ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Талдау барысында әншінің жан-жақты қыры ашылды.Әншінің бұл қырлары алғашқы әңгімеде анықталса,біз үшін белгісіз бір қыры – сезімталдығы мен сыршылдығы.
Әмірқанның осы қырын ашатын жүрек түкпіріндегі мөлтек сыры іспеттес хикаясы бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы,негізгі өзегі екендігіне тоқтала отырып,жаңа сабаққа көшемін.
IV. Жаңа сабаққа көшу.
Ақтамақ хикаясы.
Мұғалімнің сөзі.Оқушылар! Біз өткен сабақта «Әнші» әңгімесі арқылы қазақтың атақты әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі мен өнері жайында білдік.Талантты жазушы Жүсіпбек Аймауытов әнші Әмірқан бейнесі арқылы қазақ ән өнерін,ұлттық мәдениетімізді қалың оқырманға паш етті.Бүгінгі жаңа сабақта біздер әнші бейнесін тереңірек ашуға бар ынта-жігерімізбен жұмыс істейміз.
Топпен жұмыс
Әр топқа тапсырма жазылған парақтар таратылады.Әрбір мәтінді /50-52-беттер/ абзацтарға бөліп,оны оқиды,мазмұндайды,тақырып қояды.
Әр топқа тапсырма жазылған парақтар таратылады.Әрбір мәтінді /50-52-беттер/ абзацтарға бөліп,оны оқиды,мазмұндайды,тақырып қояды.
І топ
1. Әңгімедегі ой бөлігі /4-5 абзац 50-бет/.
2. Ой бөлігіңді оқы. 3. Түсінгеніңді мазмұнда. 4. Тақырып қой. «Ақтамақ ару»
ІІ топ
Әңгімедегі ой бөлігі /2-3-4 абзац 50-51-бет/.
Ой бөлігіңді оқы. 3. Түсінгеніңді мазмұнда. 4. Тақырып қой. «Қос ғашық»
ІІІ топ
Әңгімедегі ой бөлігі /5-7 абзац 51-бет/.
Ой бөлігіңді оқы. 3. Түсінгеніңді мазмұнда. 4.Тақырып қой. «Жолы болған әнші»
2. Мәтінмен жұмыс
Бұл кезеңде хикаяның тілдік ерекшелігі талданады.Әр топ хикаяның толық мәтінімен жұмыс жүргізеді.
Теориялық ұғымдарды еске түсіріп аламыз /Жалқы есім,диалог т.б./.
Талдау жұмысын жүргіземіз.
І топ: жалқы есімдерді түр-түріне ажырату. ІІ топ: диалогтарды тауып,рөлдік оқу. ІІІ. Топ: Ақтамақ бейнесіне ассосиация құру.
3. Әр топ өз жұмысын тақтаға ілінген плакаттарға орындайды. Үлгісі:
І топ
Достарыңызбен бөлісу: |