Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы»


Әкесінің жиынына қатысқан Абай



бет3/5
Дата20.05.2022
өлшемі89.46 Kb.
#458124
түріСабақ
1   2   3   4   5
2. Әкесінің жиынына қатысқан Абай
Майбасардың атшабары Қамысбай келіп, Абайды әкесі шақырып жатқанын айтты. Абай қонақ үйге қарай беттеді. Келсе, іште Құнанбай, Майбасар мен Жұмабайдан басқа осы тобықты ішіндегі рулардың белгілі адамдары отыр екен. Олар: Көтібақ руының рубасы Байсал, Жігітек руының рубасы Бөжей, Бөкенші руының рубасы Сүйіндік, Көкше руының рубасы Қаратай. Арасында жас жігіт Байсалдың немере інісі Жиренше тағы бар. Бұл жиынды Бөкенші руының кірмелеу туысы саналатын Борсақ руының адамы Қодар деген қарашаның мәселесін талқылау үшін жинаған еді.
3.Қодар мен Қамқаға берілген жаза
Құнанбай үйінде болған жиыннан кейін рубасылар мен елдің игі жақсылары Қарашоқы деген жерге жиналып, Қодар мен Қамқаны сол жерге алдыртады. Қодар жігіттерге кәдімгідей қарсылық танытқан, бірақ көптің аты көп, ақыры оны байлап, Қарашоқыға алып келген. Қамқа діттеген жерге жақындағанда өзіне жабылған жаланы естіп талып қалады. Қодар болса, Құнанбай бастаған топқа қарап «Мен көк ит болсам, сендер көп итсіңдер. Ақ-қарамды тексермедің бе, өңкей қан жұтқан қара бет!»-деп айқайлайды. Бірақ оларға ешкім араша түсе алмайды. Жігіттер сүйреп атасы мен келінін бір атанның екі жағына байлап, дарға асады. Атан қайта шөккеннен кейін Қодар әлі де тірі болғандай еді, оны Құнанбай құздың басынан тастауды бұйырады. Кейін жиындағы адамдарға өлікке тас лақтыруды тапсырады.

  1. Абайдың ауырып қалуы

Қарашоқыға Абай мен Жиренше келеді. Олар жиын туралы аңшылықта жүріп, аяқ асты естіген. Ести сала осы маңға шауып келген. Құнанбайдан араша сұрап, Қодар мен Қамқаны аман алып қалуды ойлаған еді. Бірақ үлгермеді. Абай әкесінің қатыгездігін көріп, ауылына қарай шауып кетеді. Жол бойы ол ересектердің әрекеті туралы ойланып, ұзақ жылайды. Осы оқиғадан кейін Абай ұзақ ауырады. Төсектен тұра алмай жатады. Бұл уақытта ол әжесінен көп жыр-дастан, ертегілер, елде болған түрлі оқиғаларды естиді. Арада бір айдай уақыт өткенде ғана Абай өз-өзіне келе бастайды. Бұл кезде ел жайлауға көшіп келген еді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет