Репортаж жазу қағидасы
Репортаждағы басты мақсат —
оқиғаны елестету, көрсету, суреттеу болып табылады. Мысалы,
газет репортажы ең қиыны. Себебі, оқырман оны оқып отырып, оқиғаны көз алдынан еткізуі
шарт. Бұндағы оқырманның оны көз алдынан өткізіп, сезінуі, бір сөзбен айтқанда, барлығы да
автордың жазу шеберлігіне байланысты. Ал, керісінше, радио мен теледидарда салыстырмалы
түрде жеңілірек. Өйткені, эфирден дауыс, көңіл-күй
естіледі, теледидардан əрі көріп, əрі
естиді.
Репортаж негізінен 3-ші жақта баяндалады. Əйтсе де, онда автордың «мені» айрықша білініп
тұрғаны шарт. Өйткені, оның осы «мені» репортажда оны жəне бір қырынан көрсетуге
көмектеседі. Автор мұнда мəселенің тек сыртына ғана үңіліп қоймай, «өзінің» «мені» арқылы
оқиғаның ішкі тылсымын да түсіндіруге тырысады. Яғни, бұл жерде репортаждың басты
кейіпкері-автордың өзі. Басқа хабарлама жанрлар негізінен болған оқиғаны хабарлаумен
шектелсе, репортаж қысқа жазылатынына қарамастан, құбылысты жан-жақты, барлық
көрінісімен
суреттеуге тырысып, əрекет жасайды.
Енді репортаждың тілдік қүрылымына келетін болсақ, онда репортаж жазу барысында
көптеген нəрселер қамтылады. Мысалы, хабарлау, суреттеу, көрсету, бағалау т.б. Бұл
қасиеттерді қамту автор тілінің тартымдылығын талап етеді. Сондықтан да біз репортаждан
басқа да газет жанрларына тəн элементтерді кездестіріп отырамыз. Бұл жөнінде орыс
зерттеушісі Е.Рябчиков: «Репортаж басқа жанрлардың арасында көрнекті орын алады. Ол
бойына очерк, интервью, есеп, корреспонденция сияқты түрлі жанрлардың ең жақсы
белгілерін жинай білген. Оның басқалардан айырмашылығы —
белсенділігі мен
күрескерлігінде, өмірдің алуан түрлі тақырыптарын қозғай білуінде. Кез келген оқиғаны жаза
отырып, репортер оқиға көріністерін əдемі суреттейді, қатысушы адамдарға мінездеме беріп,
олардың бет-бейнесін шебер жасайды. Сондай-ақ, оқырманға олардың тілдік белгілерін
көрсетуге, езі жазып отырған (завод, цех, т.б.) органдарының ауасымен тыныстатуға
тырысады», — деп жазған.
Репортаж, əдетте, бір оқиға төңірегінде жазылғандықтан нақты фактіге құрылуы керек. Басты
міндет — шындықты көрсету. Жалпы алғанда, репортаж ауызекі сөйлеу жəне
кітаби стилмен
жазылады. Ал, ауызекі сөйлеу стилі болса, автордың «менімен» тығыз байланысты. Бəрімізге
белгілі бұл екі стилдің жазылуы өте жеңіл əрі баршаға түсінікті болып келеді. Бұған себеп,
репортаж қысқа болған соң, оған түсінікті, қарапайым тілмен жазылу тəн. Тегі, репортажды
жақсы жазамын деп əрсіз метафора, эпитет, қиын да күрделі метонимия, əлсіз əсерлі ету
құралдарын қолдану дұрыс емес. Себебі, дұрыс қолданыс таппаған тіркестер, материалдың
шынайы реңін, əрін жояды. Бұл жерде тағы бір ескеретін жай репортажды əсерлі
етіп жазудың
екінші бір жолы — диалогты қолдану. Егер автор өзінің айтар ойын оқырманға диалог арқылы
ұқтыра алса, репортаж көркемдігі одан əрі арта түсері сөзсіз
Қалыптастырушы бағалау.
Оқушының аты-жөні:__________________________________________________