустарды жою және диагностикадан тұрады.

Қазіргі кезде вирусқа қарсы программаларды төмендегідей бірнеше түрге бөлуге болады.

Компьютерлік вирустармен күресу үшін вирусқа қарсы (антивирустық) программаларды тұрақты жаңалап тұру қажет.




4. Сергіту сәті.
5. Сабақты меңгерту

  1. тапсырма: (бос орынды толықтыр)

Компьютерлік вирус -өздігінен ________ қабілетті арнайы ______________, ол компьютер _____________сақталатын программалар мен файлдарды _________, _________және компьютерді _______________ мүмкін.

Компьютерлік вирустармен күресу үшін ______________________________ программаларды тұрақты __________тұру қажет.



  1. тапсырма:

Вирус әрекеттерінің олардың түрлеріне сәйкестіктерін тағайындаңдар.






  1. тапсырма: Оқулықтың сәйкес тақырыбындағы материалды пайдаланып, кестені толтырыңдар.




Антивирустық программа типі

Антивирустық программалардың негізгі міндеттері

Белгілі антивирустық программаның аты

Детектор программалар





Полифагтар





Ревизорлар




4-тапсырма



  1. Компьютерлік вирустардан қорғану жолдары

  2. Егер мен вирус болсам...”

Үйге тапсырма:

  1. § 5.5 Компьютерлік вирустардан қорғау

2. Антивирус программалары жөнінде мәлімет жинақтап келу


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет