Сабақтың тақырыбы : Сөз құдыреті Сабақтың мақсаты



бет6/11
Дата10.06.2016
өлшемі0.77 Mb.
#126280
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сабақты қорыту. Қазақ өлеңдері көбінесе 7,8 және 11 буынды болып келсе,ақынның өлең құрылысына қосқан жаңалығы 18-19 буынды өлең жазғандығы туралы айта келіп,өлеңдеріндегі айтар ойы туралы ой бөлісу.
Түкпірімдегі дір ете қалғыш осынау құйттай жүрекпен

Келем мен бүгін қасиетті Қазақстанды көтеріп!
Тармақтағы ақын үнін талдау.

Ақын көре алмай кеткен туған Қазақстанның еркіндігін,егемендігін айта кету артық болмайды.

Тарихтың сан ғасырлық тарауларына шолу жасау,ақын үніне үн қосу.

«Мен ақын болсам...» атты тақырыпта ой қозғау.Бірнеше оқушының ойын талдау (ауызша).


Бағалау. Әр оқушының белсенділігіне,жауабына қарай бағалау.
Үйге тапсырма. Өлеңді оқу.Ерекше әсер еткен жолдарын жаттау.

«Туған жер – алтын бесігім» атты тақырыпта шығарма жазу.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: «Қаздар қайтып барады»

Сабақтың мақсаты: білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу; дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге,позициясын қорғай білуге дағдыландыру,сөйлеу тіліне,сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу,дүниетанымын кеңейту,пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру; тәрбиелік – туған жеріне,атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту,патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа білімді өз беттерімен меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс интерактивті,кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,топтық жұмыс,сұрақ-жауап,проблемалық сұрақтар,сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: портрет,плакаттар,түрлі-түсті қалам,әдеби көркем шығармалар жинағы,таратпалы карточкалар.

Техникалық құралдар: теледидар,бейнетаспа,үнтаспа,интерактивті тақта,компьютер.

Пәнаралық байланыс: тарих,музыка,география.

Сабақтың барысы. 1-сабақ.1.Ұйымдастыру кезеңі.сыныпты бес топқа бөлу 2.Үй тапсырмасын пысықтау

Жаңа сабаққа көшу. Менің кіріспе сөзім.

-Балалар,біз бүгін әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы,тарихи шығармалардың шебері Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен танысамыз.



Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Шығыс Түркістанда (Қытай Халық республикасы) дүниеге келген.1965 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология бөлімін тәмамдаған. «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен-ақ қазақ әдебиетіне талантты қаламгер келгенін дәлелдеді.Бірнеше әңгіме,хикаяттары, «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. «Тағдыр» атты романы үшін жазушы мемлекеттік сыйлыққа ие болды. « ... Қабдеш-тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы».2006 жылы жазушының 70 жасқа толған мерейтойы атап өтілді. Балалар,сендердің ойларыңша қаздар қайда қайтуы мүмкін.(Интерактивті тақтаға балалар өз ойларын ассоцация әдісімен жазып шығады..)

І.Ассоциация мекеніне

Көлге ұясына

Жылы жаққа суық жаққа

Туған жеріне балапанына
- Дұрыс,олай болса біз шығарманың өзімен танысып көрейік.

ІІ. Әңгіменің мазмұнымен танысу. (Бес топ оқушылар белгілі уақыт аралығында оқулықтағы әңгіменің мазмұнымен өздері оқып танысады.)

ІІІ. Оқығандары жөнінде топта отырып бір-бірімен ой бөліседі.

IV. Әр топ оқыған оқиғалары бойынша суретін салады. (Ол үшін оқушыларға плакаттар таратылады да,әңгіменің мазмұны бойынша суреті салынады және уақыт беріледі.)

V. Әңгімені салған суреттері бойынша баяндап береді. (Салған суреттерін ретімен тақтаға іледі де,әр топтан бір оқушы сурет бойынша әңгіменің мазмұнын айтып шығады.Қалған топтағы балалар әңгіменің ең маңызды деген жерлерін дәптерлеріне жазып алып отырады.)

VI. Проблемалық сұрақ қою. Мен қоятын сұрақ мына үлгіде. 1. Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді? 2.Оның бөтен елге баруының себебі неде,не үшін барған деп ойлайсыңдар? (Оқушылар өз ойларын айтып шығады.) 3. Жазушының өмірі мен әңгімесінің арасында қандай байланыс бар? (Әңгіменің идеясын ашу) 4. Байтас қарт неге шекараны бұзып өтті? 5. Қабдеш аға тарихи Отанына қай жылы оралған еді? 6. Жазушы,Байтас қарт,қаздың арасында қандай ұқсастық бар?

2-сабақ. Топпен жұмыс. І топ. Әңгімені оқығанда немесе тыңдағанда ойларыңа не сақталып қалды? сақталған жерлерін мәтіннен тауып оқыңдар. (Кітаппен жұмыс.) ІІ топ. Жазушы осы әңгімесі арқылы не айтқысы келді?Әңгіменің маңыздылығы неде?Туған жер топырағын аттаған қарттың сезімі,сағынышы,қуанышы қалай суреттелген? (Әңгіменің тақырыбын ашу.Туған жер жайында ой толғау.) ІІІ. Топ. Байтас қартқа мінездеме беріңдер.Оның мінезінен қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?


Шығарманың аты

Авторы

Кейіпкері

Іс-әрекеті

Адами қасиеті

«Қаздар қайтып

барады»


Қабдеш

Жұмаділов



Байтас қарт

Жолға шықты,қасқырмен алысты,

туған жерге асықты,шаршады,

қажыды,отбасынан айырылды,

немересін бақты,шекарадан асты,

туған жеріне жетті.


Қайсар,қажырлы,төзімді,

туған еліне деген сағынышы

басым,рухы биік,адал жан.


IV топ. Әңгіменің басты кейіпкері Байтас қарт арманына жетті деп ойлайсыңдар ма? Дәлелдеңдер.(Оқушылардың пікірі былайша өрбиді)


Жетті

Жеткен жоқ

Байтас қарт қырық жыл бойы күткен арманына жетті.

Ата-бабасы қалған,кіндік қаны тамған туған жеріне,өз үйіне келіп шамалы болса да ұйықтап,демін алды.

«Енді өліп кетсем де арманым жоқ» деді.


Байтас қарт арманына жеткен жоқ.Себебі жат жерде оның жақын адамдары қалды.Өзі туған еліне келгенімен,бір өзі қалай өмір сүрмекші?Оның үстіне артынан ит жетек-

теген шекарашылар түскен жоқ па?


V топ. Шығарманы құрылысына қарай талдаңдар.Әңгімеде кездесетін жер-су,тау аттарын теріп жазыңдар. (Оқушылардың жауабы былайша түзілді)

Етікші,Тарбағатай,Күргейтас,Тентек-Халдай,Айнабұлақ,Арғанаты,Көкшілік, Нұра.


Тұмардың ішінен термен байланып қалған бір уыс қиыршық топырақ түсті жерге.Бұл осыдан қырық жыл бұрын жат өлкеге аттанарда туған жерден түйіп алған топырақ еді.

Қырық жыл бойы көкірек түкпірінде жатқан ұзақ сапар

Жалғыз жортқан жолаушы және жолда көрген қиыншылықтар

Ойға оралған өткен күн немесе жалғыз немере – Төлеутай

Кінәсіз тағылған айып,күтпеген қасірет



Оқиғаның шешімі Шарықтау шегі

Басталуы Байланысы Оқиғаның дамуы

Сөздікпен жұмыс: қозыкөш жер - ... ұшқат - ... мойыл - ... зәузәт - ...

Сұрақ-жауап.



  • Әңгіменің «Қаздар қайтып барады» деп аталу себебін қалай түсінесіңдер?

(Сабақ басындағы ассоциациялық аймаққа қайта оралу)
Қорытынды. Байтас қартты қырық жылдан кейін шекара асыртып,жолда көрген қиыншылықтарына төзе отырып алып келген бір-ақ нәрсе, ол – туған жерге деген сүйіспеншілік,туған жердің топырағы.

Қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәт те ұмыта алмай туған жерге оралған қандастарымыз қаншама! Мұртаза Бұлытай,Майра Мұхамедқызы,Шұғыла Сапарғалиқызы сынды қандастарымыз туған еліне келіп еңбек етуде.

(Үнтаспадан Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалып тұрады,бейнетаспадан қолдарында Қазақстанның туы бар шетелдік қазақтардың туған жерге келіп жатқаны көрсетіледі).

Тағдыр талайымен кезінде тарыдай шашыраған қазақтарымыз дүние жүзінің 55 елінде өмір сүріп жатыр екен.Назарымызды соған аударып көрейік.


АҚШ-та 14 000 Ресейде 740 000




Украинада 15 000 Моңғолияда 100 000
Туркияда 25 000 ҚАЗАҚСТАН Қырғызстанда 45 000


Өзбекстанда 1 550 000 Қытайда 1 500 000


Иранда 12 000 Ауғанстанда 30 000

Тәжікстанда 10 000


- Балалар, «Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол» демекші,өз туған жеріміз өзімізге ыстық.Қай жерде,қай елде,тіпті гүл жайнаған бөтен елде жүрсең де бәрібір саған туған жерің қымбат.Себебі туған жерің – сенің кіндік қаның тамған жер,ата-бабаң ғұмыр кешкен жер,ағайын-туыс,достарың жүрген жер,тарихи Отаның.Сондықтан туған жердің қадірін біліп, өз Отанына қалтықсыз еңбек ету - әрбір азаматтың борышы.Бүгінгі сабағымыздың ұраны «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» болып қалсын!


Бағалау.
Үйге тапсырма: «Отаным десем ойыма ...» деген тақырыпта шығарма жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков. «Қонақтар» (2-сағат)

Сабақтың мақсаты: 1) «Қонақтар» әңгімесіне әдеби талдау жасау,тақырыбын,идеялық-көркемдік мазмұнын ашу,оқушылардың білімдерін қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып жүйеге келтіру;

2) қазақ халқының бойындағы адамгершілік,бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу,үлкенді,ата-ана алдындағы перзенттік борышты ақтауға тәрбиелеу; 3) өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру,түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына,тіл байлығының артуына,өз ойын ашық айтуға,көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал ету.

Сабақтың түрі: білімді жинақтау,бекіту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сатылай кешенді талдау,пікірсайыс,Венн диаграммасы, топтастыру стратегиясы,тірек сызбалары,іздендіру,топтық жұмыс,поблемалық ситуация туғызу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих.

Көрнекілігі: жазушы портреті,сызба кестелер,нақыл сөз,мақал-мәтелдер,маркер.

Сабақтың барысы. Сабақ мақсаты мен ерекшелігі,тақырыбы түсіндірілген соң оқушылар топқа бөлінеді.

І. Үй тапсырмасын сұрау. Балалар,өткен сабақта біз сендермен белгілі жазушы Төлен Әбдіковтың өмірімен, «Қонақтар» әңгімесімен таныстық.Қане,балалар,топтастыру стратегиясы бойынша кім екендігіне тоқталайық.

жазушы драматург

аудармашы хатшы

редактор ТӨЛЕН ӘБДІКОВ сектор меңгерушісі

еуропалық алтын мемлекеттік сыйлық

медаль иегері иегері

Келесі кезекте Төлен Әбдіковтің өмір жолын,қызметін,шығармаларын тірек сызбалары бойынша көрсетейік.

Жаңа тақырып тақтаға жазылады.әр топқа тапсырма беріледі.

І топ. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу.

Тақырыбы: адамгершілік мәселесі.

Идеясы: баланың ата-ана алдындағы перзенттік парызы.

ІІ топ. Шығарманың композициялық құрылымын сатылай кешенді талдау.

1. Әңгіменің басталуы Ерғабыл шал мен кемпірінің әңгімесі.

2.Дамуы Ерекеңнің малын іздеуі,ішкі ойы.

3.Байланысуы Қаладағы баласының келуі.Ауыл қонақтары.

4.Шиеленісуі Сапабек пен әкесі әңгімелерінің жараспауы.Ауыл әні

5.Шарықтау шегі Мазасы кеткен қарт.

6.Шешімі Соңғы үміті орындалмаған қария.

7.Қорытынды Құлазыған көңіл.

ІІІ топ. Сатылай кешенді талдау.Кейіпкерлерге мінездеме




Кеіпкерлері

Ерғабыл қарт

Кемпірі

Сапабек (ұлы)

Тома (келіні)

Жеңіс (немересі)

Ауыл адамдары

Аспандияр (әнші жігіт)



Портрет

Сапабек.Ат жақты,қапсағай сары жігіт.

Тома. Омырау,жеңдері ашық шұбар көйлек киген,шашын қидырған,топ-толық

ақ сары,ажарлы келіншек

Жеңіс.Аяқ-қолы шидей,көзі қитар,алтылар шамасындағы ұл бала.




ВЕНН диаграммасы.


Айырмашылығы

Ұқсастығы

Айырмашылығы

Ерғабыл – ауыл тұрғыны,қарт, оқымаған,көп сөйлемейтін, қарапайым жан

Әкелі-балалы туыстар,ер адам, айтқанынан қайтпайтын бірбеткей

Сапабек – қала тұрғыны,жас, оқыған,өзімшіл,көп сөйлегіш

IV топ Сатылай кешенді талдау. Жазушы тілі






Сөздік жұмысы

Алагеуім – таң енді атып келе жатқан уақыт,апақ-сапақ

Жолай – жолдан соғу,бару

Шақша – насыбай салатын ыдыс

Ноқта – жүген тәрізді мал басына кигізілетін әбзел

Сағағы – мойын,алқым

Көлегейлеп – қолын маңдайына апару,күннен қорғану

Қынжылу – кейбір ренішті жағдайдың жанға батуы,қиналу

Қитар – жөнге келмейтін бірбеткей қыңыр,қисық

Теңеу

Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді.Аяқ-қолы шидей.Жаулықтай

үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті.Сапабек балаларды өзіне қаратқан

мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.



Тұрақты тіркес

Міз бақпады – беті шімірікпеді,бедірейіп тырп етпеді

Ләм-лим демей – үндемей (жұмған аузын ашпау)

Басым сынып – ауырып

Шаш етектен – пайдасы мол

Қолыңның қаруы бар ғой – күшті,әлді

Мызғып – аз ғана ұйықтап алу (көз шырымын алу)

Көзі ілінді – ұйықтап кету

Шыбын шіркей боп жүреді - барынша күтеді

Дисфемизм: алжыған,оттаған,қаңғыбас,омалып.

Мақал-мәтел: қара арғымақ арыса,қарға адым жер мұң болар.
Балалар,сабағымыздың келесі кезеңі – пікірсайыс.Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс-әрекеті,ата-анасына деген көзқарасы дұрыс па,әлде бұрыс па? Сол туралы пікір таластырамыз. Жақтаушы топ,даттаушы топқа бөлініп ойымызды білдіреміз.
Келесі кезекте әр топ қарсыласына дайындап әкелген сұрақтарын қояды.
«А» тобы: Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабекке хат жолдаңдар.

«Ә» тобы: Авторға сұрақ қойыңдар.

«Б» тобы: «Елес жетелеу стратегиясы» бойынша болашақты елестету.

«В» тобы; Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтырыңдар.


Сабақты қорыту:

Менің қорытынды сөзім. (мұғалімнің қорытынды сөзі)

Мұқағали Мақатаевтың «Қариялар азайып бара жатыр» өлеңін орындау.
Үйге тапсырма: «Ата-ананың қадірі», «Ата-ана және балалар» тақырыбына эссе жазу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері

Сабақтың мақсаты: білімділік – Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін өлеңдерімен салыстыра отырып оқытып оқушы бойына дарыту,өлең мен қарасөздерінің мазмұн бірлігін,сабақтастығын түсіндіру;

дамытушылық - әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту;

тәрбиелік – ақынның өлеңдері мен қарасөздерін салыстыра отырып оқушыларды адами қасиеттерге баулу,ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі-өнеге алып,оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тақтада «Даналықты іздесең,Абайды оқы,ерінбе» деген эпиграф және Абайдың портреті,қанатты сөздер жазылған плакаттар,үлестірмелі карточкалар, буклет,журналдар.

Сабақтың өту әдісі: баяндау,сұрақ-жауап,талдау,шығармашылық жұмыс.

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Бірінші тақтадағы эпиграфты оқып,бүгінгі сабақтың ерекшелігі туралы,яғни Абай өлеңдері мен қарасөздерінен даналықты тере отырып талдау жүргізілетіні айтылады.Ол үшін өтілген материалды қайталай отырып еске түсіру керектігі айтылады.

ІІ.Өтілген материалды қайталау. Балалар,біз бүгінгі сабағымызды халқымыздың дана да дара ұлдарының бірі Абай Құнанбайұлына арнамақпыз.Жыр алыбы Жамбыл Абай суретін көргенде:

Мына тұрған Абайдың суреті ме,

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл,қайрат,білімді тең ұстаған

Өр Абайдың төтеген кім бетіне, - деп айтқан екен.Абай туралы білетінімізді ортаға сап,өлеңдерін жатқа оқып,терең ой салар қарасөздеріне үңілейік.


  1. Абай кім? Ол қай жерде туған? Қай жерде оқыған?Абайдың әкесі кім,ол қандай адам болған?Абай ертегі,жырларды кімдерден тыңдап өсті?Абай өлең жазумен ғана шұғылданды ма? т.б.

  2. Абайдң қандай өлеңдерін білеміз?Сол өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтып көрейік.

ІІІ. Жаңа сабақ ғылым,білімге шақырған өлеңін талдаудан басталады. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде неге асық болу,неден қашық болу керек екендігін санамалап көрсетелік» дей отырып,қарасөздерімен салыстыра отырып талдау.

1. Талап – 44-қарасөзі 2. Еңбек – 2-қарасөзі 3. Терең ой – 9-қарасөзі 4. Қанағат – 10-қарасөзі 5. Рахым – 17-қарасөзі.

- Міне,бұл бесеуі адамның асық болатын,үйренетін бес асыл іс екенін Абай ата өлеңінде көрсетсе,өзінің қарасөздерінде ой түйіндеп осылар туралы тағы да айтып өтеді.Ал кәнеки осыларға көз жүгіртелік.

44,2,9,10,17-қарасөздерін оқушылар кезектесе оқып,түйінін ашып,өз ойларын айтады.

Дәл осылайша адам баласының аулақ жүретін бес дұшпанын санамалап,оны қарасөздердегі айтылатын ой-түйіндермен жалғастырып талдайды.

Өсек пен өтірік – 2-қарасөзі,мақтаншақ – 38-қарасөзі,еріншек – 38-қарасөзі.

Қарасөздері мен өлеңдегі өмір сүруді үйрететін нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін оқушылар өз ойларын айта отырып ашқаннан кейін шығармашылық жұмысқа жұмылдырылады. «Атадан ұл туса игі» тақырыбында ой-толғаныс (эссе) жазғызу.Абайға еліктеп қарасөз жазуларына да болады.

IV. Қорытынды. – Балалар,Абай атамыздың асыл сөздерін,өлеңдерін оқи отырып бүгінгі сабақта не үйрендік?Абайды біз кім дейміз?

Осы сұрақ бойынша оқушылар дәптерлеріне топтастыру жүргізіп жазады.

Абай:ұлы ақын,ғалым,философ,көркем әдебиеттің темірқазығы т.б.

V.Білімдерін бағалау.

VI. Үй тапсырмасы: 17-қарасөзін оқу,үзіндіні жаттау,9,10-қарасөздерін қосымша оқу.

«Адамның бекер мал шашпағы» жайында Абай атаға еліктеп қарасөз жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: «Райымбек,Райымбек!» поэмасы.

Сабақтың мақсаты: Поэмадағы қазақ хлқының бастан кешкен қиын кезеңдерінде азаттық үшін арпалысқан алып тұлға – Райымбек баба өмірі,жасаған ерліктері,жорықтары жайлы мағлұмат беру.

Елін,жерін қорғауға даяр болуға шақыру,батыр бабаларды қадірлеуге,құрметтеуге баулу,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.



С
Ойтолғау жүргізу

Ұйымдастыру кезеңі

Бағалау

Сөзжұмбақ шешу

Сабақтың тақырыбы: «Райымбек,Райымбек!»

поэмасы


Деңгейлік тапсырма беру

Бабаның ата-тегі туралы түсінік беру

Бабаның жорықтары жайлы анықтама, мәлімет беру

Оқушымен жұмыс,оқулықпен жұмыс
абақтың өткізілу сызбасы:


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. «Ару-ана» поэмасы бойынша «Құрмаш-Жамал тағдыры» тақырыбында ойтолғау жүргізу.

  3. Сөзжұмбақ шештіру арқылы сабақтың тақырыбын тапқызу.

а) Өлең арнаған қыз досы: Фариза

б) Жан серігі: Лашын

г) Мұқағали курсы бағдарламасының авторы: Жұмаш

ғ) өлеңі: «Үш бақытым»

д) поэмасы: «Атамекен»

з) Аветик Исаакяннан аударған аудармасы: Сократ

4. Райымбек бабаның ата-тегі жайлы түсінік беру.

5. Райымбек бабаның жорықтары жайлы деректер.

Төлен Қаупынбайұлының «Райымбек батыр» кітабы,Ж.Тұрлыбековтың «Тамыз таңы», «Райымбек» атты кітаптары бойынша мысалдар келтіру.

6.Мұқағалидың «Райымбек,Райымбек!» поэмасын мәнерлеп оқыту. Сөздікпен жұмыс жүргізу.

7. Үйге деңгейлік тапсырма беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет