VII. Түйін жасау.
«Әміре жайлы лебіздер» жинақ кітапшасымен жұмыс. Р.Роллан,А.В.Затаевич,А.В.Лунчарский,А.Барбюс,Ғ.Мүсірепов сөздерімен таныстырдым.
Жинақтау плакатын толтыру.
Тақтаға қазақтың кең даласы мен сұлу табиғаты бейнеленген плакат ілінеді.Плакатқа 5 жұлдызды орналастырамын әр жұлдызда Әміре бейнесін айқындайтын «Дала бұлбұлы», «Ғажайып әнші», «Ұлт мақтанышы», «Дара тұлға», «Алтын мұра» секілді эпитет сөздер жазылған.Осы сөздер арқылы әңгіме түйінін ашып,сабақты аяқтаймын.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Көксерек – табиғаттың тағы перзенті
Сабақтың мақсаты: 1) шығарманың мазмұнын талдай отырып Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдету; 2) оқушыларды адалдыққа,табиғатқа қамқор болуға,әр қадамын ойланып істеуге тәрбиелеу; 3) балаларды өз пікірін қорғай білуге үйрету,іздендіру арқылы ойлай білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сот сабақ
Сабақтың әдісі. Сұхбаттасу (қаралаушы,куә,күнәқар),айтыс,дәлелдеу.
Пәнаралық байланыс: жануартану.
Көрнекілігі: Мұхтар портреті,бүктеме,нақыл сөздер,сот киімін,қасқыр «киімін» киген оқушылар.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысын,мақсатын түсіндіру.Сот,адвокат,прокурор,куәгер сөздерінің мағынасына тоқталу,ашу.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Ұлы жазушымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың өміріне шолу жасайық.
Топтастыру әдісімен.
Мұхтар Әуезов кім?
Мұхтар Әуезов туралы суреттермен жұмыс.
Мұхтар Әуезов туралы естеліктер.
Ребус шешу.
Сұрақ-жауап
«Көксерек» сөзі сендерге қалай таныс?
«Көкерек» кімнің шығармасы? Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?
«Көксерек» әңгімесінің шығу тарихына тоқталу.
«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын оқушылардың көмегімен анықтау.
Оқиғаның мазмұнына тоқталу.
1.Көксерек Қараадыр аулында.
2.Көксерек түз тағысы.
3. Жекпе-жек.
Достарыңызбен бөлісу: |