Сабақтың тақырыбы: Абайла жолда, балақай!


МАИ қызм: Ұзын құлақ сұр қояным-ай, қайғы жамылдың-ау!  Дәрігер



бет2/5
Дата10.09.2024
өлшемі0.82 Mb.
#503558
түріСабақ
1   2   3   4   5
Тәрбие сағаты Жолда жүру ережесі

МАИ қызм: Ұзын құлақ сұр қояным-ай, қайғы жамылдың-ау! 
Дәрігер: Қай жерің ауырып жатыр? Қазір сені тексерейін. 
Қоян: Аяғым ауырып жатыр.(Айқайлап жылап жібереді) 
МАИ қызм: Жылама, шыда, қоянжан! Бағдаршамға қарап, жол ережесін сақтағаныңда мұндай пәлеге ұрынбас едің? Дәрігер, қоянның жағдайы енді не болмақ? Ол енді жүре ала ма?
Дәрігер: Қоянның аяғын гипстеп ауруханаға жатқызамын.(Жедел жәрдеммен қоянды алып кетеді)
МАИ қызм: Көрдіңдер ме, қоянның басынан қиын жағдай өтті.Сендер жолдан өткенде бағдаршамға қарайсыңдар ма? Бағдаршам дегеніміз не? 
(Ортаға бағдаршамның үш түсі болып оқушылар шығады.) 
Жасыл түс: Сақта көше тәртібін 
Бағдаршамның ал тілін 
Біліп алдым мен де 
Жасыл жанса демде 
Алға кетем лезде 
Сары түс: Сары жанса сабыр 
Сақтай тұрам әзір 
Қызыл түс: Жанса қызыл шоқтай
Қаламын кілт тоқтай. 
МАИ қызм: Ал енді, балалар, ауруханаға телефон соғып , қоянның жағдайын білейін. 
(Осы кезде бағдаршамның үш түсі дауласады.) 
Қызыл түс: Мен мықтымын!1 Егер қаласам, машина, адамдар, бүкіл қозғалысты бір орнында тоқтатып тастаймын. 
Сары түс: Жоқ, мен күштімін!(Бағдаршам бұзылып қалады) ( светті сөндіру )
Жасыл түс:
Мен барлығына жолдан өтуге рұқсат беремін. 
МАИ қызм: Бұл не деген айқай-шу? (ысқырады) 
Балалар: Бағдаршамның шамдары айқайласып жатыр. 
МАИ қызм: Енді бағдаршамсыз қалай болар екен,ә? Маған көп салмақ түсетін болды ғой. 
Хормен(балалар) Дауласуды қояйық, (светті жағу )
Жарықтарды жағайық 
Бағдаршам-ау, бағдаршам
Достасып тату болайық.! 
МАИ. Рахмет, сендерге достарым! Сендерге айтатын қуанышты хабарым бар. Қоян бүгін ауруханадан жазылып шығады. Қоянды қарсы аламыз ба, балалар? 
Қоян: Балалар, менен бір қателік кетті! Мен жол ережесіне мән бермеппін. Мен енді қайталамаймын .
Мұғалім : Міне балалар сендер қалай ойлайсыңдар ?
Қоянның істегені дұрыс па ?
Әрине дұрыс емес .
Сендер мұндай қателікке ешуақытта жол бермейсіңдер ғой я.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет