9-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат.
Сабақтың мақсаты:
Республикадағы қоғамдық-саяси өмір,ашаршылыққа қарсы күрес, жер-су реформасының нәтижелерін,
Жаңа экономикалық саясаттың қиыншылықтары мен табыстары жайлы айта отырып,оқушылардың тарихи санасын одан әрі қалыптастыру.
Оқушыларды ұлттыұ-патриоттық тәрбиеге баулу.Шығармашыл, белсенді тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың жоспары І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақтың жоспары
IV. Сабақты бекіту:
V. Бағалау:
VI. Үйге тапсырмасы
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақ АКСР – інің құрылуын ел тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі деп тануға негіз болатын қандай факторлар бар?
Қазақ жерін Қазақ АКСР інің құрамына біріктіру үрдісіндегі қиындықтардың түпкілікті себептері неде?
ҚазақАКСР інің құрылуының тарихи маңызы неде?
Қазақ АКСР – інің құрылуына тарихи балама жол болды ма?
Жаңа сабақтың жоспары:
Қоғамдық-саяси ахуалдың ауырлауы.
Ашаршылықтың басталуы және оның себептері мен салдары.
Жер-су реформалары .
Жаңа экономикалық саясат тудырған қиындықтар және экономикадағы өрлеу нышандарын.
Сабақты бекіту:
Азамат соғысы жылдарында өздерің тұрған жерде қандай оқиғалар болғанын анықтаңдар.
Автономияның алғашқы жылдарында қалыптасқан саяси ахуалға баға беріңдер.
Қазақстандағы 1921 – 1922 жылдардағы аштықтың себебі не және оның зардаптары қандай болады?
ЖЭС-тің мазмұны мен мәнін қалай түсінесіңдер?
Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы кезеңінде Қазақстан еңбекшілері қандай табыстарға қол жеткізді?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §13.
Достарыңызбен бөлісу: |