Сабақтың тақырыбы : Сөз басы Сабақтың мақсаты



бет35/90
Дата26.03.2024
өлшемі0.86 Mb.
#496542
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90
7-адебиет Сабақ жоспарлары

6-топтың жауабы. –Адамның жүрегі-алтын қойма,оның жайын сезе білетіндер ғана кілтін тауып аша алады. Ол-шынайы досың, жаныңның ұғатын жан.
Өлең 21 шумақтан,7-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған.
Сарыарқаның бір тауы бар,
Бір тауы бар сымбатты.
Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал,қымбаттым! –деп,Сәкен өмір қызығы –достықта,достастықта. Туған топырағыңда досың көп болсын! –деп тілеген екуен. Менің де тілегім-сендерге осы достық,-деп сабақты қорытындылаймын.
«Ой талқы сұрақтары» атты плакатты тақтаға ілемін.
1Достық дегенді қалай түсінесің?
2. Жақсы досты қалай табу керек?
3. Досыңның білместігін кешіруге бола ма?
4. Досыңның кім екенін ата-анаң білу ге тиіс пе?
5. Досыңның қандай болғанын қалайсың?


Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінен үзінді жаттап келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7




Сабақтың тақырыбы: Шығарма
Сабақтың мақсаты:
а) логикалық ойлау қабілеттерінөмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.
Жоспар--өте күрделі жұмыс. Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті тақырыпты,туындыны,оның идеясын ,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай етіп жасалуы тиіс.Оқушы шығармасының талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да байланысты. Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс,жүйелі жасауға үйретіледі.
Шығармаға жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты,мәселе мен туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты.Сондықтан шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын қаншалықты білетінін ,оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі.
Қорытынды бөлім –оқушы шығармасының түйінді өзегі. Мұнда оқушы сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін,тілек мақсатын жазушы я шығарма ,тақырып я мәселе туралы пікірін білдіреді.
Шығарма тақырыбына жоспар құруға көмектесемін.
Жоспар
I Кіріспе.
II Негізгі бөлім:
а)
ә)
III Қорытынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет