Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті,шығармалар жинағы т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
-Оқушылар,біз бүгін Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңін оқимыз.
Сәкеннің өмірінен мәлімет беремін
Топтастыру стратегиясы:
Ақын жазушы
Сәкен Сейфуллин
Ұ стаз драмашы
Зерттеуші қоғам қайраткері
Оқушылар пікірін толықтырып отырамын.
«Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқу. Сынып оқушылары алты топқа бөлінеді. Әр топ өлеңді композициялық ,сюжеттік құрылымына с әйкес оқып,мазмұндайды. Топ мүшелері толықтырады. (Өлеңді топтың оқу жүйесі: 1-2,3-4, 5-7, 8-11, 12-19, 20-21 шумақтары)
1-топтың жауабы Жалған достар қолыңда жемің болса,сені шырқ айналып,қасыңнан кетпейді. Ал қолыңнан билік кетсе, жемің таусылса,ол жалт береді. Ол дос емес,жалған дос.
2-топтың жауабы. Нағыз достар сырын ақтарып,бірін-бірі ұғынып,сыр түйінін берік сақтайды. Ондай достардың жан сарайы,жүрегі-берік қойма. Оны ақтаруға кез-келгеннің қолы жете бермейді. Тек достың досы ғана ақтара алады.
3-топтың жауабы. Сәкен де сағына сырласатын нағыз дос іздейді. Шын досының ішкі сырын мысал етіп жырлайтынын ескертеді.
4-топтың жауабы. Ақын досының ішкі сырын Сарыарқаның биік шыңдарына ,оның қалың нулы орманы,мұз бұлақтары мен табиғи байлығына теңейді. Меніңше, бұл суреттеме-досының жан дүниесі.
5-топтың жауабы. –Сол тауда биік шың бар,шың басында қойма бар,онда қымбат жасау бар; сол асыл бұйым,ғажап перне,сен оның кілтін тауып аш та,сым пернені басып қара; дұрыс бассаң ғана сырын ақтара аласың. Ақынның суреттеген қоймасы-досының жан дүниесі,жүрегі .
Достарыңызбен бөлісу: |