Сабақтың тақырыбы: №14 Графиктер мен диаграммалар құру. Excel де диаграммалар тұрғызу. Диаграмманы түзету



бет2/4
Дата17.12.2022
өлшемі3.06 Mb.
#467392
түріСабақ
1   2   3   4
Графиктер мен диаграммалар құру дәріс 6

Егер мәліметттер ауқымы алдын-ала берілген болса, Диаграмма шебері терезесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан алдын-ала қарап шығу аймағында тұрғызылатын диаграмманың жуық бейнесі пайда болады (8,2-сурет). Егер мәліметтер бірегей тік төртбұрышты ауқымды қамтитын болса, ондаа оны Мәліметтер ауқымы (Диапазон данных) қыстырмасы бойынша таңдап алған қолайлы. Егер мәліметтер бірегей топтан емес, жеке қатарлардан тұрса, онда мәліметтерді Қатар (Ряд) қыстырмасы бойынша енгізген дұрыс.


8.2-сурет. Диаграмалар шебері (4-тен 2 қадам): диаграмма мәліметтерінің көзі терезесі.
Диаграмманы безендіру

Диаграмма шеберінің жұмысының үшінші сатысы (Ары қарай батырмасын шерту арқылы алынады) диаграмманы безендіруден тұрады (8.3-сурет). Диаграмма шебері терезесінің қыстырмаларына төмендегі параметрлер енгізіледі:

  • диаграмманың аты, осьтерінің атаулары (Тақырыптары(Заголовки) қыстырмасында);

  • координаттық осьтердің кескінделуі мен белгіленуі (Осьтер қыстырмасында);

  • координата осьтеріне параллель тор сызықтардың кескінделуі (Тор сызықтар(Линии сетки) қыстырмасында);

  • тұрғызылған осьтердің сипаттамасы (Атаунама(Легенда) қыстырмасында);

  • Графиктегі мәліметтердің жеке элементтеріне сәйкес келетін атауларды бейнелеу (Мәліметтер қолтаңбасы(Подписи данных) қыстырмасында);

  • Графикті тұрғызуда пайдаланылған мәліметтерді кесте түрінде көрсету (Мәліметтер кестесі(Таблица данных) қыстырмасында).

8.3-сурет. Диаграмалар шебері (4-тен 3 қадам): диаграмма параметрлері терезесі.


Диаграмманы орналасmыру . Ары қарай(Далее) батырмасын шерту арқылы Диаграмма шебері жұмысының соңғы сатысына көшеміз. Бұл терезеде диаграмманы жаңапараққа немесе бұрынғы жұмыс парақтарының біреуіне орналастыратынымыз жайлы сәйкес өрістердің біреуіне жауап береміз. Дайын (Готово) батырмасын шертіп, өзіміз көрсеткен паракта орналасқан дайын диаграмманы аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет