Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ш.Мұртазаның «Жүз жылдық жара» әңгімесі бойынша орман ортасындағы кішкене көлшіктің суретін салып келеді. «Байшынар неге күңіренеді?» тақырыбына шығарма жазады.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Қ.Ысқақ «Қоңыр күз еді»
Сабақтың мақсаты:
а) Қ.Ысқақтың өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту;
ә) өнерді сүю,өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;
б) қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу,логикалық ойларын дамыту;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу, т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері,шығармалары т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
1. Шығармада баяндалатын уақиға қай жылдары,қандай жағдайда байланысты өтеді?
2. Мыңбұлақ аулын жазушы қалай суреттейді?
3. Бахтияр бағы,оның тал-теректері мен шипалы шөптері туралы не айтылады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келген әдеби толқынның басында тұрған аса көрнекті жазушылардың бірі –Қалихан Ысқақ. Ол Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданындағы Топқайың ауылында дүниеге келген.
Повестері: «Қоңыр күз еді», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны»
Романы: «Тұйық», « Қараорман», «Ақсу-жер жаннаты»
«Қоңыр күз еді» повесінің қышқаша мазмұнын айтып беремін.
Кітаппен жұмыс: Жазушының күзді,адамдарды суреттеген бейнелі сөздерін тауып оқйды.
Достарыңызбен бөлісу: |