Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Сүйемін мен Абайдың өлеңдерін» тақырыбында өлең шығару немесе ой толғау.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының қара сөздері
Сабақтың мақсаты:
а) А.Құнанбайұлының қара сөздерінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған?
2.Ақынды «Қазақтың бас ақыны» деп кім айтқан?
3.Ең алғаш шығарған өлеңдерін кімнің атынан жазған?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді.
Абайдың 45 қара сөзі бар. Жиырма тоғызыншы сөзінде қазақтың мақалдарының іске татырлығы да бар,іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа,не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар -дей келе мақалдарға тоқталып өткен.
Шығармашылық жұмыс: Абай сынаған мақал-мәтелдерді теріп алып,салыстыру жұмыстарын жүргізіңдер.
Мақал-мәтелдер
|
Абайдың сыны
|
Өз пікірің
|
|
|
|
Топпен жұмыс: «Ата-анадан тәтті жоқ» немесе «Періштені алтын да жолдан тайдырмас» тақырыбына шағын пікірлесу жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
-
Қара сөзден қандай тағлым,үлгі,ақыл-нақыл алдыңдар?
-
Қалай ойлайсыңдар,ақын сынын сол қалпында қабылдауға бола ма?
-
Ақынның қара сөз жазудағы негізгі мақсаты не?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: А.Құнанбайұлының Қара сөздерін оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасыр әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
а) ХІХ ғасыр әдебиеті туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңі ХІХ ғасыр –ХХ ғасыр бас екені анық. Бұл қазақ елінің бостандыққа ұмтылған,өзін-өзі іздеген ,өткен күндерін аңсай еске алып, ,бүгінінен түңіліп, бірақ болашағына үмітпен қараған шағы еді. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басы әдебиеттің шын толысып, ауыз әдебиеті кемеліне келіп,жазба әдебиетінің жарағын сайлап, өзге өркениетті елдермен бой таластырған уақыты десек те қателеспейміз.
Бұл дәуір Абай кезі болатын. Бір ғасырдан аса әр тарапты, әр бағыттағ жолдар Абай маңайында түйісіп, ары қарай Абай әсерін сездіре,ұлттық рухты бойына сіңіре ұласты.
Топтастыру стратегиясы:
Қарсылықты поэзия Сал-серілер поэзиясы
Ағартушылық-жаңартушылық бағыт мемлекетшілдік-ұлтшылдық бағыт
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
-
Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
-
Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
-
ХІХ ғасырда қандай тарихи жағдай болды?
-
ХІХ ғасыр әдебиетіне кімдердің шығармаларын жатқызамыз?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: ХІХ ғасыр әдебиетін оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы : Махамбет Өтемісұлы
Сабақтың мақсаты : а) Махамбет Өтемісұлының өмірінен мәлімет бере отырып, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;
ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Орал облысы, Жәнібек ауданындағы Бекетай құмы деген жерде дүниеге келді. Махамбет кейін перзенттік ыстық сезіммен әсірелей суреттеген, қуғында жүргенде аңсай сағынған бұл аймақ Бөкей ордасы, Бөкей хандығы немесе Ішкі орда деп те аталады. Еділ мен Жайық арасындағы бұл өлкенің Ішкі орда делінетіні сол кездегі Ресейдің шекаралық аумағына кіретіндіктен болса, Бөкей ордасы немесе Бөкей хандығы аталуы — Кіші жүздің бір бөлігін мұнда алғаш бастап әкеліп, қоныстандырған сұлтанның, кейінірек осы жердің ханы болған кісінің есіміне байланысты еді.
Өлеңдері: « Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», « Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», « Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Қызғыш құс»
Кітаппен жұмыс: Махамбеттің өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
-
Махамбеттің өмір сүрген кезеңдегі Қазақстанның,әсіресе Бөкей ордасындағы жағдай туралы не ойларың бар?
-
Махамбет жырларында жақсы азамат,жағымды образ болып кім суреттеледі?
-
Махамбет поэзиясындағы ұлттық өршілдік,қазақи ұлтшылдық туралы қандай пікір түйдіңдер?
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: М. Өтемісұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы : Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Сабақтың мақсаты : а) Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары тағлымдық шығарма екенін түсіндіру;
ә) оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,слайдтар
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
-
Абыл Тілеуұлының жинақтары қандай атпен жарық көрді?
-
Қандай айтыстарын білесіңдер?
-
Қандай жырларды жырлап жеткізген?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы дүниеге келген. Әкесінен 14 жасында жетім қалған ол жоқшылық-мұқтаждықты көп көреді. Жастайынан өлең шырқауды машық етеді. Ол қарапайым халықтың күйзелісін, махаббат бостандығын жырлап, адал еңбекке үндеген көптеген өлеңдерін жазады. "Жігіттің көркі - өнері", "Жақсылардан шыққан сөз" шығармаларында терең ойшылдың, сын көзбен қараушылық басым.
Майлықожа қазақ ақындарының дәстүрін жалғастырған. Шығыс әдебиетінің үлгілерімен жақсы таныс болғандықтан, өз шығармашылығының өрісін кеңейтуге, оларға еліктеп, мол әсер алғанын байқауға болады.
Ақын:
...Мәлім болған халыққа, Не жүйрік келіп дүниеге,
Өтірік емес анық та, Аяқтарын тіреді.
Өнер алды — тіл еді. Қарсыласқан хандарға
Сарттан өткен Науаи Үзеңгісін шіреді...
Тілдің гаусар гүлі еді. Бәрі де өтті дүниеден,
Парсыда еткен Фирдоуси, Адам бар ма оларды
Заманында дүр еді. Есіткенде күймеген, -
деп, оларға ерекше ден қойып құрметпен қарағанын, өзіне
үлгі тұтатынын мақтанышпен айтады.
Кітаппен жұмыс: Майлықожа Сұлтанқожаұлының толғауларын мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
-
Майлықожа қай жылы дүниеге келген?
-
Қандай толғауларын білесіңдер?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы : Шортанбай Қанайұлы
Сабақтың мақсаты : а) Шортанбай Қанайұлының шығармаларынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды жан-жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, тірек сызбалар т.б
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Ресейдің ел билеу жүйесін кезінде қатты сынаған ақынның бірі - Шортанбай Қанайұлы.
Ол 1818 жылы осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Қаратау-Қарназ деген жерде дүниеге келген. XIX ғ. орта шенінде Шортанбай Сарыарқаға келіп, Қарқаралы дуанына қарасты Арғын руынан тараған Қаракесек Кеней ішінде өмірінің соңғы жылдарын өткізді. Бастапқы кезде ол Жамантай төренің, кейін Жанғұтты бидің қолында болып, сол жерде қайтыс болды. 19 ғ. екінші жартысында феодализм іргесі ыдырай бастады. 1861 жылғы Ресейде болған крепостнойлық құқықты жою туралы заңның лебі Сарыарқаға да жеткен болатын. Міне, осы кезеңді жіті байқап, ой-түйгендерін ақын өзінің өлеңдері арқылы керсетті. 1868 жылы "Жаңа низам" заңы шықты. Енді қазақ елін билеу жүйесінде өзгерістер болды. Бұрынғы хан, төрелердің үстемдігі әлсіреп, қазақтың өз ішінен шыққан саудагер, байлар қатарға қосылып өз өктемдіктерін жүргізе бастады. Бұл кезде Сарыарқаны сауда-саттық жайлады, мал-мүлік базарға түсті, жәрмеңкелер жандана түсті, базар нарқын ақша биледі. Демек, капитализмнің элементі қазақ жеріне де ене бастағанын көреміз. Осы кезде байи бастаған саудагер, байлар ел билеу ісіне белсене араласуға тырысты. Кешегі феодалдық дәуірдің дәмін татқан Шортанбайлар күні өтіп бара жатқан хандық дәуірді аңсап, жаңа ене бастаған капиталистік қарым-қатынасты жатсынады. Ол өзінің "Бір насихат айтайын" деген өлеңінде:
Әуелі қорлар зор болды,
Сондағы зорлар қор болды.
Қайыры жоқ бай шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты - деп қазақ аулының тұрмысына жаңа ене бастаған сауда-саттық қатынасына шошына, үрке қарады. Бүкіл жұрттың саудаға араласып жанталасқа түскенін көріп қамығады.
Кітаппен жұмыс: Шортанбай Қанайұлының өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Қарауылбек Қазиевтің «Менің шешем» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: білімділік - автор туралы мәлімет беру,әңгіменің мәтінімен таныстыру,жазушының анаға деген сүйіспеншілігін оқушы сезімімен ұштастыру; дамытушылық - әдеби тіл нормасын меңгерген,шығармадан алған әсерлерін бүгінгі өмірмен салыстыра алатын,логикалық ойлау қабілеті қалыптасқан,жан-жақты дамыған жеке тұлға дамыту; тәрбиелік - анаға деген сүйіспеншіліктерін, құрметтерін арттыру.
Көрнекілігі: портрет,итербелсенді тақта,плакаттар,маркерлер.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Сабақ барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру,жағымды көңіл-күй туғызу,ынталандыру. Оқушыларды 3 топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Ой қозғау» стратегиясы.
Төлеген Айбергеновтың шығармашылығына байланысты «зымыран сұрақ» жүргізу:
1.Төлеген Айбергенов кім?
2.Ол қашан, дүниеге келген?
3.Қандай оқу орнын бітірген?
4.Қандай шығармаларын білесіңдер?
5. «Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы» дегенді қалай түсінесің?
6. Төлегеннің өлең құрылысына енгізген жаңалығы қандай?
«Мәнерлеп оқу» стратегиясы.
Т.Айбергеновтың «Ана» өлеңін мәнерлеп оқыту.Әр топтан бір оқушы мәнерлеп оқып жатқан кезде қалған топ мүшелері плакаттарға маркерлермен («Топтастыру» стратегиясы) жұмыс жүргізеді.Әр топ өздері құрған стратегияларына түсінік береді.
1-топ.Ана кім? (қызметіне қарай)
тәрбиеші
еңбеккер
Ана қамқоршы
пана
ақылшы
өмірге әкелуші
2-топ. Ана кім? (жынысына қарай)
қарындас
балдыз қайынбике
жар ене
қыз перзент
әже әпке
апа,шеше сіңлі
келін қайынсіңлі
3-топ.Ана қандай? (қасиетіне қарай)
ақылды
асыл
әдемі
АНА адал
мейірімді
рақымшыл
сұлу
Мұғалімнің өткен тақырыпты қорытындылауы.
Ия, өмірде ана атану,перзент сүю,артына ұрпақ қалдыру қашаннан да адамзат баласына тән ең асыл қасиет,үлкен арман емес пе?! Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған,өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен – аналар.Ана туралы тақырыпты біз бүгін жалғастырамыз.Бүгінгі қарастыратынымыз – Қарауылбек Қазиевтің «Менің шешем» әңгімесі.
Жаңа сабақты түсіндіру.
а) Қарауылбек Қазиев туралы мәлімет. (Интербелсенді тақта арқылы хронологиялық таблица толтыра отырып түсіндіру). Туған жылы – 1.05.1939ж.
Туған жері – Жамбыл облысы,Шу ауданы,Қарабұлақ ауылы.
Білімі – ҚазМУ, филология факультеті,журналистика бөлімі (1936ж.)
Атқарған қызметі – Жамбыл облыстық радио мен теледидар басқармасында жауапты қызметкер. Шығармалары – «Ақбантик» (1986), «Иманжапырақ» (1975), «Біз абитуриент едік», «Олар екеу, біз жалғыз», «Қашқын», «Үркер», «Кемпірқосақ» (1988). Дүние салған жылы – 1984 ж.
Әңгіменің мәтінін жоспар бойынша әңгімелеу:
-
Ұйқыдан ояту;
-
Жұмысқа деген құлшыныс;
-
Еңбекке деген сүйіспеншілік;
-
Соғыстың соңғы жылдары;
-
Ананы күту;
-
Бір үзім нан;
-
Табысу;
-
Таңғы ас;
-
Жиын-терін науқаны;
-
Ауданнан келген өкіл;
-
Сананы торлаған үрей;
-
Әке тағдыры;
-
Анаға деген ынтық сезім.
Бекіту:
а) 3 топ оқушылары да дәптерлеріне композициялық құрылысын талдайды;
ә) Мәтінмен жұмыс: Рөлдік ойын. 3 топ мәтін бойынша 3 көрініс көрсетеді;
б)Интербелсенді тақтамен жұмыс;
Венн диаграммасы
Соғыс кезіндегі балалар Ортақ қасиет Біздің замандастарымыз
в) «Автордың орнында» стратегиясы, 3 топ та ойтолғау жазады,қорғайды:
1. «Менің шешем»;
2. «Соғыс кезіндегі анаға арнау»;
3. «Соғыс кезіндегі замандасқа хат».
