Кітаппен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Тұтқын табиғатпен қалай сырласады?
Тұтқын бостандықты неге теңейді?
Оның көңілі кімге асығып, кіммен іштей сырласып отыр?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: С.Сейфуллиннің «Қамаудан» өлеңін жаттап келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров
(1894-1938)
Сабақтың мақсаты:
а) І. Жансүгіров қызметі, өмірі, шығармаларының тақырыбы мен негізгі ойы туралы өз беттерімен және топпен білім алуға үйрету;
ә) оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін ,ой-өрістерін дамыту;
б) Ілияс шығармаларын талдау арқылы эстетикалық тәрбие қалыптастыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген С.Сейфуллинің «Қамаудан» өлеңін жатқа сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Тұтқын табиғатпен қалай сырласады?
Тұтқын бостандықты неге теңейді?
Оның көңілі кімге асығып, кіммен іштей сырласып отыр?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
І. Жансүгіров 1894 жылы Талдықорғанның Ақсу ауданында туған. Анасынан ерте қалған Ілиясқа ескіше хат танитын ,көзі ашық,көкірегі ояу әкесі Жансүгір ескі әңгіме,аңыз ертегі,жырларды жасынан құлағына құйып өсіреді. Біраз уақыт Қарағаш деген жерде Мамановтардың ашқан жаңа үлгідегі мектепте оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |