Сабақтың тақырыбы 15 сабақ Жануарлар арасындағы қарым- қатынас


Т ж Мәтінді оқиды топта өз ойларын айтады От шашу әдісі арқылы бағаланады



бет4/5
Дата19.05.2022
өлшемі36.93 Kb.
#457296
түріСабақ
1   2   3   4   5
Т ж Мәтінді оқиды топта өз ойларын айтады От шашу әдісі арқылы бағаланады


Көршілер. Ұж Сұрақтар ілмегі әдісі ҚБ мадақтаулар ауызша
«Суреттегі қай жануарлар жұбының арасында бәсекелестік болуы мүмкін?» (Тиін мен тоқылдақ арасында).
Олар не үшін бәсекелесуі мүмкін? (Қыс мезгілінде екеуі де жәндіктер жоқ кезде ағаш қуыстарын мекендейді, тоқылдақ дән мен жаңғақты қорек қылады.)
Бұл тек туыстас жануарлар ғана бәсекелесетінін білдіреді ме? (Иә, әртүрлі жануарлар да бәсекелеседі.)
Тиін мен бұлан арасында қандай да бір байланыс болуы мүмкін бе? (Тікелей қатысы жоқ, бірақ олар бір жерде мекендейді).


МТ Жануарлардың бір-біріне ықпал жасамайтын қарым-қатынасты қалай атаймыз? (Тәуелсіз, бейтарап). Жануарлар арасындағы мұндай байланыс түрін нейтрализм деп атаймыз»,
Бір түрге жататын жануарлар әртүрлі тіршілік ортасы жағдайларына бейімделе алады. Мысалы, аралар, ешкілер тауда да, далада да өмір сүреді, түлкі мен қасқырлар дала мен орманда да тіршілік ете алады. Тіршілік жағдайларының айырмашылығын жануарлардың сыртқы белгілерінен, көлемі мен өзіне тән ерекшеліктерінен байқауға болады.
Бірнеше мысалдар келтірейік. Асыл тұқымды және пампас бұғылар. Бірі орманда тіршілік етеді, екіншісі саваннаның құрғақ топырағын мекендейді.
Пампас бұғылар асыл тұқымды бұғыларға қарағанда әдемірек, тұрқы шағындау, ашық сары түсті, денесінің төменгі бөлігі ақшыл.
Сұр қасқыр, койот, қорқау қасқыр. Қасқыр орманда мекендейді. Қорқау қасқырлар қалың қамыс арасында немесе қаптап өскен бұталы жерлерде жүреді.
Шакал қасқырға қарағанда жеңіл, аяғы ұзындау, реңі ашық түсті. Қорқау қасқырдың құлақтары
тік, түгі қасқыр мен шакалға қарағанда ұзындау, құйрығы үлпілдек, қоңыр реңді болады.
Дала және орман бизоны. Дала бизондарының түсі ашықтау, қалың сақалды, бастары ірі болып келеді. Олардың көлемі шағындау әрі орман бизонынан жеңіл болады.
Бәсекелестік – ресурстар үшін тірі ағзалардың бір-біріне қарсылық көрсетуі. Оларды түраралық және түрішілік деп жіктеуге болады. Түрішілік бәсекелестік – бір түр арасындағы мекен, қорек және жанұясы үшін күрес. Түраралық бәсекелестік – өз алдына жеке бірнеше түр арасындағы, әдетте, азық үшін болатын күрес.
Бейтарап қарым-қатынас – жануарлардың бір-бірлеріне айтарлықтай ықпал жасамай тіршілік етуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет