Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ж.Аймауытұлының «Әнші» әңгімесін оқып мазмұндап келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытұлы
«Ақтамақ хикаясы»
Сабақтың мақсаты:
а) Мәтіннің мазмұнын меңгерту арқылы әншінің мәрттігі мен адамгершілігін,адалдығын ұғындыру;
ә) жазушы тілінің көркемдігіне тінті ете отырып,Ақтамақ хикаясы тақырыбында ой толғату,тілін ұштау;
б) өнер құдіретін сезінуге тәрбиелей отырып,ұлттық құндылығымыз бен намысымызды қорғай білуге баулу;
Сабақтың түрі: жаңа материалды өздігінен игеру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,сатылай талдау,өзара талқылау т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
1. Ж.Аймауытұлының қандай шығармасын білесіңдер?
2. «Әнші» әңгімесінде қаланың кедей жатақтарының кәсібі мен тұрмысы қалай суреттеледі.?
3. Әншінің салған әні мен тыңдаушылардың алған әсері, сезім-күйлері қалай беріледі?
4. Әншінің автор баяндайтын тағы қандай мінез-қылығы бар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Түсіндіру жоспары
1. Әншінің қарапайымдылығы 2. Әншінің орындаушылық шеберлігі
3. Әншінің өнерге сүйіспеншілігі 4. Әншінің адамға үйірсектігі
5. Азаматтық тұлғасы 6. Ән салу шеберлігі 7. Махаббатқа адалдығы
Әмірханның мінездемелік сипатына сатылай кешенді талдау арқылы өтілген тақырыпты пысықтап бекіту.
Әмірханның мінездемелік сипаты
Қарапайымдылығы: Әмірхан қол ұстасып,сыпайы амандасып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |