Қорытынды бөлім.
Оқушылардың жинаған ұпайларын есептеп,жеңімпаз қатарды анықтау,белсене қатысқан оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма. Ғабит Мүсіреповтың ана тақырыбындағы басқа да әңгімелерін оқып,олардың ортақ идеясын табу,осы әңгімемен салыстыру.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: «Ақтамақ хикаясы» (Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі бойынша)
Сабақтың білімділік мақсаты: 1) әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу; 2) әнші бейнесін тереңірек талдап ашу; 3) жазушы идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:1) оқушыларды өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу; 2) ұлттық құндылығымыз бен намысымызды қорғай білуге үйрету; 3) ұлтжандылыққа,өз еліне деген сүйіспеншілікке баулу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:1) «Әдебиет пен өнер егіз» деген ұғымды ашу; 2)жеке және топтық жұмыста шапшаңдыққа баулу;3)өз ойын еркін жеткізе білуге,сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға баулу.
Сабақтың әдісі: сөзбен түсіндіру,талдау,өзара талқылау,ізденушілік.
Сабақтың түрі: жаңа материалды өздігінен игерту.
Сабақтың көрнекілігі: концептуалдық кесте,тапсырма парақтары,түсіндірме күнделігі,жинақтау плакаты, «Әміре - ән асқары» альбомы, «Әміре жайлы лебіздер» жинақ-кітапшасы.
Пайдаланылған әдебиет: «Портреттер», «Замана бұлбұлдары», «Ән асқары - Әміре».
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен сәлемдесу. 2.Оқушыларды топқа бөлу: І топ «Болашақ», ІІ топ «Ұлан», ІІІ топ «Өнерпаз».
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Әнші» әңгімесінің жалпы мазмұнын «Зымыран сұрақтар» әдісімен сұраймын.Барлығы 15 сұрақ. Сұрақ тез оқылады,жауап та тез,қысқа әрі түсінікті болуы керек.
1.Жүсіпбек Аймауытов кім? 2.Әңгімедегі әнші есмі. 3.Жазылған жылы. 4.Әмірханның өмірдегі бейнесі кім? 5.Автор әншімен қайда кездесті? 6.Әнші ән айтуды кімнен үйренді? 7.Әмірхан қандай әнші?
8.Әмірханның тұрмыс-тіршілігі қандай? 9.Әңгімедегі кейіпкерлерді ата. 10.Жастар не ұйымдастырды? т.б.
Оқушылар әңгімедегі басты тұлға Әмірқан бейнесін концептуалдық кестеге талдайды.
Әр топқа тапсырма қағаздары таратылады: І топ – мінезі; ІІ топ – қарым-қатынасы; ІІІ иоп – кәсібі.
К
сенгіш
бірбеткей
ақкөңіл
естеге орналастыру.
Әр топтан бір оқушы орындады.
әртіс
сері
әнші
сезімтал
бауырмал
көпшіл
қонақжай
Достарыңызбен бөлісу: |