Қорыту:
а) Интербелсенді тақтадан Анаға арналған қанатты сөздер оқытылып қорытындыланады;
ә) Оқушылардың білімі бағаланады.
Үйге тапсырма: «Ана мен бала» туралы ойтолғау жазып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Сәйф Сараи. «Түрікше Гүлістан»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: шығарманы өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу; адамның адам болып қалыптасуында басты рөл атқаратын адамгершілік құндылықтар туралы әңгімелесу; Сәйф Сараи еңбегінің рухани нәрін оқушы бойына сіңіру.
Дамытушылық: әдеби тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; ойлау жүйесін жетілдіру.
Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелесу,оқулықпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих.
Өту барысы. І.Ұйымдастыру. Сабақта жоқ оқушыларды журналға белгілеймін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сынып оқушылары топпен жұмыс істейді.Үйге берілген тапсырма Рабғузидің қиссалары. 4 топқа төрт әңгімесі тапсырылады.Оқушылар өз топтарында әңгімені талдап,бір оқушы түйінді ойды айтады.
Басқа оқушылар да өз пікірлерін айтып,толықтырып отырады.Оқушылар жауабы бағаланады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Алтын Орда әдебиетінің тарихымен,Алтын Орда мемлекетінің қалай құрылғандығы жайлы оқушылар алдыңғы сабақта толық танысқандықтан Сәйф Сараи өмірі,шығармашылығы бірден таныстырылады.
«Түрікше Гүлстан» кітабындағы негізгі тақырып туралы айтылады. Кітапқа қысқа әңгімелер,нақыл,мақал-мәтелдер,кіргізілгендігі айтылады.Оқушылар жалпы кітап туралы мағлұмат алған соң,әңгімелері талданады.
Кез-келген топтан бір оқушы дауыстап,мәнерлеп оқиды.Оқушылар топ ішінде өзара талдайды. Бір оқушы шығып,өз ойын айтады,басқа топтар да өз пікірлерін қосып отырады.
Әңгімелер бойынша мынадай сұрақтар қоямын.
-
Кемедегі құлды суға тастағаннан кейін ол неге жылауын тоқтатты?
-
«Бейнет көрмеген адам рақаттың қадірін білмес» дегенді қалай түсінесіңдер?
-
«Ұзын бойлы ақымақтан,қысқа бойлы ақылды артық» дегеннің мәнісі не?
-
Наушаруанның «Әуелде зұлымдық аз еді,кейін әркім аз-аздап қосқанда, көбейіп кетті» деген сөзі қазіргі өмірге сай келе ме?
-
Ақымақ адам шынымен жөнделмей ме?
-
Өлген кісінің басына зәулім күмбездер салған дұрыс па? Тәж Махал,Айша бибі,Арыстан баб ескерткіштері ше?
-
Дәулетті адам дегенді қалай түсінесіңдер?
Әңгімені толық талдап болған соң,жаңа тақырыпты бекіту мақсатында «тест-интервью» жүргізіледі.
-
Сайф Сараидің «Түрікше Гүлістан» шығармасынан қандай қасиеттерді бойыңа сіңірдің?
|
Жауабы
|
|
а)
ә)
б)
в)
г)
ғ)
|
Осы қасиеттердің қайсысы қазіргі жастар бойында кездеспейді?
|
Жауабы
|
|
а)
ә)
б)
в)
г)
ғ)
|
Екі-үш оқушының жазғаны тыңдалады.Басқа оқушылардікі жиналып алынады.
Бұл тақырып ежелгі дәуір әдебиеті бойынша соңғы тақырып болғандықтан өткен тақырыптарды қысқаша қайталап өтеміз.
Жүсіп Баласағұни Ахмет Иассауи Қорқыт
Рабғузи әл Фараби
Махмұт Қашқари Сәйф Сараи
«Ұлылар шығармаларындағы үндестік не?» деген сұрақ қойылады.
Оқушылар қысқаша тоқталып өтеді. «Адамгершілік», «ізгілік», «қара ниетті болмау», «оқу-білім», «қанағатшылдық» екені айтылады
Достарыңызбен бөлісу: |